1 037 көрілім

тәубеБасқарылатын сенім кез-келген ойды тербеліске түсіреді. Сіз өзіңізге деген нық сенімге ие болу арқылы ақыл-ойыңызды шексіз биікке көтере аласыз.

Сенім — ақыл-ой қабілетінің қозғаушы күші. Егер сенім оймен біріксе, онда ақылдың құлшылық түріндегі толғақты сәті туындап, ол түйсігімізді, онан әрі рухымызды қамтиды.

Барлық жағымды эмоцияның ішіндегі ең құдыреттісі сенім мен махаббат және сексуалдық сезім болып табылады. Олардың бәрі бірлесе әрекет жасай отырып, «толымды» көрініс туындатады. Өзіңіздің ойыңыз кейпіндегі сол көтеріңкі бейнені дәл қабылдау қажет.

 Іздеңіз – сонда назар аудартасыз

Осылайша біз тілекті заттандыруда өзіңізді сендірудің қаншалықты зор ықпалы болатынын түсінуге жақындаймыз. Шын мәнінде сенім – бұл ақылдың бір өлшемі ғана. Бұл өлшем түйсігімізге өзімізді сендіру арқылы көптеген рет жасанды түрде келуі мүмкін.

Бұның көрінісі ретінде, сіз осы кітапты оқи отырып алдыңызға қойған мақсатты алыңыз. Бұл – сіздің  тілек түріндегі серпінді оның заттық эквиваленті – ақшаға айналдыруға жасаған талпынысыңыз.

Сенім – сананың бір өлшемі және оны он үш түрлі ұстанымға негізделген ерік күші арқылы жетілдіруге болады. Осы ұстанымдар арқылы ол саналы түрде жетілдіріледі.

Сенім сезімін саналы түрде жетілдірудің жалғыз белгілі тәсілі – священниктердің жасағанындай, оны түйсікке енгізу болып табылады.

Бұл тәсіл егер қылмыстың табиғатына назар аударсаңыз бәлкім түсінікті бола түсер. Атақты криминалистердің пайымынша, адам алғаш рет қылмыспен тоқайласқанда бұл оның бойында жиіркеніш сезімін туғызады. Егер ол қылмыспен біраз уақыт тығыз байланыста болса, біртіндеп бой үйрете бастайды. Ал ұзақ уақыт бойы қылмыс әлемімен араласу адамның санасында қылмыстық ақыл-ойды орнықтырады. Дәл осылайша, үнемі ақша туралы ойлау, оны заттық эквиваленті – нақты ақшаға айналдырмақ.

Осы орайда мына формула жайында тағы да тереңірек ой түюге шақырамын: сезім деңгейіндегі барлық ойларыңыз, егер ол сеніммен араласқан болса, бірден заттана бастамақ.

Дегенмен де, түйсіктің тереңіне тек сеніммен араласқан ой ғана емес, сондай-ақ, жағымды немесе жағымсыз эмоциялармен араласқан ойлар да жете алады.

Жолы болмаушылық па? Далбаса!

Біз бұл арада түйсіктің жағымды сипаттағы ойларды ғана емес, жағымсыз жаман ойларды да заттандыратын табиғатын түсінуге жақындаймыз. Миллиондаған адамдардың «жалы болмаушылық», «бақытсыздық» деп атаған таңғаларлық феноменінің мәнін осымен түсіндіруге болады. Мұндай адамдар әдетте, өздерін кедейшілік пен тауқыметте өмір сүру маңдайларына жазылған деп санайды. Олардың пайымынша, мұндай теріс әрекеттерді жасауға әлдебір күш еріксіз итермелейді және оған қарсы еш қайран жасай алмайсың. Ондай адамдар өз «бақытсыздықтарының» жасаушысы болып табылады. Олардың өздеріне деген сенімсіздіктері мен күмәні түйсігінің тереңіне еніп, содан соң заттана бастайды.

Бұл арада мынаны тағы да еске сала кеткен артық болмас: сіз түйсігіңізге енген кез-келген ой-тілектеріңізді заттандыра аласыз. Сіздің табиғи түрде сеніп және іштей күтіп жүруіңіз, шын мәнінде таңғажайыптардың орын алуына жол ашады. Сіздің сеніміңіз немесе күмәннан аулақ болуыңыз – бұл түйсік қызметін бағыттайтын фактор болып табылады. Сіз өзіңізді сендіре алсаңыз ғана ол жұмыс істейді. Міне, осылайша мен де ұлымның түйсігін алдап, қалаған бағытыма бұра алған едім.

Осындай «өзіңізді алдаумен» айналысу оңай, егер сіз қажет заттарды иеленген болсаңыз және оны түйсігіңізге енгізсеңіз. Мұндай жағдайда түйсік қолжетімді барлық тәсілдер арқылы физикалық заттану деңгейіне жете алады.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, тәуекелдеріңіз бен қателіктеріңізден үйрене жүріп түйсігіңізге сіңіретін ой сенімдеріңізді басқаруды үйренесіз.

Сонымен бірге, сізге санаңыздағы жағымды ойларды көтермелеп, оның санаңыз бен түйсігіңізді толайым билеуіне мүмкіндік ашу және жағымсыз ойлардан аулақ болу қажет болады.

Жағымды ойлар басым болған сана сенімге қамқоршы болатын қуат кейпін алады. Мұндай жағдайда сана түйсікке ол дереу қабылдап, өңдейтін нұсқауларды беріп отырады.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика