344 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

инвестиция-1Ең алдымен сіз өзіңізге білімнің қай саласы және не үшін қажеттігін анықтап алуыңыз шарт. Егір сіздің ниетіңіз дұрыс болса және жоспарыңыз алыс болашаққа арналып жасалса, онда ойыңызға алған мақсатыңыз қай бағытта даму қажеттігін айқындауға көмектеседі. Одан әрі білім беру көзінің сенімділігіне назар аударыңыз. Мұнда ең алдымен мына жайларға көңіл бөлген жөн:

1 Сіздің жеке өмірлік тәжірибеңіз бен білім;

2 Басқа ақылды адамдармен араласа жүріп алған тәжірибеңіз бен біліміңіз;

3 Колледждер мен университеттерден оқып алған білім;

4 Кітапханалардан алған білім (кітаптар мен мерзімдік басылымдарда адамзат баласы жинақтаған барлық білім шоғырланған);

5 Арнайы оқу курстары (кешкілік мектептер және үйде оқылатын ақылы сабақтар).

Білім өз бетінше ешқандай да құндылыққа ие емес. Сондықтан алған білімді жүйеге түсіріп, ойыңызға алған мақсатыңызға жеткізетін нақты қадамдар жасауға жарамды етуіңіз қажет. Ал бұл үшін кітабымызда бұдан бұрын айтып кеткеніміздей, сіздің нақты әрекетке арналған жоспарыңыз болуы керек.

Егер сіз өзіңізге қосымша білім қажет деп санасаңыз, онда бұның не үшін керектігін біліп алыңыз, содан кейін ғана ондай білімді қайдан, қалай алуға болатынын анықтаңыз.

Қандай кәсіпте болмасын, нәтижеге жеткен жандар өз саласына қатысты арнайы әдебиеттерді оқуға деген ынталылығын жоғалтпаған. Керісінше, өмірде жолдары болмаған адамдардың көбі мектепте оқып алған білімдерін жеткілікті санайды. Шын мәнінде жалпы білім беру жүйесі адамның болашақта қай бағытпен жүруіне болатындығын анықтауға ғана көмектеседі, ал мақсатқа жеткізетін нақты білімді алу адамның өзіне байланысты.

Қазіргі заманның талабы – бұл арнайы мамандандырылған білім алу. Бұл ақиқатты газет бетінде жарияланған Колумбия университетінің мамандар жөніндегі директоры Роберт П. Мурдың мақаласы нақтылай түседі.

Мамандар қажет

Компанияға қызметке алынатын үміткерлер арасында бизнес мектептерін бітірген есептілік пен статистикаға, салалық инженерлік білімге, журналистерге, архитекторлар мен химиктерге және мектеп бітірген белсенді жастарға артықшылықтар беріліп жатады.

Басқа студенттер арасынан үздік деп танылатындары өзгелерден барлық салалар бойынша жоғары тұратын аса белсенділері және қосымша жұмыстарда ерекше көзге түскендері. Осындай үздік үміткерлер бір мезгілде бірнеше, тіпті алтыға дейін түрлі компаниялардан шақырту алып жатады екен.

Мистер Мурдың хатында көрсетілгендей, аса ірі индустриалдық компания үміткерлерге қойылатын ерекше талаптарын былай тұжырымдапты: «Біз өнеркәсіпті өз бетінше және жаңашылдықпен басқаруға қабілетті адамдарды іздейміз. Сондықтан да, біз жеке тұлғаны бағалағанда қарапайым арнайы білім тұрғысынан емес, интеллектуалдық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлеміз.

Оқу жүйесіндегі тәжірибе

Мистер Мур жазғы демалыс уақытында студенттер офистер мен дүкендерде және өндіріс орындарында өздері қалаған мамандықтарына сай практикадан өтуге тиіс екендігін, егер студент өзіне ненің ұнайтынын айқындамаған болса, академиялық демалыс алуы қажеттігін айтады.

«Колледждер мен университеттер студенттердің қалаған мамандықтарына сай өндірістік практика тәжірибесі жөнінде оқыту қажеттігімен ұшырасты» деп жазады ол. Бұл арада негізгі жауапкершілік білім беретін мекеменің мойнына түседі.

Арнайы мамандандырылған білім берудің ең қолжетімді және оңтайлы түрі ірі қалаларда көп кездесетін кешкі мектептер болып саналады. Пошта қатынасы орнаған АҚШ-тың барлық елді мекендерінде сырттай оқыту жүйесі енгізілген. Үйде оқудың оңтайлылығы сонда, оқу бағдарламасы ыңғайлы етіп жасалған. Онда сіздің қандай шапшаңдықта, қалай білімді меңгеруіңіз ескеріледі. Бұндай білім беру тәсілінің тағы бір артықшылығы, негізгі оқу курстарына арнайы білімге қажетті құнды кеңестер берілетіндігінде. Бұл арада сіздің қай жерде тұратыныңыздың еш маңызы жоқ.

Сонымен бірге, оқу ақшасын төлегеннен кейін сіз жалғыз өзіңіз, болмаса басқа серіктеріңізбен бірлесе оқуыңызға болады.

Алдағы уақытта да Напалеон Хилдің «Ақылменен ақша тап» кітабынан үзіділер жариялап отырамыз. Бұл кітаптан сіз өзіңізге қажетті көптеген құнды ақпараттар табарыңыз анық.

 

 

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика