Бақыт кілті – өзіңізде

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеБүгінде миллиондаған данамен ондаған тілдерге аударылып басылған Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» кітабы арқылы соңдарынан қалмаған қырсықтан арылып, өмір жолын ашып, ойларына алған мақсат биіктеріне жетіп жатқандар көп. Кітап – сізге табысқа жетудің әдіс-тәсілдерін беріп, бақытқа бастар жолды көрсетеді. Ал оған жету-жетпеу әркімнің өз қолында. Өйткені, кілтті алу бар да, онымен құлыпты ашып, қалаған мақсатқа жету бар. Яғни, кілтті алумен шаруа бітпейді, оны пайдаланып, тәжірибе жүзінде қолданғанда ғана бақыт сарайының есігі алдыңыздан ашылмақ. Сонымен, іске сәт, оқырман.

Өзіңді сендірудің бес кезеңі

  1. Өмірімнің мақсаты маған түсінікті және менде сол мақсатқа жетуге қажетті мүмкіндіктердің бәрі бар. Сондықтан да, өзімнен табандылықты талап етуге тиіспін. Мен өзімнен – талпынысты кейінге қалдырмауды қатаң талап етуім қажет. Бір қадам кейін шегінбей және шаруаны кейінге қалдырмай, мақсатқа жету жолында қолымнан келгеннің бәрін жасайтын боламын.
  2. Менің санамның қожайыны – ойларым сыртқы әрекеттеріме ықпал етіп отыратынын әрдайым түйсінемін. Сондықтан да, мен күн сайын кем дегенде жарты сағат өзімді болашақта қандай дәрежеде көретінімді елесетіп, ақылымды соған шоғырлаймын және сол бейнемді анық көз алдыма келтіруге тырысамын.
  3. Өзімді сендіру принципі негізінде мен қандай тілек болмасын санамда тұрақты бейнені қалыптастыруға табандылықпен ұмтылған сайын нақты өмірде оны жүзеге асырудың жолдары ашылады. Сондықтан да, күн сайын он минут өзімді сендіруге күш салатын боламын.
  4. Мен өз өмірімнің басты мақсатын нақты айқындап алдым және сол мақсатқа жеткенше өзімді толық сендіруге талпыныс жасауды тоқтатпаймын.
  5. Мен мынаны толыққанды сезінемін: байлық та, қоғамдағы биік дәреже де егер ол шыншылдық пен әділдікке негізделмесе тұрақты болмайды. Сондықтан да, мен ешқашан өз ар-ұятымды басқа әріптестеріме пайда әкелмейтін шаруалармен айналысуға мәжбүрлемеймін. Мен мақсатыма басқа адамдармен тізе қоса бірлесе отырып, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жететін боламын. Мен әріптестеріме егер маған көмектессе, оларға да соншалықты көмектесіп, пайдамды тигізетінімді дәлелдеймін. Мен өзіме де, айналамдағыларға да еш пайдасын тиігзбейтін іштарлық, күмәншілдік, өзімшілдік, сараңдық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болып, игілік әкелуге әсерін тигізетін адамдарға деген махаббат сезімін орнықтырамын. Мен адамдардың өзіме сенуіне мәжбүрлеймін, өйткені мен өзіме және басқаларға кәміл сенемін. Мен табысқа жеткізетін осы формулаға қол қойып, жаттап алатын боламын және өзімнің әрекетім мен мінез-құлқыма игі әсерін тигізгенше күн сайын дауыстап қайталап отырамын.

Бұл формула ешкім түсіндіріп бере алмайтын табиғаттың заңдарына негізделген. Оны кім қалай атайды, мәселенің мәні онда емес. Ол егер дұрыс пайдаланған жағдайда барша адамзатқа игі ықпалын тигізіп, қызмет етеді. Бұл тұжырым мынадай түсінікке әкеледі: егер адамдар кедейшіліктен, түрлі бақытсыздықтар мен жолы болмаушылықтан тауқымет тартатын болса, оған ең алдымен өздері кінәлі, өйткені, олар теріс ойларымен өздерін осындай халге ұшыратқан, ал ойдың заттану қабілеті бар.

Өзіңізге өзіңіз жамандық шақырмаңыз

Түйсік жақсылық әкелетін, не жамандық шақыратын ойларды бөліп-жармайды. Ол біз ұсынған материалдармен ғана жұмыс жасайды. Түйсік құлшылық ету ахуалында туғызған жағымды жақсы ойлар сияқты, қорқыныш пен үрейден туғын өзімізге залалын тигізетін жаман ойларды да заттандырады.

Өзіңді сендіру әрекеті электр қуаты сияқты әрекет етеді. Егер сіз дұрыс пайдалансаңыз, электр қуаты игілік әкеледі, ал дұрыс пайдаланбасаңыз, өміріңіз бен денсаулығыңызға қатер тигізеді. Сол сияқты өзіңізді сендіру игілік пен байлыққа, бақытқа бастап әкеледі және керісінше теріс пайдаланған жағдайда денсаулығыңыз бен өміріңізге қауіп төндіріп, бақытсыздықтарға ұшыратады.

Егер сіз түйсігіңізді қорқынышпен, күмәнмен, сенімсіздікпен толтырсаңыз, сөйтіп, Жоғарғы Санаға назарыңызды бұрып, сол қуатты пайдалансаңыз, онда өзіңізді сендіру заңы бойыңыздағы сенімсіздік пен күмәнді күшейтіп, сол өзіңіз жасап алған құбыжыққа табынатын боласыз, ал түйсік оны шынайы бейнеге айналдырады.

Жел желкенді қайықты батысқа, не шығысқа айдайтыны сияқты, өзіңізді сендіру заңы да сізді жоғары көтеріп, не құрдымға құлатуы мүмкін. Ол  ой – желкеніңізді қандай бағытқа қаратуыңызға байланысты болмақ.

Өзіңізді сендіру сізді ақылға сиымсыз шырқау шыңға көтеруі мүмкін, ол туралы мына өлең жолдарында анық айтылған:

Егер сізге ұрыс жеңіліспен аяқталғандай болып көрінсе, онда солай болғаны. Егер өзіңізге сенбесеңіз, тәніңізге сансыз жарақат түседі.

Егер сіз өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де мәңгіге жоғалғандай сезінсеңіз, онда солай болған. Өйткені, табысқа жетудің кілті біздің өзімізде.

Егер сіз өзіңізге игілік берілді деп сезінсеңіз, онда бұған сенімді болуыңыз шарт. Өзіңізге міндетті түрде сеніңіз, сонда жеңіс күмәнсіз келеді.

Бәлкім, сіздің тағдыр талқысына түсіп, күресу маңдайыңызға жазылмаған шығар. Бірақ бірбеткей қайсар жан «менің қолымнан келе ме?» деген сауалға «Иә» деп нық жауап береді.

Ақын жырлаған осы өлең жолдарының терең мәніне үңіліп байқаңыз, сонда оның мәнін жүрегіңізбен түйсінетін боласыз.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика