8 049 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Адамдарға мына өмірді сонша қызықты және тартымды етіп тұрған құдірет – бақыт екендігі күмәнсіз шындық. Бірақ та, бақытты әркім әрқилы түсінеді. Біреу үшін бақыт байлық, атақ-мансап болса, енді біреулер бақыт дегенді ішіп-жеу, ойнап-күлу, қызыққа белшеден батып тірлік кешу деп біледі.
Қалай болғанда да, әркім өз бақытын тауып, мына бес күнгі тірлікте қызық пен рахатқа батқысы келеді. Дегенмен, бұл екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Оның себебі неде?

Бақытқа бастар жол.

Адамдардың көбі бақыт деген кездейсоқ басқа қонатын бақ құсы сияқты нәрсе деп түйсінеді. Шындығында бақыт алдыңа нақты мақсат қойып, соған нық сеніммен және табандылықпен ұмтылу арқылы қол жеткізуге болатын игілік. Адамдардың басым көпшілігінің бақытты бола алмайтыны да ол туралы қате түсініктен десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Үнді халқының ежелгі жыры «Махабхаратада» мынадай оқиға баяндалады. Ұлы ұстаз Дрона Каурава әулетінен шыққан 105 ханзадаға әскери жаттығу өнерін үйретеді. Ол садақ ату бойынша ханзадаларды сынау үшін көз ұшында бұлдырап көрінген ағаштың басына құстың мүсінін іліп қояды. Шәкірттерін бір-бірлеп шақырып, сол межеге садақтан оқ атуды сұрайды.

Алғашқы шәкірті келгенде Дрона одан «не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Ол «аспанды, алыстан бұлдыраған ағашты, оның жапырақтарын көрдім» дейді. Ұстаз оған атпай-ақ қой, бәрібір тигізе алмайсың дейді. Осылайша 104 ханзада оқ атпастан сынақтан сүрінеді.

Ұстаз ең соңында өзінің сүйікті шәкірті Арджунаны шақырады. «Не көріп тұрсың?» -дейді ол. Садағын қолына алып, ағашқа қарай кезенген ханзада «Құстың мүсінін, оның көзін көріп тұрмын» -деп жауап береді. Соны естіген ұстаз «ат» деп бұйырады. Садағын шірене тартқанда ханзаданың жебесі құстың дәл көзіне қадалады.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Ұстаз жиналған шәкірттеріне қарап: «Мен сендерден не көріп тұрсыңдар деп сұрағанда, сендер межеден басқа көптеген нәрселерді көрдік дедіңдер, яғни сендердің назарларың шашыраңқы болды, сондықтан оқтарыңды тигізе алмайтын едіңдер. Ал Арджуна «құстың мүсінін, оның көзін көріп тұрмын» деді, яғни ол бар ой-санасын межеге шоғырлады. Сондықтан атқан оғы дәл тиді» дейді.

Ненің бақыт әкелетінін анық біліңіз.

Жоғарыдағы әңгімеден ұғарымыз: «егер мақсатқа жеткіңіз келсе, ол мақсатқа ақыл-ойыңызды дәл шоғырлауыңыз қажет, ойыңыз басқа нәрселерге алаңдамауы тиіс, сонда мақсатыңызға сөзсіз жетесіз». Өкінішке орай, адамдардың көбі алдарына нақты мақсат қоймайды және өздеріне не нәрсенің бақыт әкелетінін нақты білмейді.

Олардың бақыт туралы түсінігі «шікрін мынадай игілікке жетсем, бақытты болар едім» деген бұлыңғыр арман-қиялдан аспайды. Ойлары шашыраңқы болғандықтан, олар мақсаттарына жете алмайды. Ол жәй арман ғана болып қалады.

Сіз белгілі бір игілікке жету арқылы нақты бақыт табатыныңызға нық сенетін болсаңыз және ақыл-ойыңызды сол игілікке бағыттап, оған жететініңізге кәміл сенсеңіз, арманыңыз міндетті түрде орындалады. Бұны дәлелдейтін оқиғалар тарихта көп болған және болып та жатыр.

Мойнына бұғау салынып, құлдықта жүрген Тимуджин өзінің барлық дала тайпаларын біріктіріп, ұлы хан болатындығына сенді. Ескендір Зұлқарнайынның өз әскерінен әлденеше есе көп Даридің қолын жеңетіндігіне, барша әлемді жаулап алатындығына күмәні болған жоқ. Ол шындығында сол арман-мақсатына қол жеткізді…

Егер бақытты боламын десеңіз, онда не нәрсенің сізге бақыт әкелетінін жақсы біліп алыңыз және алдыңызға нақты мақсат қойып, соған жететініңізге сеніңіз – бақытқа жетудің басты кілті осы.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика