Алтын ғасыр бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ертегілерде айтылатын «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» алтын ғасыр болған ба? Қазақта «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген нақыл сөз бар. Яғни, бір нәрсе жайлы түсінік бар екен, онда оның өмірде де болғаны. Жалғыз қазақ халқында емес, әлемнің көптеген халықтарының аңыздарында  барша адам молшылықта өмір кешкен қайғы-мұңсыз алтын ғасыр туралы аңыз әңгімелер бар. Мұндай аңыз әңгімелердің аспаннан түсе салмағаны анық.

Алтын ғасыр қашан болған?

Аңыз әңгімелерде айтылатын ерте заманда болған алтын ғасыр туралы бүгінгі ғылым ештеңе айтпайды. Материалистік түсінікке негізделген қазіргі ғылымның пайымында, саналы адамның пайда болғанына жүз мың жылдай ғана уақыт өткен. Маймылдан жаралған адам ақырындап дамып, бүгінгі ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Дегенмен де, әлемнің әр түкпірінен қазіргі ғылыми түсінікті теріске шығаратын археологиялық деректер көптеп табылуда. Оны ғылым қанша жасырмақ болғанымен, уақыт өткен сайын, ондайлардың саны көбейіп, жасыру мүмкін болмай барады. Мәселен, ұзындығы 20-30 метрлік алып адамдардың қаңқасы. Алып адамдардың сыртқы кейпі қазіргі адамнан еш аумайды. Миллиондаған жылдар бұрын өмір кешкен сондай алып адамдар туралы не білеміз? Ештеңе де.

Ғылым бұл жайында ауыз ашпай, керісінше табылған деректерді жасырып әлекке түссе, алып адамдар туралы мәліметтерді біз қасиетті кітаптардан таба аламыз. Інжілде алғаш жаратылған Адам атаның бойы 60 шынтақ болған еді дейді. 3 шынтақты бір метр десек, 60 шынтағыңыз 20 метр болып шығады. Яғни, Адам ата мен оның замандастарының бойы 20 метрдің деңгейінде болған.

Ал Веда ілімін жинақтаған Шримад Бһагаватам кітабында кезектесіп келіп отыратын 4 дәуір туралы жан-жақты айтылады. 1-дәуір: сатья юга, яғни алтын ғасыр. Ол заманда адамдардың бойы 20-30 метрге жетіп, 100 мың жылға дейін өмір сүрген және бұл дәуірде барша адам иманды болып, құдай жолымен жүрген. Ұрлық, тонау, басқа да жаман қылықтар болмаған.

2 дәуір: трета юга, яғни күміс ғасыры. Мұнда адамдардың бойы біршама қысқарып, өмір жастары он есе азайған. Бұл дәуірде пенделер 10 мың жыл ғұмыр кешкен. 3-дәуір: двапара юга, яғни мыс ғасырында өмір сүру мөлшері тағы да он есеге азайып, ол дәуірде адамдар 1000 жыл жасайтын болған. Соңғы дәуір: кали юга немесе темір ғасырында адамдардың жас мөлшері 100-ге дейін кеміп, бойлары да кішірейген.

Біз қазір ең соңғы дәуір: кали югада өмір сүріп жатырмыз. Бұл дәуірдің алғашқылардан ерекшелігі сонда: күнакарлық белең алады, имансыздық адамдардың санасына берік орнығады. Сондықтан, бұл дәуірдегі өмір өте ауыр, қиындықтарға толы болады.

Темір ғасыры қанша уақытқа созылады?

Веда өркениетінің ірі шығармаларының бірі болып табылатын – Махабхарата кітабында осыдан бес мың жыл бұрын әлем екіге жарылып, бүгінгі Индия аумағындағы Курукшетра алқабында қырғын қантөгіс соғыс болғаны жазылады. Міне, осы соғыстан кейін жер бетінде кали юга, яғни темір ғасыры орныға бастайды. Яғни, темір ғасырының басталғанына 5 мың жылдай уақыт өткен.

Веда күнтізбесіне сай кали юга дәуірі 432 мың жылға созылмақ. 432 мыңнан 5 мың жылды алып тастасақ, 427 мың жыл қалады. Яғни, әлі сонша жыл кали юга дәуірі үстемдік етпек. Қазіргі жер бетіндегі арсыздық пен қылмыстың, имансыздықтың жыл санап өршіп бара жақтанының басты себебі – кали юга дәуірінің өз күшіне барған сайын еніп бара жатқанының белгісі.

Әкесі туған қызын зорлап, жүкті қылып жатса, басқаны қойып, бес-жеті жастағы сәбилерді зорлап жатса, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің ашына болуы белең алып бара жатса, бұның бәрі күнакарлық жайлаған темір ғасырының адам санасына тигізіп жатқан ықпалы екендігі даусыз.

Қыс мерзімін ұнататын адам аз, дегенмен де ол бізге ұнай ма, жоқ па, біз оны қалаймыз ба, жоқ па – оған қарамастан уақыты келгенде қыс келеді. Сол сияқты күнакарлық пен арсыздық жайлаған темір ғасырын біз қалаймыз ба, жоқ па – уақыты келді, енді ол өз күшіне еніп жатыр. Біз оған ештеңе де жасай алмаймыз. Адам баласы Тәңір белгілеген 4 кезеңнен тұратын дәуірлер алмасу жүйесін өзгертуге қауқарсыз, оны тек Жаратқанның Өзі ғана, қаласа өзгерте алады.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика