3 888 көрілім

ашығуДүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда жыл сайын 12 миллион адам жүрек-қантамыр ауруларынан қайтыс болады екен. Олардың 80 пайыздайы 30-ға дейінгі жастар. Бұл көрсеткіш енді бес-он жылдан кейін 25 миллионға жетпек. Ал жүрек-қантамыр ауруларының қайнар көзі – артық салмақ екендігі белгілі.

Жедел арықтаудың жолы – диета.

Қазір әлемнің басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да артық салмақ дерті белең алып барады. Артық салмақ ересектерді қойып, жас балалар арасында кең таралуда. Осыған орай, жүрек-қантамыр аурулары жыл өткен сайын «жасарып» барады. Артық салмақтан арылу қазіргі адамдар үшін ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. .

Артық салмақ дертінің белең алуына салмақ қосатын майлы тағамдарды көп жеу және дене қимылын жасамау себеп болады. Сіздердің назарларыңызға жедел артық салмақтан арылуға арналған бірнеше диета ұсынамыз.

Қарақұмық (гречка) ботқасы артық салмақтан арылуға үлкен ықпалын тигізетіндігін артық салмақтан зардап шеккендердің көбі айтып, жазып жүр. Кешкілік ыдысқа су құйып, оған қарақұмық салып қайнатыңыз. Баяу отқа бірнеше сағат қайнаған ботқаны таңасырып қойып, ертеңіне кешке дейін тек сол ботқамен қоректеніңіз.

Сусын ретінде шөп қайнатпалары мен лимон қосылған шәйді пайдалануға болады. Осындай тәсілмен 7 күн диета сақтасаңыз 3-4 келі салмақтан арыласыз. Бұл – осы тәсілді тәжірибеде қолданған адамдардың пікірі.

Артық салмақтан жедел арылуға көмектесетін тағы бір диета — кефир диетасы. Бір жеті бойы тек кефирмен қоректеніңіз. Тағам ретінде бұқтырылған күрішті және алманы пайдалануға болады. Кефир диетасының да артық салмақты тез тастауға үлкен ықпалы бар дейді мамандар.

Бір аптаға арналған диета.

Алма бүгінде қысы-жазы табылатын қолжетімді жеміс болып саналады. Сондықтан оны табу онша қиынға түспейді. Ал алманың артық салмақтан жедел арылуға үлкен ықпалы бар дейді мамандар. Егер ас қорыту қиын жүретін болса, онда таңертең аш қарынға екі-үш алма жеп отырсаңыз, бір жетіде ауруыңыздан айығуға мүмкіндік бар.

Бір аптаға арналған алма диетасы осы уақыттың ішінде 10 келі артық салмақтан арылуға жәрдемдеседі. Сіз бұл уақыттың ішінде тек алмамен ғана қоректенуіңіз шарт. Сусын ретінде өсімдік қайнатпалары мен лимон қосылған шәді немесе көк шәді пайдалануға болады.

Ет тағамдарынан бас тартыңыз.

Артық салмақтың пайда болуына және адамзат үшін үлкен қатер болып отырған жүрек-қантамыр ауруларының белең алуына ет тағамдарының «қосып жатқан үлесі» зор. Етте хлостерин деп аталатын жүректің жұмысына үлкен залал келтіретін зат бар. Сондай-ақ, ет ауыр тағам болып саналатындықтан, оны қорытуға көп қуат жұмсалады. Бұл – асқазанның қызметін нашарлатады.

Денсаулығыңыз жақсы болып, ұзақ жасаймын десеңіз, ет тағамдарынан бас тартыңыз. Етті пайдалану қазіргі нарық жағдайында қалтаға салмақ түсіретіндігін де естен шығармау қажет. Ең дұрысы, вегетериандыққа көшу. Ол арзан және денсаулығыңызға да пайдалы.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика