Алып күш иесі – Қажымұқан

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

59Адамзат тарихында бойында алып күші бар ерекше жаратылған жандар аз болмаған. Олар туралы халық аңыз әңгімелер, жырлар шығарып, есімдері мен ерлік істерін әспеттеп есте сақтаған. Қазақтың батырлар жырларының кейіпкерлері Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батыр сияқты алып күш иелері, қайтпас қайсар жаужүрек, мыңға жалғыз шапқан батырлар халықтың есінде әлі күнге дейін сақталып келеді.

Күш атасын танымас.

Ресейдің боданы болып, отарлық езгіні бастан кешкен қазақ халқының атақ-даңқын әлемге таратқан алып күш иесі, палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың орны ерекше. Ол жаурыны жерге тимеген палуандығымен қатар, циркте жұртты тамсандырған небір керемет нөмірлерін көрсеткен алып күш иесі де болды.

Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысына қарасты Қараөткел деген жерде кедей отбасында дүниеге келеді. Палуанның анасы аса күшті адам болған деседі. Ол құдыққа құлаған құлынды көтеріп шығарыпты.
«Алып – анадан» демекші, сондай анадан туған Қажымұқан да бала кезінен денелі, мығым және аса күшті болады. Қатарларының бәрін жеңіп, жаурыны жерге тимеген бала палуан атанады. 1880-ші жылдары ол Қызылжар қаласында Масляков деген бай көпеске жалданып жұмыс жасайды.
Бірде Қажымұқан байдың малы үшін қырдан шөп әкелу үшін барғанында қарға оппалап, болдырған ат өліп қалады. Сонда жас жігіт өлген атты шөп тиелген шананың үстіне салып, оны сүйреп қалаға әкеледі. Көшеде мына таңғажайып көріністі көрген жұрт жас жігіттің алып күшіне таң-тамаша қалады.

Ваня ағайдың палуандар мектебінде.

Сол жылы жазда Қызылжарға цирк келеді. Онда Ресейге танымал бірнеше палуан өнер көрсетіп, оның соңы күреске ұласады. Цирк палуаны қарсы келгендердің бәрін жығады. Содан шыдамаған Қажымұқан бір кезде атақты цирк палуанымен белдесуге тәуекел етеді. Қайран қаларлығы сол, палуандық өнерді меңгермеген алып күш иесі Қажымұқан цирк палуанының жаурынын жерге тигізеді.
Осы жиынға қатысқан бір қайрымды жан жас жігіттің мына өнеріне қайран қалып, сол арада жұрттан ақша жинап, жеңіп алған сыйлығына қоса оған береді. Және қолына Петрбордағы атақты палуандар мектебінің иесі Лебедевке хат жазып тапсырады. Осылайша Қажымұқан Ваня ағай атанған атақты Лебедевтің палуандар мектебіне түседі.

Ол палуандар мектебінде жаурыны жерге тимеген атақты Иван Поддубный, Иван Заикин. Иван Шемякин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Георг Геккеншмидт сияқты алып күш иелерімен бірге жаттығады. Қыр баласы палуандар күресінің қыр-сырын тез меңгеріп, түрік әлемінде бұрын-соңды ешкім қол жетпеген жетістіктерге жетті.
Әлемдегі ең күштілердің санатында.

Қажымұқан палуан әлемнің 54 мемлекетінде болып, түрлі жарыстарға қатысып, 48 медаль олжалаған екен. Ол талай дүркін әлем чемпионы атанып, түрлі дүбірлі жарыстардың жеңімпазы болған.
Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан.

Бұратана халықтың өкілі Қажымұқан палуанның жолында ұлтшылдық шовинистік пиғылдан туған талай кедергілер кездесті. Оны Муханура, Қара Иван сияқты түрлі лақап аттармен күреске шығарып, қазақ екендігін бүркемеледі. Талай рет жеңіске жеткен жерінде нәсілшіл, ұлтшыл төрешілердің қараулығынан жарыстан шығарылған жайлары болды. Бірақ солардың бәріне қарамастан, Қажымұқан Мұңайтпасов өз дәуірінің ең ұлы палуандарының санатында болды.

Кеңес заманындағы қуғын-сүргіндер.

1937-38 жылдары мыңдаған, миллиондаған жанның басын жалмаған репрессия Қажымұқан палуанды да айналып өтпеді. Патшаның қолынан сыйлық алған деп жала жабылып, қуғынға түскен ол туған жерін тастап Түркістан, Өзбекстанға барып бассауғалады. Бір кезде қазақтың атын әлемге танытқан алып күш иесі тұрмыстың тауқыметін тартып, көп қиындықтарды бастан өткерді.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан кеңестік үкімет басшыларына барып, ел арасында өнер көрсетіп, жиналған ақшаға қару алуға көмектесейін деген ұсыныспен шықты. Үкімет тарапынан бұл ұсыныс қолдау тауып, қарт палуан көшпелі цирк ұйымдастырып, ел-жұртты қайран қалдырған талай ғажайып нөмірлерін ортаға салды. Жиналған ақшаға ұшақ құрастырылып, ол ұшақ жауға қарсы шайқаста көптегени ерліктің үлгісін көрсетті.

Алып аүш иесі Қажымұқан палуан 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қайтыс болды. Оның әр кезде үйленген төрт әйелінен көптеген ұрпақ қалды. Ең бастысы, халықтың есінде аңызға айналған Қажымұқан палуан деген есімі мәңгі сақталып қалды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика