Бай-бақуатты болғыңыз келсе…

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазіргі нарық заманында бай-бақуатты болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ та, барша адамның арманы болған байлық адамдарды таңдап, талғап қонатын бақ құсы сияқты жүздің, тіпті мыңның біріне ғана бұйыратын игілік сияқты. Осыдан бес мың жылдай бұрын Вавилонда өмір кешкен Бензир және Кобби деген кісілер де бай-бақуатты болсақ деп армандапты. Олар қанша бел жазбай еңбек етсе де, бірақта байлыққа қолдары жетпей, кедейшіліктен құтыла алмапты.

Вавилондық байдың құпиясы.

Бір күні Кобби көшеде алтын жалатқан әсем күймемен келе жатқан бұрынғы бала кезден бірге өскен досы Аркаданы көреді. Ол бұл жөнінде Бензирге айтып, содан олар бала күнгі достарынан байлыққа қалай қол жеткізгендігінің құпиясын білуге келеді. Аркаданың айтқан әңгімесі түрінде баяндалатын бұл кітап бүгінде бай-бақуатты болғысы келетін жандардың бастарына жастап жатып оқитын дүниесіне айналған.

Ежелгі вавилондық байшыгеш бай болу үшін көп жұмыс істеп немесе көп табыс табу міндет емес дейді. Байлықты армандап, оған қол жеткізе алмай өмірден өтетін пенделердің ең үлкен қателігі де көп еңбек етіп, мол табыс табу арқылы баюға болады деп жаңсақ ойлауынан болса керек. Вавилондық байшыгештің пікірінше, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшадан ақша жасау өнерін меңгеру арқылы ғана мол дәулетке ие болуға болады.

«Егер сіздің бес тауығыңыз бар дейік, олар күн сайын сізге он жұмыртқа беріп тұрады. Егер сіз сол он жұмыртқаны түгел пайдаланып отырсаңыз, онда сізде ештеңе қалмайды. Ал 9 жұмыртқаны жеп, бір жұмыртқаны себетте қалдырып отырсаңыз, ай біткенде 30 жұмыртқа жиналады. Соны сатып, тағы бір тауық алуға болады. Күніне бір жұмыртқаны себетте қалдыру арқылы осылайша сіздің болашақ мол байлығыңыз жиналады» дейді вавилондық Аркада.

Жалақы өскен сайын, шығын да өседі.

Менің бір танысым бар. Өмірі қарыз сұрап, ақшам жетпейді деп шағынып жүретінін естимін. Бүгінде оның балалары ержетіп, өз алдына отау құрып кеткен. Әйелі зейнетақы алады. Өзі жұмыс істейді. Осыдан бірер жыл бұрын оның қызметі өсіп, қазіргі күнгі өлшеммен қомақты жалақы алатын болды. Бірақ ол сонда да қарыз сұрауын қоймай келеді. Айтатыны: кредит бар, шығын көп, жетпейді.

Жалақы көбейген сайын шығын да өсе түседі. Қанша көп жалақы алса да, жарымай жүретіндердің ең басты қателігі де осында болса керек. Вавилондық байшыгеш айтқандай, сіз ай сайын жалақыңыздың бір бөлігін, мәселен, 10 пайызын депозитке салып немесе акция сатып алып отырсаңыз, болашақ байлығыңыздың іргетасы сол болмақ. Жалақыңыз көбейген сайын, әлбетте оның 10 пайызын құрайтын инвестицияңыздың көлемі де арта бермек. Бұндай жағдайда сізге болашақта мол байлық әкелетін қорыңыз да тез көбейе түспек. Әлбетте депозиттегі қаржыңыз ғана өсіп қоймай, оның өсімі де еселеп өсе беретіні анық.

Қалт-құлт тірлік кешкен бизнесмен әйел.

Роберт Киосакидің пікірінше, байлық адамның табысының көлемімен емес, табатын нақты табыс мөлшерімен өлшенеді. Өзім тұратын қаладағы үлкен автобус паркінің қоджайыны өткен жылы маған бір кітап жазуға тапсырыс берді. Бай кәсіпорынның қожайынында ақша көп болар деген оймен қанша төлейтіні жөнінде нақты сұрауды артық деп санап, жаз деген кітабын жазып бердім.

Кітап жазылып біткен соң ғана ол кітаптың құнын сұрады. Баспаға төлейтін ақысы бар, оған қоса жазғаным үшін берілетін қаламақы бар, елдегі баға бойынша миллион теңгедей болады дегенімді естігенде «мұнша ақшаға кітап шығарудың қанша қажеті бар» деп шап ете түсті. Ол менімен саудаласып отырып, қаламақыма 350 мың теңге ғана беруге, оның өзін бөліп-бөліп төлеуге әзер келісті. Кейін белгілі болғандай, бай кәсіпорынның қожайыны қарапайым жұртшылық сияқты қалт-құлт тірлік кешеді екен.

Ай сайын табатын миллиондаған теңге табыс түгел дерлік қызметкерлердің жалақысы мен автобустарды жөндеуге, жанар-жағар майға, басқа да шығындарға жұмсалатын көрінеді. Осылайша, оның нақты табысы ортақол қызметкердің жалақысының деңгейінде ғана болып шықты.

Бай-бақуатты болғыңыз келсе, ақшаңызды үнемді жұмсауды, ең бастысы, оның бір бөлігін инвестициялап отыруды берік әдетке айналдырыңыз…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика