1 211 көрілім

ысырапАрмандау жәй қиялға беріліп, уақытты текке өткізу емес. Асқақ армандар адам санасының көкжиегін кеңейтіп, биік мақсаттарға бастайды. Биік мұраттарға қол жеткізгендердің бәрі арманшылдар. Биіктерді бағындыру ең алдымен, қиял-арманнан бастау алады.

Арман тілекті оятады

Сонымен, арманшыл адамның тілегі – биіктерге бастайтын меже болып табылады. Арман селқостықтан, жалқаулық пен өзіне сенбеушіліктен тумайды.

Есіңізде ұстаңыз, мәре сызығын бірінші болып қиғандардың бәрі өз жолын қиял арманнан бастағандар. Олардың өміріндегі өзгерісті кезең жан күйзелісі мен қиындықтардан бастау алады. Олар сол тығырықтан мүлдем басқа адам болып шығады.
Ағылшын тілінде жазылған әлемдегі ең үздік шығармалардың бірі болып саналатын Джон Баньянның «Пилигримнің саяхаттары» кітабы діни көзқарасы үшін түрмеде отырып шыққанан кейін жазылған.

О.Генри өзінің бойындағы талантын Огайо штатындағы Коломбес түрмесінде отырған кезінде байқаған. Қапаста отырған кезінде ол өмір жолын таңдауы тиіс болды: не қылмыскер болып, күнәкарлықпен күн кешеді, болмаса жазушы болуы тиіс. Ол жазушылықты дұрыс санаған.

Чарлз Диккенс сыра құтысына қағаз жапсырумен айналысыпты. Алғашқы махаббатының сәтсіздігі оның жан дүниесін қатты күйзеліске түсіріп, әлемдегі ең атақты жазушылардың біріне айналдырған.

Элен Кеплер туғаннан саңырау, соқыр және мылқау болған. Сондай мүгедектігіне ақарамастан, ол атын тарихта мәңгі қалдыратын шығармаларын дүниеге әкелді. Ол бар өмірін әрбір пенде өзін тағдырдан жеңілдім деп мойындамай, ешқашан жеңіліс таппайтынын дәлелдеуге бағыштады.

Роберт Барнс деревняда туып өскен сауатсыз жігіт еді. Сіңірі шыққан кедейлігіне қосымша ол айықпас маскүнем болатын. Бірақ оның ішіндегі поэтикалық талантты бойына жиған жанның жарыққа шығуы әлемге өлмес мұралар сыйлады.
Бетховен саңырау, ал Мильтон соқыр болды. Бірақ олар есімдерін тарихта мәңгі өлместей етіп қалдырды, өйткені арманшыл болып қана қоймай, сол армандарын өлмес шығармаларға айналдыра алды.

Тілекпен бірге, сол арман тілекті қолына түсіруге дайын болу да бар. Егер сіз өз арман-тілегіңіздің орындалатынына сенбесеңіз, онда оны қабылдауға дайын емессіз. Ақырсында, сіз мынаны жадыңызда ұстаңыз: байлық пен молшылыққа жетсем деп ұмтылу, кедейлік пен тұрмыс тауқыметіне мойынсынудан ауыр емес.

Мүмкін еместің мүмкін болуы

Бұл оқиға – кітабымыздың ең шарықтау шегі саналады. Мен сіздердің назарларыңызға тағдыры таңғажайып адамды ұсынғым келеді. Мен оны дүниеге келген сәттен бірнеше минут өткенде көрдім. Оның құлағы жоқ еді. Дәрігердің пайымынша, ол өмір бойы саңырау және мылқау болып өтуі тиіс-тін.

Мен дәрігердің бұл пікірімен келіспедім. Өйткені, дүние есігін жаңа ашқан сәбидің әкесі едім. Менің де бұл жөнінде өз пікірім болды, оны мен ішімнен, үнсіз айттым.

Мен өзіме өзім былай дедім: менің ұлым сөйлей де, ести де алатын болады. Мен іштей бір тәсілдің барлығына және оны табатыныма сендім. Атақты Эмерсонның айтқан мына сөзін есіме алдым: «Мына өмір түгел біздің сенімімізді шыңдауға құрылған. Өз тағдырыңа мойынсұнып, жылдар бойы қиындықтар мен тауқыметке қарамай күтуден үміт үзбеу керек, сонда адамдардың Тәңірі сенімен тілдесетін болады».

Тәңірдің сөзі деген не? Тілек! Менің мына өмірдегі ең басты тілегім ұлымның мүгедек болмауы болатын. Бұл тілектен мен ешқашан бас тартпадым.

Бірақ тағдырдың ісіне не істей алмақпын? Мағын құлақ қалқаны жоқ ұлымның санасына осы ой-ниетімді сіңіріп, сондай тілекті ояту қажет еді.

Мен мынаған бел байладым: ұлым адамдармен қарым-қатынас жасайтын жасқа жеткен сәт, оның санасын естуге деген ынта-ықыласпен толтырамын, ал табиғат менің тілегіме үн қосуы тиіс.

Мен бұл мақсатым туралы тірі жанға тіс жарған жоқпын. Бірақ күн сайын өзіме өзім: «ұлым қалайда еститін болуы тиіс» дегенді қайталап жүрдім.

Ұлым өсіп, бұғанасы беки бастаған кезде біз оның тас саңырау емес, әлсіз де болса есту қабілеті барлығын аңғардық. Бірақ жасы өсіп, бұғанасы қатқан кезде басқа балалар сияқты сөйлеуге мүлдем ниет етпеді. Дегенмен, сырттан келген дыбысты аз да болса ажырататыны аңғарылды. Ең бастысы да осы еді.
Мен есту қабілеті, тіпті аз мөлшерде болса да бар екен, онда оны дамытуға болады деп ойладым. Қолайлы жағдай күтпеген жақтан келді.

Эврика

Біз ұлымызға арнап фонограф сатып алдық. Сәби музыканы алғаш естіген сәтте ғажап күйге бөленіп, дереу құрылғыға жармасты. Бірде ол пластинка қойылған құрылғыны екі сағаттан астам уақыт айналдырды. Және ол фонографтың түтігінің шетін тістеп, содан айрылмады. Сол кезде біз дыбыстың сүйек арқылы берілетін қасиеті туралы ойламаппыз.

Содан көп ұзамай мен ұлымның бас сүйегіне қолымды қойып сөйлесем, дыбысты анық еститінін аңардым. Сол-ақ екен мен оның санасына есту және сөйлеуге деген құлшынысты сіңіруге тырыстым. Кейінірек сәбиге ұйықтар алдында түрлі ертегілер айтудың ұнайтынын байқадым.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика