3 436 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Біз күн сайын ондаған, жүздеген ақпараттар алып жатамыз. Сезім мүшелеріміз арқылы естіген, көрген жайларымыздың бәрін есімізде сақтамасақ та, ол ақпараттар миымызда жазылып қалады. Түйсік (подсознание) деп аталатын миымыздың терең қабаттарында кітаптың беттері сияқты қабаттаса жазылып, сақталатын ол ақпараттар өлі жүк сияқты әрекетсіз жатады.

Бірақ та, біз ұйықтаған кезде немесе түрлі сезімдерге бой алдырған сәттерде әлгі түйсіктің терең қатпарларында жазылып қалған ақпараттар бас көтеріп, өзінің бар екендігін сездіреді. Жәй сездіріп қоймай, біздің санамызға, сол арқылы түрлі әрекеттерге баруымызға ықпалын тигізеді.

Жақсы ақпарат жан жадыратады.

Қазақта «жақсы сөз – жырым ырыс» деген мақал бар. Жанымызды жадырататын жақсы ақпараттарды үнемі қабылдап жүретін болсақ, түйсігіміз арқылы ол бізді жақсы істерге жұмылдырмақ. Керісінше, жаман жайларды естіп, тыңдауға құмар болсақ, түйісік арқылы санамыздың терең түкпірінен орын алған әлгіндей жаман ақпарат бізді жаман әрекеттерге итермелемек.

Бұдан түйетініміз: егер өмірімізде жақсылық, игілік орын алсын десек, жақсы ақпараттарды санамызға сіңіруге тырысуымыз шарт. Өкінішке орай, бүгінде жақсы ақпарат деген азайып кетті. Ақпарат құралдарын  тыңдап, оқитын болсаңыз, біреуді өлтірген, тонаған, зорлаған қылмыстар мен түрлі апаттар, бақытсыздықтар туралы хабарлардан көз сүрінеді.

Адамдардың өмірінің ауырлап, қиындықтардың көбейіп кетуіне бүгінгі дүниені тек қара көзілдірік арқылы көруді әдетке айналдырған ақпарат құралдарының қосып жатқан үлестері аз болмаса керек.

Жақсылық пен жамандық өмірді қалай қабылдауымызға байланысты болатын құбылыстар.

Ара мен шыбын туралы мынадай мысал әңгіме бар. Ара да, шыбын да ұшады, екеуінің де қанаттары бар, тіпті сыртқы тұрпаттары да бір-біріне аздап ұқсайды. Бірақ біреуі тәтті бал өндірсе, екіншісі өзі сияқты нәжіспен қоректенетін шыбын шығаратын нәжіс өндіреді.

Бұның себебі неде? Шыбын ұшып жүріп тек иістеніп кеткен қоқыстар мен нәжістерге назар аударады және соны көрсе-ақ жетіп барып, айналасынан шықпай ұшып жүреді. Ара болса кір-қоқысқа назар аудармай, тек жұпар иісті әдемі гүлдерді іздейді және соған қонып, шырын жинайды.

Жапон ғалымдарының тәжірибесі не көрсетті?

Жапон ғалымдары су құйылған үш ыдысқа күріш дәнін салады. Бірінші ыдысқа ауыздарын жақындатып «мен сені жақсы көремін» дейді. Екінші ыдысқа еш назар аудармайды. Үшінші ыдыстағы күрішке қарата балағат сөз айтады.

Арада үш күн өткенде бірінші ыдыстағы күріш бөрте ісініп, көз жауын алардай болып өседі. Екінші ыдыстағы күрішті шіріш басып, сол қалпында қалады, ал үшінші ыдыстағы күріш қарайып кетеді. Осы тәжірибе көрсеткендей, тіпті күріш те жақсы және жаман ақпаратты тиісінше қабілдап, соған сай реакция жасайды екен.

Түйін: егер сіз жаман адамдармен жолдас болып, үнемі балағат пен ұрыс-керісті тыңдап жүретін босаңыз, өзіңіз де сондай бола бастайсыз. Зинақормен жолдас болған адам да зина жасауға бейімделеді. Ал жақсы тақуа адаммен араласқан адамның бойында иманды жақсы қасиеттер орныға бастамақ.

Яғни, біздің жақсы-жаман болмағымыз, өмірде жолымыз ашылып немесе қиындықтарға кезігуіміз – бәрі де алатын ақпараттарымызға байланысты болмақ. Сондықтан өлтіріп кетіпті, зорлап кетіпті деген жаман хабарларды тыңдауға құлшынбай, керісінше гүлдерге қонып бал жинаған араша жақсы, жағымды ақпараттарды санамызға сіңірсек, өміріміз де жақсарып, жолымыз ашылмақ.

 

 

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика