Бұл дүниеде бәрі сатылады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интуицияМына фәниде бәрі сатылатынын, өзіңіз көріп жүрген игіліктердің бәрі үшін ақы төлейтініңізді білесіз бе? Жасыратыны жоқ, бұл жайында жұрт онша бастарын ауыртып ойлана қоймайды. Ойланбайтыны, бұны ұсақ-түйек санап, оған көңіл бөлмейді. Шындығында, бұл мәселенің мәселесі – ең маңызды және басты мәселе болып табылады.

Адамдар тегін игілікті пайдаланғысы келеді, бірақ өмір ақысын төлеуге мәжбүрлейді.

Бәрі сатылады дегенге көп адамдардың сене қоймайтыны белгілі. Егер істің мән-жайына тереңірек үңілер болсақ, бұл айтқанымыздың ақиқаттығын түйсінеміз. Сонымен…

Мына фәниді адамдарға тартымды етіп көрсететін не? РАХАТ. Иә, адамдардың бәрі де кез келген нәрседен әйтеуір бір рахат сезімін татқысы келеді. Ұйықтау, тамақтану сияқты қажеттіліктерді былай қойғанда, отбасы құру, мансапқа ие болу, дүние-мүлік жинау, арақ-шарап ішу, спортпен айналысу, тіпті жұмыс істеуден де рахат алуды ойлайтындар көп.

Бірақ назар салып қарайтын бослаңыз, адамдардың алып жатқан сол рахат сезімдері үшін үнемі ақы төлейтіндіктерін аңғарасыз. Мәселен, үйленіп отау құрдыңыз делік. Сіз бұлай жасағанда ең алдымен тән ләззатына кенеліп, бала сүюден, жар қызығын көруден рахат табамын деп ойлайтыныңыз анық. Бірақ, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, отбасы құрудың рахатымен бірге машақаты да болады.

Ең алдымен, сіз жарыңыздың алдында белгілі бір міндеткерліктерді мойныңызға аласыз. Бала-шағаңызды асырау, жарыңызға деген адалдықты сақтау, бар өміріңізді отбасыңызға арнау түріндегі міндеттеріңізді дұрыс орындамасаңыз, онда бірден теріс ықпалын сезінесіз. Ол – ұрыс-керіс, реніш түрінде басталып, ажырасумен аяқталуы мүмкін.

Ал мансапқа қол жеткіздіңіз делік. Жалақыңыз жоғары, қызмет машинаңыз бар, ең бастысы «бәке, жәке» деп жалпылдайтын жағымпаз бағыныштыларыңыз қасыңызда. Солардың ортасында өзіңізді өзгеден биік секілді сезініп, суда жүзген шабақтай асыр саласыз. Бірақ, «алмақтың да салмағы бар» демекші, мансаптың рахатымен бірге машақаты да жетерлік.

Бар жауапкершілік сіздің мойныңызда болады. Яғни, ұжымда бір келісімсіз жай бола қалса, алдымен басшыдан сұрайды. Жоғарыдан талап күшті болады, яки басшыларыңыздың тілін табуыңыз шарт. Уақытыңызды түгел қызметке жұмсауға тура келеді. Олай болмаса, жұмыс бетімен кетуі мүмкін.

Сол сияқты, байлық, атақ-даңқ сияқты игіліктердің де жақсылығымен қатар, ауыртпалықтары аз емес. Араққа салынып, зина жасау арқылы рахаттанғыңыз келсе, оның да теріс әсері аз болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қандай игілікті алып, рахатын көргіңіз келсе де, көлеңке сияқты оның жанынан ауыртпалықтары да шыға бастайды.

Ақиқатты түсіну не береді?

Мына фәниде бәрінің сатылатынын түсіну арқылы адам ауыртпалық әкелетін игіліктерге шамадан тыс үйір болмайды. Неғұрлым көп рахат татамын десеңіз, соғұрлым көп тауқымет те татасыз. Бұл – «екі жердегі екі – төрт» дегендей ақиқат. Осыны түсінген пенде, барына қанағат тұтып, артық қызықты қумайды.

Бұл мәселенің екінші жағы бар. Енді соған кеңірек тоқталайық. Ағылшындарда «джентелмен алдын ала төлейді» деген сөз бар екен. Қазір өкінішке орай, адамдардың көбі джентелмен емес. Сондықтан олар, көретін рахаты үшін ақыны алдын ала емес, рахатын көріп болғасын төлегілері келеді. Бұны бүгінде қаптап кеткен супермаркеттердегі пәлен пайыздық өсіммен затты кредитке алумен салыстыруға болады.

Сонымен, адамдар әлдеріне қарамай дүниенің қызығына белшеден бату үшін ала берсем деп жанталасады. Ондайлардың сөздік қорында «ал» деген түсінік жоқ. Тек «бер» дегенді ғана біледі. Содан ондайлар айналасына игілікті үйіп-төгіп жинайды. Автокөліктер, зәулім котедж, әйелінен басқа тоқал дегендері мен ашыналары, тағысын-тағылар болады. Сондайлармен жан-жағын қоршап қойған олар дүниенің қызығын шалқып көремін деп ойлайды. Шындығында, неғұрлым көп игілікке ұмтылсаң, соғұрлым көп машақат тартасың.

Алғың келсе, беруді үйрен.

Американдық миллионер, өзін жетілдіру ғылымының білгірі Алекс Яновскийдің айтуынша, «алу үшін, алдымен беріп үйрену қажет». Алу мен беру күн мен түн, жаз бен қыс сияқты дейді ол. Бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Өмірдің осы сырын түйсінбейтін тассараңдар тек алғылары келіп тұрады. Бірақ, шындығында олар неғұрлым көп алған сайын, соғұрлым көп жоғалтып жатады.

Мәселен, сіздің бір шелегіңіз бар делік. Он литрлік сол шелекке мың литр су құйғызсаңыз, сонша су аласыз ба? Жоқ. Мың, тіпті миллион литр су құйғызсаңыз да сіз әлгі шелекпен он литрден артық су ала алмайсыз. Ал мың литрді түгел алу үшін не істеу қажет? Ол үшін толған шелегіңізді босату керек болады. Яғни, шелекпен су толтырып алдыңыз ба, содан кейін оны басқа ыдысқа құйып босатыңыз. Яғни, беріңіз. Міне, сонда мың, миллион литр суды ала аласыз.

Өмірдің қарапайым құпиясы осы. АЛУ ҮШІН БЕРУ КЕРЕК. Бүгінде мол байлыққа жеткендердің бәрі осы АҚИҚАТТЫ жақсы түсініп, соны іс жүзінде қолданғандар. Ал ала беремін дейтіндер барынан айрылып, тауқыметтен көз ашпайды.

Бұл мәселе жайында бір мақаламен бәрін түсіндіру мүмкін емес. Алдағы уақытта оған кеңірек тоқталатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз. Ол үшін блогтың оқырманы ретінде жазылу формасы арқылы тіркеліңіз. Сонда жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырасыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика