156 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін барлық адам бақытты болғысы келеді және бақыт деген түсінік адамға мына өмірді тартымды, қызықты етіп көрсетіп, өмір сүруге ынталандырады. Ал мына фәниде бақыт деген жоқ деген түсінік кез-келген пендеге есуастық болып көрінер еді. Шындығында, адамдардың адасуы дәл осы түсініктен басталады.

Өткіншілік – фәни дүниенің ажырамас табиғаты

Мәңгілік деген түсінік бар екен, онда мәңгіліктің де болғаны ғой. Яғни, мәңгілік дегеніміз – ешқашан өзгермейтін, жойылмайтын, тұрақты қалпын сақтайтын құбылыс. Енді мынаған назар аударыңыз: мына дүниеде ешқашан өзгермейтін, жойылмайтын және өзінің қалпы мен бейнесін мәңгі сақтайтын зат бар ма? Бұған 100 пайыз сеніммен: ЖОҚ деп жауап беруге болады.

Тірі пенделердің бәрі ержетеді, қартаяды, ақырсында өледі. Ал жансыз заттардың бәрі мүжіліп сыртқы қалпын өзгертеді, біраз уақыттан соң жойылады. Тіпті, біз мәңгілік дейтін аспан денелері: Күн, Ай, жұлдыздар мен планеталдар да пайда болған, өзгеріс үстінде, уақыты келгенде өшіп, жоғалады. Осыдан түйетініміз: мәңгілік ештеңе жоқ, бәрі өзгеріп, жойылады.

Осы өткінші фәни жалғанда өмір сүретін адам атты екі аяқты саналы пенделердің көбі материалдық дүниенің осындай өткіншілік табиғатын түсінбейді немесе түсінгілері келмейді. Ондайлар мәңгі өмір сүретін сияқты өзіне ғана емес, мыңдаған жақын туыстарына жететін мол байлықты жанталасып жинайды, не түрлі әділетсіздіктерге, қиянаттарға барып мансапқа ұмтылады, атағын шығарғылары келеді. Ал күндердің күні қартайып, ажал келгенде бар өмірі мен күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсап жиған-терген «менікі» дегендерінің бәрі адыра қалады.

Мына АҚИҚАТТЫ ешкім, ешқашан теріске шығара алмайды: сіз қандай атақ пен мансапқа жетпеңіз, қанша бала-шаға, үрім-бұтағыңызды қалдырмаңыз, қанша байлық жинамаңыз – бәрінен де айрыласыз және мәңгіге ұмытыласыз. Мынаған жауап беріп көріңіз: енді 10000 жылдан кейін сізді ұрпағыңыз біле ме, он мың жыл бұрын менің атамның атасының атасы пәлен деген адам өмір сүрген екен деп айта ма? Жоқ. Енді 1000000 жылдан кейін қазақ деген ұлт, Қазақстан деген мемлекет бола ма? Жоқ. Енді 1000000000000 жылдан кейін Жер деген планета, АДАМ деген тіршілік иесі бола ма? Жоқ. Сонда сіз неменеге тырбыңдап, атымды, ұрпағымды, байлығымды қалдырамын, мемлекетті өркендетемін, қала саламын деп ит әуреге түсіп жүрсіз???

Бақи әлемнің табиғаты – МӘҢГІЛІК

Енді мәңгілік туралы айтатын кез келгендей. Жоғарыда айтып кеткеніміздей «егер мәңгілік деген ұғым болса, онда мәңгіліктің де болғаны». Иә, мәңгілік деген құбылыс бар, бірақ ол мына біз өмір сүріп жатқан фәни дүниеде емес, бақи әлемде, яғни дін тілімен айтқанда ҚҰДАЙ ПАТШАЛЫҒЫНДА.

Тәннен жанның немесе рухтың айырмасы мынада: ол МӘҢГІЛІК. Бһагавад Гитада жан туралы  кең баяндалып, толымды түсінік беріледі. Жан тумайды, өлмейді, мәңгілік, ол пайда болған жоқ, пайда болып жатқан жоқ және мәңгі өмір сүреді. Яғни, айтқанда жан әуел бастан бар және ешқашан жаратылмаған және ешуақытта өлмейді. Жан мәңгі өзгермей сақталады.

Енді мынаған назар аударыңыз: кез келген тірі пенденің мәңгілік жаны бар. Адамның қозғалып жүруі, түрлі әрекеттер жасауы, ойлануы, сезінуі – бәрі жанның барлығының дәлелі. Түрлі химиялық элементтерден құралған фәни немесе материалдық тән ойлана да, сезіне де алмайды және пайда болып, дамып, ескіріп, сосын жойылады. Яғни, табиғаты өткінші. Тек жан ғана мәңгілік.

Жанның бар екендігін барша адам біледі және мойындайды, дегенмен, олардың көбі бұл ақиқатты түйсінбейді. Мысалы, өлген адамды жоқтап жақын туыстары  «бауырым-ау, бізді тастап қайда кеттің» деп жылап жатады. Шындығында, өлген адам ешқайда кеткен жоқ, әне ол көз алдымызда табытта жатыр. Қолы-аяғы, көзі, басы бар. Тәні түгел орнында. Бірақ, сол сырты бүтін тәннің ішіндегі әлдебір тіршілік нышаны материалдық денені тастап, одан шығып кетті. Ол шығып кеткен соң-ақ, тән өлі денеге айналды. Енді ол қозғалмайды, сөйлемейді, оны айтасыз жан шыққан соң тән тез арада іріп-шіріп, жаман иісі шығып бұзыла бастайды. Онда түрлі элементтерден тұратын фәни затты ұстап, шоғырлап, тіршілік белгісін білдіріп тұрған әлдене бар, ол – ЖАН.

Тәннен жанның ерекшелігі сонда: ол ешқашан туған жоқ, қартаймайды, ауырмайды және ешқашан өлмейді. Жан өзінің қалпын, яғни формасын да мәңгі сақтайды. Осылайша, жанның табиғаты мәңгілік, ал тәннің табиғаты – өткінші. Бұл оның ең басты айырмашылығы.

Христиандардың қасиетті кітабы Інжілде Иса пайғамбардың айтқан мынадай сөзі бар: «егер адамның барша әлемді жаулап алғанынан не пайда, егер ол мәңгілік жанын жоғалтып алса». Сондықтан, ақыл-есі дұрыс әрбір адам табиғаты өткінші, ертең адыра қалатын тәнге қажетті игіліктер үшін бар өмірін жұмсамай, керісінше табиғаты мәңгілік және мәңгілік мекенге енгізетін жанға қажетті игіліктерге құлшынуы қажет.

Жанның табиғаты және рухани дамуға қалай жетуге болатындығы туралы блогымызда алдағы уақытта кеңірек жазатын боламыз. Ақиқат блогының тұрақты оқырманы болыңыз, жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.    

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика