1 224 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

арманКүн сайын дерлік түрлі өгерістер орын алып жататын мынау құбылмалы қоғамда адамдарға ең керегі — тұрақтылық. Адамдардың көбі баға тұрақты болса, қоғам тыныш болса, ел басқарғандардың башылық саясаты тұрақты болса деп тілейді. Өйткені, тек тұрақтылық қана адамға тыныштық пен бақыт әкеледі.

Тұрақсыздық сенімнен айырады

Мінезі құбылмалы, күн сайын өзгеріп отыратын пендеден есі дұрыс адамдар аулақ жүруге тырысады. Өйткені, ондай адамдар қазір дос болып отырып, әп-сәтте құбылып жауға айналып шыға келеді. Сондықтан мінезі тұрақсыз адамдарға жұрт онша жуи қоймайды.

Бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғам да құбылмалы болып кетті. Кеңес заманында біршама тұрақтылық бар еді, баға тұрақты, жалақы тұрақты, тіпті басшылық қызмет атқаратын адамдар да бір орнында көп жылдар отырып жұмыс істейтін. Қазір баға күн сайын өзгереді, соған орай жалақыны да аздап көтерген болады, яғни жалақы деңгейі де үнемі құбылып тұрады.

Жоғарыдан тағайындалатын әкімдер мен басқа да лауазымды қызметтегілер өздерінің сол орнында қанша отыратындықтарына еш сенімдері жоқ. Бір-ақ сәтте орнынан алып, басқа қызметке ауыстыруы мүмкін. Бұндай тұрақсыздықтар адамды сенімнен айырып, үнемі үрей мен қорқынышта ұстайды.  Бүгінгі қоғамды жайлап алған жемқорлықтың ең басты және негізгі себебі де осы тұрақсыздықтан.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Пәлен жерде алтын бар дейді…

Қазақта «пәлен жерде алтын бар дейді, барсаң бақыр да жоқ» деген нақыл бар. Мен қызметі мен мамандығын жиі өзгертіп, жалақысы көп жұмыс іздеп арпалысып жүретін біраз адамдарды білемін. Олардың ешқайссы да байып кетіп жатқан жоқ. Керісінше, бұрынғы жұмысыныкінен де аз жалақы алып, үнемі басшылыққа, айналасындағыларға көңілдері толмай, өкпелері қара қазандай болып  жүреді.

Бақытты болғыңыз келсе, мына құбылмалы қоғамда мінезі де, көзқарасы да күн сайын өзгеріп отыратын әлдекімдер сияқты өзгермелі жолды емес, тұрақтылықты таңдаңыз. Ең алдымен, өзіңізге ұнайтын, көңіліңізге жағатын мамандық таңдаңыз. Сол мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып одан ешқашан безінбей жұмыс істеңіз.

Міне, сонда сол мамандығыңыздың қыр-сырына қанығып, кәсіби білікті маман боласыз және айналаңызға сыйлы болып, соған орай табысыңыз да өседі. Ал, енді осындай тұрақтылықты отбасыңызда да сақтасаңыз, жарыңызға, балаларыңызға адал болып, өле-өлгенше солармен бірге болсаңыз, онда отбасынан да бақыт табарыңыз анық.

Бар бақытсыздықтың бастауы – тұрақсыздық екенін есіңізден шығармаңыз. Бұған көз жеткізу үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Айналаңызға байыптап қарасаңыз, тұрақтылықтан аулақ пенделердің қаншалықты тауқымет тартып, өзгелерге де қиындық әкеліп жатқанын көрер едіңіз.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика