1 324 көрілім

кілтБүгінде бай-бақуатты болғысы келетіндер жетерлік, бірақ адамдардың көбінің байлыққа жету жөніндегі ой-пікірлері дұрыс болмай жатады. Дұрыс ойлай білу – байлыққа қол жеткізетін алғашқы және ең негізгі қадам. Напалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабының өзекті мәні де дәл осында.

Сіздің ақша тапқыңыз келе ме? Онда мына алты қадам мақсатыңызға жетуге көмектеседі

1. Ең алдымен сізге қанша ақша қажет екендігін нақты анықтап алыңыз. «Мен көп ақша тапқым келеді» деу жеткіліксіз. Нақты ойлап үйреніңіз (кітаптың келесі тарауларында нақты цифрлардың психологиялық жағынан қаншалықты маңыздылығы түсіндіріледі)
2. Өзіңізге мынаны ашық айтып мойындаңыз: байлыққа жету үшін нендей құрбандықтарға барар едіңіз? (Ешнәрсе де тегін келмейді, солай емес пе)
3. Ойлаған ақшаңызға қол жеткізу үшін қажетті мерзімін белгілеңіз.
4. Өзіңіздің арман мақсаттарыңызды орындауға қажетті іс шаралар жоспарын жасаңыз және тіпті, оны орындауға дайын болмасаңыз да тез арада іске кірісіңіз.
5. Бәрін нақтылап жазыңыз: қанша ақша, ойыңызды жүзеге асыру үшін уақыт қажет, мақсатқа жету үшін нендей құрбандықтарға бара аласыз, ақша табу жоспары.
6. Күн сайын ұйқыға жатар алдында мақсат жоспарыңыз жазылған жазуды дауыстап оқыңыз. Оқып жатқан сәтте мақсатыңызға жеткендей, ақшаны қолмен ұстағандай сезініңіз.

Бұл алты пункттен тұратын кеңесті, әсіресе соңғысын қатаң сақтап, орындау маңызды. Ақша қалтамда деп өзімді қалай сендіремін деп қорықпаңыз. Ең бастысы, ынта тілектің болуы. Ынта-ықылас мақсатқа жетудегі маңызды көмекші болады. Сіздің мақсатыңыз – ақшаға қол жеткізуді армандау және ол өте күшті, бар ақыл-санаңызды билейтін арман болуы тиіс. Сонда ғана арманыңыз шындыққа айналмақ.

Жүз миллион тұратын ұстаным

Өз ақыл-ойын жаттықтырумен айналыспаған адамға бұл есуастық болып көрінуі мүмкін. Бәлкім, ондай адамдарға Эндрю Карнегидің авторлығымен алынған ақпараттың қалай құрастырылғанын білу қызықты шығар. Ол ақпаратта металургия зауытында жұмысшылықтан бастаған, қалтасында көк тиыны жоқ пенденің сол жағдайдың өзінен жүз миллион доллар капитал жинағаны жан-жақты айтылған.

Бұл ұстанымды Томас А. Эдисон қария да құптаған болатын және ол осы тәсіл арқылы тек мол байлыққа қол жеткізіп қана қоймай, ойға алған кез келген мақсатқа жетуге болатынын айғақтайды.
Бұл ұстаным ақ тер, көк тер болып бел жазбай жұмыс істеуге емес, құрбандықтарға баруға шақырады. Сізден бұл күлкілі және әрнәрсеге сенгіш аңғал болуды талап етпейді. Оны жүзеге асыру үшін толымды білімді болу қажет. Сіз өз санаңызды мына бағытта жұмыс істеуге мәжбүрлеуіңіз керек: ақша жинауды кездейсоқтық пен жолы болғыштық сияқты құбылыстарға артпау қажет. Мынаны есте ұстаңыз: ірі көлемде ақша жинаған кәсіпкерлер көп уақыт күткен және үміттенген, тек содан кейін ғана ақша ағыл-тегіо келе бастаған.

Тағы да мына жайды есіңізден шығармаңыз: ақшаға деген ынтықтықты шегіне жеткізбейінше және өзіңіздің бай-бақуатты боларыңызға кәміл сенбейінше байлыққа жете алмайсыз.

Кешегі үлкен арман – ертеңгі мол байлық

Байлықты қуатын бүгінгі пенделер үнемі өзгеріп отыратын дүниеде өмір сүреді. Бұл дүние үнемі жаңа идеялар мен іс жүргізудің жаңа тәсілдерін, оқу жүйесін, көшбасшыларды талап етеді. Міне, осындай үздіксіз бәсеке мен жарыс барысында алдына нақты мақсат қойып, соған жетсем деген ыстық ықыласы болған жандар ғана биктен көріне алады.

Байлыққа жетсем деп армандайтын әр пенде мынаны ұмытпауы тиіс: бұл әлемнің нағыз көшбасшылары көзге көрінбейтін, қиялдағы күштерді пайдаланып, оларды зәулім үйлерге, қалалар мен кәсіпорындарға, автокөліктерге, басқа да өмірді жайлы ететін нәрселерге айналдырған.

Сіздің арман қиялыңызға ештеңе бөгесін болмауы тиіс. Сізге бүгінгі әлем көшбасшысына айналған АҚШ мемлекеті қарыздар болған жаңа құрлықты алғашқы бағындырушылардың ой санасына ену қажет болады.

Егер сіз бір жақсы игілікке қол жеткізгіңіз келсе және оған сенсеңіз, онда күмәнданбаңыз, білек сыбана іске кірісіңіз. Айналаңыздағылардың егер сәтсіздікке ұшыраған жағдайда не айтарына назар аудармаңыз, өйткені әрбір сәтсіздіктің астарында сәттілікке бастар маңызды қадам тұрады.
Томас Эдисон электр лампасы туралы қиялдады. Ол осы қиялын жүзеге асыруға бірден кірісті және он мың рет жасаған талпынысы сәтсіз болғанына қарамастан, алған бетінен қайтпады. Арманшыл әрекетшілдер ешқашан ойларына алғандарынан бас тартпайды.

Уэлан темекі сататын дүкендер желісі туралы армандады, ал қазір Америкада әр қадам басқан сайын оның дүкен желілері бар. Ағайынды Райттар ұшқыш құрылғы жайында арман етті. Бүгін олардың арман қиялдарының қаншалықты шындыққа жанасатынын жұрт көздерімен көріп жүр.

Маркони сезіне алмайтын қуат арқылы дабылдарды ауамен беруді арман етті. Бүгінгі телевидение мен радио оның арманының бекер еместігінің айғағы. Ал бір кезде сол арман қиялы үшін Маркониді психиатриялық ауруханаға жіберіп, ақыл есінің дұрыстығын тексерген еді. Бүгінде де қиялшылдарға оң көзбен қарайды демексіз бе?

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика