1 468 көрілім

48«Ауру астан» деген сөз бар. Бойымызды жайлаған дерттің көбі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатынын көбіміз сезіне қоймаймыз. Артық салмақ деген бүгінде ең көп таралған дерт болып алды. Арықтаудың небір ақылға симайтын түрлерін ойлап тауып, сонымен күректеп ақша тауып жатқандар бар.
Мен 1987 жылы университет бітірген соң жолдамамен Торғай облысының Жангелді ауданында бір жылдай мұғалім болып қызмет істедім. Шалғай ауыл. Оңтүстіктің қазағы үшін мұндағы қысқа соғым сойып алу деген таңсық нәрсе. Күнде кешкілік қанаққа шақырады. Түн ортасына таман үлкен астауға салынған үйеме табақ ет келеді.
Содан тамақты тоя жеп, шәй ішесің де үйге келіп жатасың. Таңертең, түсте шәймен жүрек жалғап, бар тамақты кешкілік жатар орынға жейсің. Осылай бір жылдай уақыт өткізген мен асқазанымнан айрылып қала жаздадым. Жеңіл-желпі тамақ ішіп, көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтынатын аймақта өскен маған еттен басқа тамақ жемейтін қыр елінің әдеті жақпады.

Вегетариан болу – уақыт талабы

Сол мен қызмет еткен ауылда қатерлі ісік (қылтамақ) деген ауру өте көп екен. Өзім жұмыс істеген бір жылдың ішінде көптеген адам сол аурудан көз жұмды.

Бүгінде алдыңғы қатарлы елдердің азаматтарының көбі ет жеуден тиылып, вегетериандықты серік етіп жатқанда, қазақ ет жемесе болмайды, бұл ата-бабадан қанымызға сіңген қасиет деп, ет жеуді уағыздап жүретіндер көп. Қазір өз басым ет жемеймін. Одан бас тартудың біраз себептері болды.
Еттің адам ағзасына залалы туралы бірқатар лекцияларды тыңдаған соң етке деген тәбеттен айрылдым. Шындығында еттің адам ағзасына пайдасынан залалы көп, әсіресе жатар орынға тойып ет жеу, өзіңізді қатерлі дертке ұшыратудың төте жолы. Еттің залалы туралы ұзақ айтуға болады, біздің әңгімеміз тамақтану тәртібі туралы болғандықтан, оған тоқталу артық болар.

Күн тәртібін сақтау – денсаулықты нығайтудың кепілі

Тамақтану тәртібі туралы жазылған ғылыми мақалалар аз емес. Біз бүгін индустардың ежелгі денсаулық сақтау ілімі – аюрведа тамақтану тәртібі жайлы не дейді, соған тоқталайық. Аюрведа уақыт үш түрлі элементтің: от, су және ауаның ықпалында болады деп түсіндіреді. Төрт сағаттан айналып келіп отыратын осы цикілді дұрыс пайдалануға негізделген тамақтану тәртібі денсаулықты сақтап, нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді деп санайды аюрведа ілімі.
Тамақты қорытуға тиісті басты элемент от болғандықтан, негізгі тамақты түсте, яғни күн тас төбеге келген сағат 12-2 аралығында ішу қажет. Күн адам ағзасындағы оттың жақсы жұмыс істеуіне игі ықпалын тигізеді. Міне, сол уақытта қарныңыз тойғанша қалаған тамағыңызды жеуге болады. Бұл кезде жеген тамағыңыз көп қуат жұмсалмай тез қорытылмақ.
Ал, күн енді шығып келе жатқан таңертеңгі мерзімде тамақты тартына жеңіз және осы уақытта тәттіні жеуге болады. Кешкісін күн батпай тұрып жеңіл-желпі салат немесе шәй ішіп жүрек жалғасаңыз жеткілікті. Ұйықтар алдында бір кесе жылы сүт ішіп жатқан дұрыс болады. Тамақтанудың осы тәртібін сақтау арқылы сіз бойыңыздағы аурудың елу пайызынан ешқандай дәрі-дәрмек пайдаланбай-ақ жазылуыңызға болады екен.

Балдың пайдасы

Таңертең оянған кездегі ең бірінші ісіңіз, бір кесе су ішіңіз. Өйткені ұйқыдан оянған сәтте ішіп-жеген тамақтың қалдығы түріндегі улы заттар ішекке, таңдайыңызға шығады дейді аюрведа. Ұйқыдан оянған сәт аузыңызды ащы болып тұрғанын сезінесіз. Егер су ішсеңіз, сол арқылы ішек пен таңдайға жиналған улы заттар шайылып кетпек. Ал су ішпей бірден тұрып ктесеңіз, ұйқыңыз ашылғаннан кейін улы заттар қайтадан ағзаңызға сіңеді, яғни бойыңызда қала бермек.
Балдың пайдасы туралы айтып жату артық. Таңертең тамақтың алдында бір стақан қайнаған суға бір шәй қасық балды ерітіп араластырып, жылыған соң ішіп алсаңыз, пайдасы шаш етектен. Балдың өзін нанға жағып жеудің еш пайдасы болмайды, өйткені бал ауыр тағам саналатындықтан қорытылуы қиын болады. Ал сумен еріген бал ағзаға тез сіңбек.
Тамақтанудың осы қарапайым тәртібін сақтау сізді көптеген ауру-сырқаудан сақтап, денсаулыыңызды нығайтуға игі ықпалын тиізері анық. Бұлай деуімнің себебі, мен тамақтанудың осы тәртібін біраз жылдан бері тәжірибе жүзінде пайдаланып келемін және жетістіктер де аз емес.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика