Байлыққа қалай қол жеткізуге болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

табандылыкБай-бақуатты болу бүгінде көп адамдардың басты арманына айналғандығы шындық. Кеңес заманындағы «байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деген түсінік қазір келмеске кетті. Әрине, ақшаға бәрін сатып ала алмайсың, дегенмен де, ақша саған қаржылық тәуелсіздік, ертегі күніңе деген сенім әкелетіні анық.

Ақша жәй қағаздан жасалған мемлекеттік белгі емес, ақша – ең алдымен Жаратқанның қуаты. Ақшаның қуат екенін айғақтайтын жайлар жетерлік. Мәселен, ақша немесе бағалы зат адамдардың санасына үлкен әсерін тигізеді. Ертеректе американдық «Маккена алтыны» деген фильм болған. Соның кейіпкерлері аяқ астында шашылып жатқан алтын алқапты көргенде ақыл-естерінен айрылып есірік күйге түседі. Бұның бәрі ақша немесе байлықтың адам санасына үлкен әсер ететін құдіретін айғақтайды.

Байлыққа қол жеткізу үшін не істеу қажет?

Күндіз-түні бел шешпей еңбек ету, қара нан мен қара сумен күн кешіп, бар ақшаңды жинау сияқты тәсілмен бақуаттылыққа қол жеткізу қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен, ақшаның Жаратқанның қуаты екендігін ескеріп, оған құрмет сезімімен қарау қажет. Ақшаға табынбаңыз, бірақ оған деген құрмет сезімі бойыңызда болуы тиіс. Мәселен, ақшаны қалтаңызға умаштап салмаңыз, әмияныңызға ақшаның бетін жоғары қарата салыңыз, ақшаны жаратқанда да, табысыңызды алғанда да қуаныш сезімінде болғаныңыз жөн. Мұның бәрінің ақшаны тартып, шақыртушы ықпалы болады.

Ақша адамға қуаныш, бақыт әкелетін қуат. Егер сіз көңіл күйіңіз болмай, басыңызға түскен қиындықтар мен шешімін күткен шаруалар туралы ойлап, жабығыңқы күйде жүрсеңіз, ақшаның келу жолын жабасыз. Сондықтан сіз өз ақыл-ойыңызды басқаруды үйренуіңіз шарт. Қазақ «жақсы сөз — жарым ырыс» дейді. Тек жақсылық туралы ойлап, жақсы нәрселер жайлы әңгімелейтін адамға жақсылық жақындайды. Керісінше «өмірде жолым болмайды, қырсық қыр соңымнан қалар емес, мен дегенде құдайдың қырсығы дайын тұрады» деген сияқты жйларды ойлап немесе айтып жүретін болсаңыз, қырсық сіздің қыр соңыңыздан қалмайтын көлеңкеңізге айналады.

Байлыққа жол ашатын осы шарттарды сақтап, ақыл-санаңызды бақылауда ұстап жүрсеңіз, бақуатты тұрмысқа қол жетеріңіз анық дейді сондай дәрежеге жеткен дәулетті жандар. Әрине, құдай берген мінезді өзгерту өте қиын, бірақ та ақырындап күш салар болсаңыз, көп ұзамай нәтижеге жетеріңіз даусыз.

Қарапайым жаттығу.

Басыңызға түскен қиындықтар мен көңіл күйіңізге көлеңкесін түсіретін жайларды ұмыту үшін мынадай сөздерді іштей үнемі қайталап жүргеніңіз жөн:

  • Менде барлық қымбат тамаша заттар болады;
  • Маған күн сайын ақша жеңіл түрде келеді,  ақша табу маған еш қиын емес;
  • Тапқан ақшаны алу немесе оны жарату маған үлкен қуаныш пен қанағаттанарлық сезім әкеледі.

Осы қарапайым жаттығуды әрдайым ойша жасап жүрсеңіз, оның көмегі болары күмәнсіз.

Арман биіктерге бастайды.

Лашықта тұратын сіңірі шыққан кедейшілікте өмір кешкен біреу бай-бақуатты болуды армандайды. Ол ойша өзінің үлкен вилласы, қымбат автокөлігі мен мол азық-түлік қоры барлығын көз алдына келтіруге тырысады. Осылайша оймен бақуатты тірлік кешкен ол бірнеше жылдан кейін шынында да сондай байлыққа қол жеткізеді.

Бұны ойдан шығарылған ертегі деп ойлайсыз ба? Жоқ. Лашықта тұрып, қиялмен тірлік кешкен канадалық Джон Кехо бүгінде әлемге аты танымал тұлға. Оның ақыл-ойды өзгерту арқылы кез-келген арман мақсатқа жетуге болатындығы жайлы кітаптары көптеген тілдерге аударылған және миллиондаған адамдардың сүйіп оқитын дүниесіне айналды.

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика