1 632 көрілім

Армандау залалды емес (мечтать не вредно) деген сөз бар. Автобуста немесе көпшілік орындарда айналаңызға назарыызды салып байқасаңыз қалың ойға батқан жандарды көресіз. Олар не ойлайды? Өмірінде кездескен қиындықтарды, қол жеткен жетістіктерін, болашақта жүзеге асырғысы келген арман-мақсаттарын…
Егер адамдардың арман-мақсаттары түгел орындалатын болса, мына жалғанда бақытсыз, кедей, кейіпсіз пенде болмас еді. Өкінішке орай, біздің ойлаған арман-мақсаттарымыздың жүзден, тіптен мыңнан бірі де орындалмай жатады. Бұның себебі неде?

Өмір жолы сіз болжамдаған жоспарларыңыздан басқарақ.

Бүгінде болашаққа арнап нақты жоспар жасап, сол бойынша алға жылжу қажет, сонда жетістікке жетесіз дегенді алға тартқан түрлі тренингтер мен тәсілдер көбейіп кетті. Олардың сөзіне сенсек, көзімізді жұмып алып сол арман-мақсатымызға жеткендей сезінсек, сонда мақсатымыз оп-оңай орындала салады екен.

Шындығында өмір жолы біз ойлағаннан және жоспарлағаннан басқарақ, күрделірек. Мәселен, биік таудың етегінде тұрып, оған қалай шығудың жоспарын жасадыңыз делік. Қолыңызда тауға шығуға қажетті барлық құралдарыңыз және көмекшілеріңіз бар. Сіз таудың басына бес-алты сағатта шығамын деп жоспарлайсыз. Бірақ тауға көтеріле бастағанда күтпеген түрлі кедергілер мен қиындықтарға тап боласыз.

Соған сай сіз жоспарыңызды өзгертіп, жағдайға орай әрекет жасауға тиіс боласыз. Осылай жасай отырып, сіз таудың басына өзіңіз ойлағандай алты сағатта емес, үш күнде әзер көтерілесіз. Табысқа жетуіңізге бойыңызда табандылық қасиеттің болуы және алдын ала жасалған қатып қалған жоспармен емес, жағдайға байланысты әрекет жасасауыңыз игі ықпалын тигізгені анық.

Егер табандылық қасиетіңіз болмаса, онда сіз алдын ала жасалған жоспарыңыздың орындалмайтынын көрген соң-ақ күдеріңізді үзіп, алған мақсатыңыздан бас тартасыз. Өмірде ойға алған мақсаттарына жете алмаудың басты және негізгі себебі де адамдардың алғаш әрекет жасай бастағанда кездескен күтпеген кедергілер мен қиындықтардан қорқып, ойға алғандарынан бас тартулары десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Мақсатқа жетудің екі техникасы.

Ойыңызға алған арман-мақсатыңызға, мейлі ол ақылға сиымсыз өте биік арман болса да жетуге болады. Егер сіз мақсатқа жетудің техникасын жақсы білсеңіз және соны жетік пайдалана алсаңыз. Ол қандай техника?
Құранда «Кім бұл дүниенің несібесін тілесе, оған бұл дүниенің несібесі беріледі, ал кім бақи дүниенің несібесін тілесе, оған да одан беріледі» деген аят бар. Яғни, Жаратқан біздің тілектерімізді қабылдап, оның орындалуына жағдай жасайды екен.

Егер бұл ақиқат болса, онда біздің арман-мақсаттарымыз неге орындалмайды? Біз Алладан мынаны бер деп дұға етіп, тілек тілемесек те, іштей осындай мақсатқа жетсем деп ойлайтынымыз рас қой. Ал Алла көкейдегілерді түгел біледі. Біз дұға жасап тілек тілейміз бе немесе ойша сондай мақсатқа жетсек деп армандаймыз ба, оның түпкі мәні бір.

Осы орайда, мақсатқа жетудің екі техникасы бар екендігін айта кеткен жөн. Біріншісі, бүгінгі ғылым дәлелдеп отырғандай, адамның мақсатқа жетсем деген зор ынтызарлығы. Бұл туралы бір интернет-кәсіпкер «ішіңдегі аңды оят» дегенді айтады. Яғни, адам сол мақсатқа немесе өзі қалаған нысанға жетуге сонша ынтызар болуы тиіс. Бұл оған үлкен қуат береді және мақсатына жетуіне жағдай жасайды.

Екінші техника: ол ойға алған мақсатыңызға жету үшін барынша табанды болып, алған бетіңізден ешқашан бас тартпау. Бұл тәсіл арқылы сіз мақсатыңызға бірнеше, тіпті ондаған жылдар жұмсау арқылы ғана жетуіңіз мүмкін. Егер мақсатыма жетемін деген нық сенім болса, түптің түбінде арманыңыздың асқақ шыңына көтерілетінің даусыз.

Блогымызда бұл екі техника туралы жан-жақты және толымды мақаланы алдағы уақытта жазатын боламыз. Жаңалықты жіберіп алмаңыз. Ол үшін «Блогқа жазылу» терезесі арқылы жазылыңыз, сонда жаңалықтарды электронды поштаңыз арқылы үнемі алып тұратын боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика