1 221 көрілім

ақша«Бақытсыздық деген не?» деп сұрапты бір жебірейден. Сонда ол: «қалтаңда бір тиын ақша болмауы, нағыз бақытсыздық — осы» деп жауап беріпті. Қалтасында көк тиыны жоқ адам көшеде өзін қалай сезінетінін түйсіну үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Ақша адамға қуат, сенім және жайлылық сияқты сезімдер береді. Дегенмен, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған құбылыс. Байлыққа қол жетудің нақты амал-тәсілдері жайлы Наполеон Хиллдің «Ойлан да, байы» кітабынан өмірлік мәні бар аса құнды ақпараттар табасыз.

«Жоқтың» тасасына жасырылған «Иә»

Ескі диірменде Дерби мырза екеуміз әңгімелесіп тұрғанда ол маған атасы мен мулат қыздың арасында болған оқиға жайында айта келе «бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, ақырған ақсақалды райынан қайтарып, айтқанын істеткен сәбидің бойындағы қандай күш?» деп сұрады.

Бұл сауалдың жауабын сіз кітабымызда жазылған жайлардан табасыз. Бұл жауап толымды да нақты және түрлі ұсыныстар мен пікірілерге сүйене баяндалатындықтан, әркім онан құнды ақпарат алып, кәдесіне асыруына мүмкіндігі бар.
Кітапты оқи отырып, сіз бұл сауалдардың жауабын жүрегіңізбен терең түйсіне түсесіз. Бұндай түсінікке сіз кітаптың бірінші немесе соңғы тарауларын оқығанда келуіңіз мүмкін. Түсінік сізге өткен өміріңізде жасаған қателіктеріңізден сабақ алу немесе жаңа жоспарлар жасау түрінде келуі де мүмкін.

Мистер Дерби өзінің отыз жылдық қамсыздандыру агенті қызметіндегі жетістіктері үшін сол мулат қызға қарыздар екендігін жасырмайды. Әр жолы, адамдар одан қамсыздандыру белдігін алмаймыз деп бас тартқан кезде, көз алдына ашу қысқан қартқа тайсалмай қасқая қарап, алған бетінен қайтпаған қаршадай қыз елестейтін. Сол сәт ол «мен бұл белдікті қайтсем де сатамын» деп ойлайтын. Ол осылайша, көптеген қамсыздандыру белдігін алмаймын деп бас тартқан адамдарға сатып жүрді. Сөйтіп, адамдардың алдымен қасарыса «жоқ» деген ұстанымдары кейін келе «иә» деген келісіммен аяқталып жататын.

Мистер Дерби сондай-ақ, алтын кеніші тәжірибесін де есінен ешқашан шығармайтын. Бұл оған қандай істе де, тіпті үмітсіз шараларда да алған бетінен қайтпай, аяғына дейін жеткізуге игі ықпалын тигізетін.

Дерби мырзаның санасындағы бұл жайлардың ешқандай да таңғажайыптығы жоқ. Ол тек сол оқиғалардан үлкен сабақ алып, соны әрдайым жадында ұстады. Бірақ басынан кешкен сондай жайлардан сабақ алуға уақыты да, жағдайы да жоқ адамдардың ахуалы қандай болмақ? Жеңілістен сабақ алып, оны жеңіске айналдырудың жолы қандай? Бұл сауалға жауап беру үшін де мен осы кітабымды жаздым.

Нәтиже – бұл бір ғана жарқын идея

Жоғарыдағы сауала жауап беру үшін мен он үш ұстанымды негіз етіп алдым. Бірақ сіз мына мәселеге назар аударыңыз: бұл сауалдарға сіздің жауабыңыз кітапта жарияланған қайран қаларлық жайларды ой елегінен өткізу арқылы бәлкім өзіңіздің жеке идеяңыз немесе ой-толғамдарыңыз арқылы келуі мүмкін.
Табысқа жетуге бір ғана жарқын идея жеткілікті. Кітапта жазылған ұстанымдар дәл сондай пайдалы идеяларды қалай табуға болатынына арналған.

Бұл жайларды баяндамас бұрын мына мәселеге назарыңызды аударғым келеді: алғаш байыған кезіңізде ақша сізге жан-жақтан ағыл-тегіл келе бастайды, сонда сіз «өткен жылдарда бұндай мүмкіндіктер қайда болды екен?» деп қайран қалатын боласыз. Оның тағы бір таңғаларлығы: бұл сіздің адамдар арасындағы байлыққа жету үшін бел жазбай көп жұмыс жасау қажет деген пікірінің терістігін түйсінуіңізге жағдай жасамақ.

Сіз ойлай және баий бастаған сәтте санаңыздың өзгеріп, басқа өлшемге ауыса бастағанын сезінесіз. Ол өлшем: нық шешім және ауыр еңбек арқылы тапқандарыңыздың бір бөлігін жинау арқылы байлыққа жетуге болатынын түйсіну. Бұл жағдайда сіз санаңызды байлықты магнитше тартуға бағдарлауды үйренуіңіз шарт.

Сіз байлыққа жеткен адамдарды жіті бақылап байқаңыз. Олардан осы жайларды, яғни санасын ақшаны тартуға бағдарлау қасиетін анық сезінесіз. Мұны өз тәжірибеңізде пайдалану арқылы өзіңіз де көп ұзамай байлыққа қол жеткізе бастайсыз.

Нәтиже табысқа жетемін деп сенген адамдарға келеді. Ал сәтсіздік те сәтсіздік жайында ойлайтын пенделердің еншісіне тиеді. Біздің кітабымыздың мақсаты: сананы жеңіліске мойынсұнушылықтан, табысқа жетуге бағдарлау.
Біздің көбіміздің мынадай әлсіз жағымыз бар: біз барлық мәселелерді өз мүмкіндігіміз бен ұстанымымызға сай өлшемдеуге бейімбіз. Бұл кітапты оқығандардың арасынан байлыққа қол жеткізуге болатындығына себейтіндер аз болматынына күмәнсізбін. Неге дейсіз бе? Өйткені, олардың ақыл-ойы кедейшілік пен жоқшылық және сәтсіздік жағдайында қалыптасқан.

Мұндай пенделер менің есіме Америкаға білім алу үшін келген бір қытайлық жайындағы әңгімені салады. Ол Чикаго университетіне оқуға түседі. Бірде университет басшысы баспалдақта кездесіп қалып, әлгі қытайлық қитар жігіттен «сіздіңше, американдықтардың қандай ерекшеліктері бар?» деп сұрайды. Сонда қытайлық: «таңғаларлық, сіздердің бәріңіздің көздеріңіз қитар емес екен» -депті. Бұл қытайлық жігіт туралы не айтуға болады?

Біз өзіміз түсінбеген нәрселерге сенуден бас тартамыз. Біздің пайымымызша – өз түсінігіміз барша әлемнің басты өлшемі болып табылады.

«Ойлан да байы» кітабының толық нұсқасын оқу үшін блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика