1 132 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

26Бүгінде адамдардың көбі аурудан тек дәрі-дәрмек қабылдау арқылы ғана жазылуа болады деп санайды. Ал дәрі-дәрмексіз, дәрігерсіз, емханаға барып, ауруханада жатпай-ақ көптеген аурулардан айығуға болады екен. Сондай аурудан айықтыратын емдеушінің бірі – жануарлар. Ат, мысық сияқты үй жануарлары көптеген жазылмас дерттен жазатынын екінің бірі білмейді.

Атпен серуендеу көп аурудан айықтырады

Ертедегі қазақтар үшін «ат ер қанаты», яғни атсыз өмір сүру мүмкін болмаған. Өмірі аттан түспейтін қазақтар дегенмен, атпен серуендеудің адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екендігін онша елеп-ескермесе керек. Қазіргі медицина ғылымы атпен серуендеудің адам денсаулығына үлкен пайда тигізетіндігі өз алдына, көптеген аурулардан айықтыратынын да айтады.

Атпен шапқанда жануардың бойында болатын 100-110 серіппе толқыны үстінде отырған адамға да беріледі екен. Осыған орай, адамның барлық бұлшық еттері белсенді жұмыс жасамақ. Аттың дене температурасы адаммен бірдей болғандықтан, атпен серуендеу адамды асқазан ауруларынан, атеросклероз және балаларда кездесетін аутизм дертінен де жазатын көрінеді.

Англияда атпен серуендеу арқылы емделуге арналған иппотерапия курстары медициналық емдеу курстарына енгізілген. Бұл тәсілді психотерапияда, маскүнемдік пен нашақорлық дертінен емдеуде қолданады. Полиемелитпен ауырған адамдар қалпына келтіру кезеңінде иппотерапияны қолданады.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Аквариум жүйкені тыныштандырады

Бүгінде екінің бірі стресс. Стресстің асқынған түрі депрессия деп аталатын дерт те адамдар, оның ішінде жастар арсында жиі кезедсетін болды. Емі жоқ деп саналатын бұл дертке балық салынған аквариум мыңнан бір дауа деседі. Ғалым сарапшылардың пікірінше, аквариум гепертония, стенокардия, невроз, депрессия дерттерін емдеуге көмектеседі.

Балықпен емдеу тәсілі өте қарапайым. Күн сайын аквариумге қарап 15 минуттан 1,5 сағатқа дейін отырсаңыз жеткілікті. Балықтардың қозғалысы адамның жүйкесін тыныштандырып, ми жұмысының қалыпқа келуіне игі ықпалын тигізеді. Мұндай емдеу курстары 7-18 күн жүргізіледі.

Емші мысық

Бүгінде медицинада фелинотерапия деп аталатын мысықпен емеду соңғы жылдарда жиі қолданыла бастады. Англияда, тіпті «емші мысықтар» дәріханада сатылады. Бұл салада қазір әлемнің әр елдерінде мықты ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мысықтың емшілік қасиеттерін анықтауда.

Мысықтың ақыл-ойы дамымай қалғандар мен психикалық ауруларға үлкен көмегі тиеді екен. Мысықпен қарым-қатынаста болу депрессия, шизофрения дертіне шалдыққандарға үлкен игі ықпалын тигізбек. Бұл арада мысықтан ешқандай емшілік қасиет талап етілмейді. Бар болғаны сүйкімді және адамға үйір болса болғаны.

Мысықтың пырылының өзінің адамдарға үлкен игі ықпалы бар екен. Солтүстік Каролинаның жануарлармен қарым-қатынас институтының мамандарының пікірінше, мысықпен араласу адамның сүйектерін бекітеді. Мысықтың пырылы 27-44 герц шамасында болады. Оны тыңдау арқылы адамның сүйегі бекіп, сынық тез жазылмақ.

Берлиннің герентология институтының мамандары мысықпен араласу адамның өмір жасын он жылға дейін ұзартады деп есептейді. Фелинологтардың сөзіне сенсек, мысық қан қысымын қалпына келтіріп, аритмия, атересклероз, остеохондроз сияқты дерттерден жазады. Мысықпен емделу үшін оны ауырған жеріңізге жатқызсаңыз болғаны.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика