228 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Өзін өзі жетілдіру ғылымының білікті сарапшысы американдық Брайан Трейси адам бақуатты және бақытты болу үшін ең алдымен ойды, сол арқылы сананы өзгерту қажет дегенді айтады. Бұл – өз өміріңізді жақсы жағына өзгертуге жасалған ең бірінші және ең маңызды қадам. Осы қадамды жасаған адам ғана өміріне оң өзгерістер енгізуіне мүмкіндік алады.

Сіз кіммен араласасыз

Қазақта «тең теңімен, тезек қабымен» деген нақыл бар. Бұның мағынасы: әркім өзіне теңдес, пікірлес адаммен дос болады дегенді білдіреді. Бірақ өмір жолы біз ойлағаннан гөрі, күрделі. Біз өзімізге мүлдем ұнамайтын, пікірлері қарама-қайшы адамдармен араласуымызға, тіпті бір бөлмеде отырып, бірге қызмет етуімізге тура келетін жайлар болады.

Қайыршыдан шығып, миллионер болған Брайан Трейсидің айтуынша, оның ата-анасы, айналасындағы көрші-қолаңдарының бәрі кедей болған және олардың ешқайссы байлыққа жетуді, тіпті армандамаған да, өйткені олардың пайымынша «байлардың бәрі өзгелерді қанап, тонап байыған жаман адамдар және ақша деген зұлымдықтың құралы» деген пікірде болған.

Міне, осындай ортада өсіп, санасы бала кезінен уланған ол өсе келе айналасындағылар сияқты кедейшілік қамытын киіп, тапқаны тамағынан артылмайтын күй кешеді. Бірақ оның өмірін өзгертетін бір оқиға болады. Ол ұсақ тауарларын сатып жүрген компанияда бірге қызмет ететін бір кісі күніне бірер сағат қана жұмыс істеп, ақшаны күреп тауып, қалған уақытында демалып, көңілі қалаған іспен айналысады.

Брайан сол кісіден бұның себебін сұрайды. Сонда әлгі: сауда жасау – өнер, оның қыр-сырын білу үшін осы саланың білікті сарапшыларымен кездесіп, үйрену қажет» дейді. Брайан осыдан кейін жолы болған, мол табыс табатын адамдармен жұғысып, олардан ү  йренуге тырысады. Алғашында оның үйренуі тек еліктеу түрінде болады. Яғни, ол мол табыс табатын жандарға ұқсап сөйлеп, солар сияқты жүруге тырысады. Күнде сондай адамдармен кездесіп сөйлесіп, соларға жақын жүруге тырысатын Брайан ұдайы солар жайында ойлап, ақырсында санасы да өзгереді. Міне, оның өмір жолы сол кезден бастап күрт өзгереді.

Кімнен кеңес алған дұрыс

Мен бір жарым жылдан бері ресейлік Лайф из Гуд МЛМ компаниясында әріптес ретінде қызмет етемін. Соңғы уақытта менің видеоларымды көріп, мақалаларымды оқыған біраз адам компанияға тіркеліп, Виста депозитін ашуға ниет етті. Мен олардың бәріне көмектесіп, тіркеп бердім. Бірақ, ақша салар кезге келгенде әлгілердің көбі табансыздық танытып, тайқып кетті. Ақшаларын салмағандықтан, олардың депозиттері өлі депозит болып, бір тиын табыс түсірмей текке тұр.

Бұндай қадамға олар неге барды? -деген сауал төңірегінде біраз ойландым. Сөйтсем, олардың бәрі менің видеосабақтарымды көріп, мақалаларымды оқыған соң әсерленіп, соның ықпалымен депозит ашып, табыс тапқылары келген екен де, бірақ ақша салар кезде айналасындағы туыстарының, достарының ықпалымен алғашқы пікірлерінен айнып қалған.

Енді мынаған назар аударыңыз: егер сіз өміріңізді өзгертіп, жаңа қадам жасау үшін айналаңыздағы адамдармен ақылдасар болсаңыз, олар сізге қандай ақыл беруі мүмкін? Мысалы, сіз қатардағы қызметкерсіз, ортақол жалақы аласыз, бірнеше кредиттеріңіз бар, яғни айналаңыздағы адамдар сияқты жалғыз жалақымен жан бағып жүрсіз. Кенет сізге жақсы табыс түсіретін, қаржылық жағдайыңызды жақсартатын мүмкіндік ашылды, яғни сізге сондай нәрсемен айналысу ұсынылды дейік.

Бұндай жағдайда сіз кіммен ақылдасқаныңыз дұрыс? Айналаңыздағы өзіңіз сияқты жалақымен қалт-құлт тірлік кешіп жатқан адамдар сізге қандай ақыл бермек? Әрине, олар табиғи түрде «бұл алаяқтық жоба, ақшаңнан айрыласың, ақымақ болма» дейді. Өйткені, олардың өздері де солай ойлайды және дәл солай әрекет етеді. Сіз олардың ақылын тыңдасаңыз, өмір бойы сондай жандардың ортасында қаласыз.

Бұндай ортадан сытылып шығып, бақуатты, бақытты жан болығыңыз келсе, сондай деңгейге жеткен адамдардан ақыл сұрауыңыз қажет болады. Егер ондай танысыңыз болмаса, онда интернетте ондайлардың видеосабақтары көп, соны тыңдаңыз. Ондай видеосабақтар, мақалалар сіздің санаңыздағы күдігіңіз бен күмәніңізді, қорқынышыңызды жойып, сенім мен үміт ұялатады. Сол арқылы сіз өміріңізді өзгертуге ұмтыласыз.

Түйін: Мынаны есіңізден шығармаңыз: өміріңізді өзгерткізі келсе, қоршаған ортадан аулақтаңыз, бірақ оларды тастап, басқа ортаға кету арқылы емес, өзіңіз өзгергіңіз келген бағытта өмір сүріп жатқан адамдардың өмірі, солардың іс-әрекеттері жайында ақпарат алу арқылы. Сананы өзгертетін ең бірінші қадам  – ой, ал ой алған ақпаратыңыздан пайда болады. Бақуатты болғыңыз келсе, онда соған жеткен және қалай жетуге болатыны жайындағы ақпараттармен санаңызды толтырып, күн сайын зарядтап отырыңыз. Сонда қоршаған адамдардың ықпалынан толық құтыласыз және санаңыз да өзгереді. Ал санаңыз өзгерсе, ерте ме, кеш пе міндетті түрде өміріңіз  өзгереді. Бұл – АҚИҚАТ.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика