Ауырды жеңілге айналдырудың баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруБір ғұламаның «Ауыр істі жеңілге, жеңілді әдетке, әдетті жағымды іске айналдыр» деген сөзі бар. Шынында да, алғашында ауыр болып көрінген істің уақыт өте келе жеңіл тартатыны, одан кейін ақырындап әдетке айналатыны, ақыр соңында сол істен үлкен рахат табатыны айналамызға зер сала қарар болсақ, көзбен көріп, куәсі болатынымыз анық.

Ұзақ жасаудың құпиясы

Осыдан бірнеше жыл бұрын бүгінде жасы 86-ға келген Бекболат Сәдуақасов деген ақсақалдан сұхбат алдым. Салауатты өмір салтын ұстанатын ақсақал күн сайын бір жарым сағаттай дене жаттығуын жасап, жүгіреді екен. Ол қолын алдына ұстап 500 рет отырып, тұрады, иығына 24 келілік гирді қойып, жүз рет отырып тұрады. Күніне ондаған шақырым жүгіреді.
Қыста мұз ойығына шомылуды берік әдетке айналдырған. Ауру дегеннің не екенін білмейтін ақсақалдың жүрісі ширақ, қимылы қарымды. Амандасқанда кейде қолыңды қалжыңдағансып қысып қоятыны бар, сондайда жаның шығып кете жаздайды. Сексеннен асқан қарияның қажуырлылығына қайран қаласың.

Сол Бекболат ақсақал айтады: «Маған ардагер ретінде Бурабайға, шипажайға тегін жолдама берді. Онда барсам, күн тәртібім бұзылады, дене жаттығуын жасай алмаймын, содан бас тарттым» -дейді. Күн тәртібімді бұзып аламын деп тегін жолдамадан бас тартқан қарияның қылығы қарапайым пенде үшін оғаштау көрінері анық. Шындығында, ақсақал дене жаттығуынан, жүгіру мен мұздай суға шомылудан кәдімгідей үлкен рахат алады екен.

Белгілі спортшы, американдық киноактер Чак Норрис күн сайын екі сағаттан астам уақыт жаттығады екен. Ол іссапарда болсын, қайда жүрсе де екі сағаттық жаттығуын еш тастамайтын көрінеді. Бастарын қатерге байлап биік шыңдарға шығатын алпинистердің ісі де бір қараған жұртқа оғаш сезілетіні белгілі. Оларды осындай жан қинайтын бейнетті әрекетке итермелейтін не? Қиын шаруаны жеңілге, оны әдетке, ақыр соңында рахатқа айналдырған өмірлік ұстанымдары екендігі даусыз.

Өз дәуіріндегі ең күшті адамдардың бірі болып саналған Георг Лурих күн сайын 5-6 сағат жаттығумен айналысқан. Ол екі қолына үш келілік гантелді ұстап, отырғанда көтеріп, тұрғанда түсіретін дене жаттығуын үш мың рет қайталаған. Аяғының бұлшық етін жаттықтыру үшін Георг Гаккеншмидт арқалығы жоқ үстелден орнында тұрып 70 рет олай-былай секіретін болған. Ол жасы 92-ге келгенде де осы жаттығуын тастамай, күніне елу рет үстелден секіру жаттығуын жасаған.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Ал енді сол спортшыларды осындай өлермен қадамға итермелейтін не? Қарапайым пенде үшін күніне пәлен сағат дене жаттығуын жасау азапты іс болып көрінері күмәнсіз, ал оған әбден еттері үйренген спортшылар сол жаттығудан керісінше үлкен рахат сезімін алмақ.

Ауырды жеңілге, жеңілді әдетке, әдетті жағымды іске айналдыр.

Бұл жәй айтыла салынған сөз емес. Оған көзіңізді жеткізгіңіз келсе, денсаулығыңызды сақтаудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі болып табылатын дене жаттығуымен айналысып байқаңыз. Одан сіз тек пайда табатыныңыз даусыз.

Тест: 1) жиі ауырасыз ба және қандай аурулар мазаңызды алады?
2) ауырғанда қалай емделесіз, емханаға барып, дәрі қабылдайсыз ба, әлде халық емін қолданғанды жөн санайсыз ба?
3) денсаулығыңызды сақтауға, нығайтуға қаншалықты көңіл бөлесіз (дене жаттығуын жасау, күн тәртібін сақтау, т.б)
4) денсаулықты сақтау үшін салауаттылықты ұстанып, дене жаттығуларын жасау, ұйқы мен тамақтану тәртібін сақтау қажет пе, әлде емханаға барып, дәрігердің көмегіне сүйенген жөн деп ойлайсыз ба?

Тест сауалдарына барынша шынайы жауап беруге тырысып көріңіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика