Ауруды жеңген адам

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

1990 жылы Алматыға Владимир Котляров деген кісі келді. Мәскеуде тұратын ол салауатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулығын нығайтып, салауаттылықты насихаттаумен танымал болған. Сол тұста бүгінгі «Жас алаш», бұрынғы «Лениншіл жас» газеті ол туралы «87-дегі жігіт» деген көлемді мақала берді.

Мәскеуде аймақтық басылымдардың бірінде журналист болып қызмет еткен Котляров 60 жасында зейнеткерлікке шығады. Бірақ оның зейнет демалысын пайдаланып, тыныш тірлік кешуіне мүмкіндік болмайды. Сол тұстағы басқа да замандастары сияқты темекі тартып, арақ ішуді әдекте айналдырған ол әредік мазалап қоятын аурулардан көп азап шегетін.

Ал зейнеткерлікке шыққан соң ауру меңдеп, төсек тартып жатып қалады. Содан дәрігерге көрінгенде олар «жарты жыл ғана ғұмырың қалды» деген жаншошырлық диагноз қояды. «Батырға да жан керек» демекші, мынаны естігенде 60-қа енді келген зейнеткердің бойын үрей билейді. Ол кезде атейстік тәрбиені санаға берік сіңірген совет адамдарының о дүние дегенге сенбейтіні белгілі.

Ұзақ жасаудың амалы — шынығу

Тірлікті қимай қиналған Котляров содан аурудан айығудың жолдарын іздеуге көшеді. Оның қолына орыстың атақты қолбасшысы Суворовтың өмірі жайлы жазылған кітап түседі. 80-нен асқан қарт қолбасшы сарбаздармен бірге далада түнеп, ақ қар, көк мұзда, жаздың аптап ыстықтарында жорықтардың ауыртпалығын тартқан. Сонда да ол өмірі ауру дегеннің не екенін білмей өтіпті.

Содан Котляров халықтық шынығу дегенге ден қояды. Күнде таңертең ерте тұрып, аулаға шығып ақырын жүгіреді. Алғашында ентігіп әзер жүгіретін ол кейін келе ұзақ қашықтыққа жүгіруге, одан қалды дене жаттығуларын жасап, мұздай суға жуынуға көшеді. Ол қыстың қақаған аяздарында шолақ дамбал мен крассовкадан басқа лыпасыз жүгіретін болған. Салауаттылықты ұстанған соң ауру дегенді мүлдем ұмытады.

Денсаулықты сақтаудың негізі — салауаттылық

Алматыға келгенінде оның жасы 87-де екен. Жұртпен өткізілген екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде 87-дегі жігіт тікесінен тік тұрып сөйлейді және көпшіліктің қойған сан түрлі сауалдарына жауап береді. «Өткен қыста Мәскеуде 25 шақырымдық марафон өткіздік, -дейді ол. –Мәреміз Қызыл алаң еді. Қақаған аязда шолақ дамбалдан басқа лыпам жоқ аузымнан бу бұрқырап үсті басым ақ қырау жүгіріп келе жатқанымда қарсы ұшырасқан тон киіп, жағаларын көтеріп бүрсең қаққан жас жігіттер мені көріп ұялғаннан күбежектеп теріс айналатын». Оның айтуынша 60 жасқа дейінгі өмірі өң мен түстің арасындағыдай өтіпті. Нағыз өмірі салауаттылықты ұстағаннан кейінгі кезең екен.

«Бірінші байлық – денсаулық» деп айтып, жазып жатсақ та, сол басты байлығымызға көңіл бөлмейтініміз өкінішті. Денсаулықты сақтау деген ауырғанда емханаға барып, дәрі-дәрмек сатып алып ішу емес, ол – салауатты өмір салтын ұстанып, ауырмаудың әрекетін жасау. Дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау, салауатты өмір салтын ұстану – осылардың бәрі денсаулықты сақтауға игі ықпалын тигізетінін ешкім де теріске шығармайды.

Бірақ осы көзге көрініп тұрған ақиқатты нақты жүзеге асыратындар аз. Денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану – бұл бірінсіз бірі болмайтын егіз ұғым сияқты. Денсаулығым мықты болсын десеңіз, салауаттылықты ұстаныңыз.

Тест: денсаулықты сақтау үшін не істеу қажет деп санайсыз:
1) Ауырған кезде дәрігерге көрініп, дәрі алып ішу;
2) Салауаттылықты ұстанып, дене жаттығуларын жасау, ұйқы мен тамақтану тәртібін сақтау арқылы ауырмаудың амалын қарастыру

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика