472 көрілім

ақшаНапалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабын аударуды онан әрі жалғастырып, назарларыңызға мол пайда алу үшін мол қаржы салу қажеттігін дәлелдейтін кітап тарауын ұсынып отырмыз. Әрине, ақшаны білікті маманның ақылымен тиімді іске ғана салуға болады. Сонда ғана салған бес теңге, елу, жүз теңге болып оралады.

Белсенді бизнесте сенім, ең алдымен өзіңе деген сенім мен өзгелерге сенім білдірусіз нәтижеге жету мүмкін емес. Осыған орай, біз кәсіпкерлікпен айналысып, табысқа жетушілердің ұстанатын негізгі ұстанымы туралы айтпақпыз. Ол ұстаным мынадай: алу үшін ең алдымен беру қажет.

Бұл ұстанымның өміршеңдігін дәлелдеу үшін 1900 жылдары құрылған «Юнайтед Стейтс Стил» корпорациясының тәжірибесін негізге алсақ жеткілікті. Бұл жайында оқи отырып, корпорацияға шексіз байлық әкелген шарттарды санаңызда ұстаңыз. Байлыққа қалай жетуге болатыны туралы армандайтындар үшін бұл корпорацияның тарихы үйренуге тұрарлық. Егер сіздің санаңызда кітабымызда айтылған ойлану арқылы адам ерте ме, кеш пе нәтижеге жетеді деген ұстанымға сенімсіздік болса, бұл оқиғаның одан арылуға көмектесері анық.

1900 жылдың 12 желтоқсанында Американың сексенге тарта қаржы алпауыттары Батыстан келген жас жігітіне арнап  ұйымдастырылған бесінші авеньюдің университет клубындағы банкет залында бас қосты. Олар дәл сол күні АҚШ өнеркәсібіндегі үлкен тарихи құбылыстың куәгерлері болатынын сезбеген еді.

Дж. Эдвардс Симменс пен Чарьлз Стюарт Смит таяуда ғана Питсбургте болғандарында жылы қабылдаған Чарьлз М. Швабқа деген алғыстарын түскі қонақасы берумен өтегілері келген және 38 жастағы болат саласының білгірі атанған кәсіпкерді «шығыс тобы» банирлерінің құрамымен таныстыруды ойлаған.

Екі қожайын мен оның қадірлі қонағы 7-8 түрлі астан тұратын түскі қонақасына жеп отырды. Олар қонақасы кезінде әлдене жайында айтып, сөйлесіп отырған, дегенмен олардың не жайында әңгімелескендері ешкімге белгілі болмады. Банкирлер мен брокерлердің ешқайссы да Мононгахил жағалауында іскерлігімен әйгілі болған  мистер Шваб туралы көп білмейтін. Қонақасы бітпей жатып үлкен жаңалыққа жол ашылды: «Найтед Стейл Стил» корпорациясы дүниеге келді.

Осы қонақасыға қатысқан адамдардың ешқайссының басына қонақасы кезінде  айтқан Чарьлз Швабтың сөзін жазып алу келмепті. Оның сөздері соншалықты шешен және әдеби тілмен айтылғандай жатық шыға қоймаса да, өткір ақылдан туған санаға әсер ететін сөздер болғаны анық. Ең бастысы, бұл сөз осы қонақасыға қатысып отырған алпауыттар тарапынан бес миллиард долларды жаңа идеяға жұмсауға түрткі болған еді. Ол қонақасында 19 минут сөйлеген. Сөзін аяқтасымен терезе алдында аяғын айқастырып отырған қаржы алпауыты Дж. П. Морган оны өзіне шақырып, бір сағат бойы сөйлесті.

Швабтың сыйқырлы сөзі өз дегенін істеді, сол тұста түйініне жеткен болат өндіру көлемін арттыру жөніндегі бағдарламаны қолға алуға серпін берді. Оған дейін де қалталы банкирді түрлі жобалар арқылы қаржы салуға қызықтырып баққандар аз болмаған. Ондай жобалардың арасында болат өндірісі де бар-тын. Дегенмен, Морган ондай ұсыныстардың бәріне сенімсіздікпен қарап, ол жобаларды ақымақтық деп санап келген-ді. Тек Швабтың сөзі банкирді биіктерге көтеріп, өзіне түсетін мол пайданы көруге көмектесті.

1900 жылдың 12 желтоқсанындағы сөзінде Шваб болат өндірісінің әлемдік деңгейге көтерілетінін, оны қайта құру арқылы рентабельділігін арттыру қажеттігін, тиімсіз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды жауып, өркендеуге бағыт алған шаруашалықтарды дамыту, тасымалдау мәселесін оңтайландыру сияқты маңызды жайларға назар аударды.

Чарльз Шваб өз сөзінде сол тұстағы бизнес алпауыттарының қателіктерін ашып айтты. Монополия құру арқылы өздеріне тиімді бағаны ұсына отырып табыс табу тиімсіз, өйткені ол нарықты шектеп, өнеркәсіптік үстемдік кезеңінде ғана пайда түсіреді деді ол. Жұртқа тиімді арзан болат оны пайдаланудың жаңа көздерін табуға итермелеп, тұтыну көлемі шарықтап өседі. Сол арқылы түсетін пайда көлемі де шексіз артады деді Шваб.

Түскі қонақасы кезінде басталған бұл оқиғаның соңы немен бітті дейсіз ғой? Пистбургте болат өндірумен айналысатын ортақол компнияның президенті болған Чарльз Шваб компания қожайыны Карнегиді компанияны 400 миллион долларға Морганға сатуды ұсынып, ол қолдау тапты. Болат өндірісі тоқырауға түскен сол кезеңде 400 миллион доллар өте тиімді баға болатын. Морган қыруар қыржы салып болат өндіретін компаниялардың басын қосып, ірі корпорация құрды және оның президенті болып Ч.Шваб тағайындалды. Ол осы корпорацияның басшылығын 1930 жылға дейін ұстады. Сөйтіп, провинциялық менеджер әлемдік деңгейдегі алпауыт корпорацияның басшылығына келді. Және оның ұсынысын қолдаған банкир Морган салған қаржысын еселеп қайтарып, пайдаға шаш етектен кенелді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика