134 көрілім

акшаМына фәни дүниеде әрнәрсенің екі жағы болады. Сондықтан да бұл дүниені екі қырлы деп атайды. Әрнәрсенің жақсы жағымен бірге жаман жағы да қатар жүреді. Осыған орай, адам өзі ие болған сол игіліктің екі жағын да жақсы біліп, соның жағымдысын пайдасына асыруға күш салуы қажет. Әйтпеген жағдайда, жамандыққа ұрынып, өзіне бақыт әкеледі деген игіліктен зардап татуы әбден мүмкін.

Байлықты қалай тиімді пайдалануға болады?

Дәстүрлі діндердің бәрінде материалдық игілікті садақа ретінде мұқтаж жандарға көмек көрсетуге пайдалану шарты бар. Ислам дінінде әрбір мұсылман баласы үшін жыл сайын мүлкі мен балйығының бір бөлігін пітір, садақа, зекет түрінде кедей-кепшікке көмекке жұмсап отыруы парыз болып саналады.

Аш адамды тойындыру, мұқтаж адамға көмек көрсету – игілікті іс және сол үшін сауап жазылмақ. Ал сауап дегеніміз – бұл Алланың адам баласына берген нығметі, яғни игілігі. Сауап – адамды бұл дүниеде түрлі игіліктерге жеткізіп, о дүниеде тозақтың азабынан қорғайды. Яғни, сауапты істің екі дүние үшін де пендеге әкелер игілігі мол.

Осы орайда, байлығын қарақан басы мен отбасы үшін ғана пайдаланбай, мұқтаж жандарға көмекке жұмсайтын пендеге Алланың екі дүниеде де берер игілігі болмақ. Ондай адам байлығының рахатын көріп, ел құрметіне бөленеді және қайтыс болған соң тозақ азабынан құтылады. Байлықты тиімді пайдалану дегеніміз – Алла барген игілікті өзің пайдаланып қана қоймай, ӨЗГЕЛЕРМЕН БІРГЕ БӨЛІСУ. Бұлай жасамаған пенде үшін байлық ешқандай да игілік әкелмейді, керісінше екі дүниенің де тауқыметін тарттырады.

Байлықтың зардабы

Жаратқан берген байлықты қара басы үшін ғана пайдаланатын пенделер ешқашан бақытқа жете алмайды. Бұл 2х2=4 деген сияқты АҚИҚАТ. Өйткені адамды Алла шектеулі етіп жаратқан. Адамға белгілі мөлшерде ғана тамақтанып, ұйықтау, рахат көру, өмір сүру белгіленіп қойылған. Сіз қанша бай болсаңыз да жалғыз өзіңіз бір жылқының етін бір отырғанда жеп тауыса алмайсыз және он қызбен жыныс жақындығына барып, рахат тата алмайсыз. Жәрайды, байлығыңыз бәріне мүмкіндік берді делік, бірақ сіздің оны түгел пайдалануға табиғи мүмкіндігіңіз жетіспейді. Сіз қанша бай болсаңыз да, бір ғана адам тата алатын рахатты ғана  татасыз.

Осы ақиқатты түсінбейтін ашкөз, сараң пенделер байлығын пайдаланып РАХАТҚА БЕЛШЕДЕН БАТУДЫ оЙЛАЙДЫ. Бірақ қанша тыртыңдаса да басынан биікке секіруге болмайтыны сияқты, ешқашан ондай шексіз көп рахат тата алмайды. Осыған ызаланған пенде есірткіге елігіп, түрлі арсыздықтарға барып, құмар ойындарын ойнап, ақыл-естен айрылады. Ақшасын шашқан ол әйтеуір рахат алсам деп арпалысады. Бірақ қанша арпалысса да өзінің табиғи мүмкіндігінен артық рахат таба алмай, қор болады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір елге танымал бай адам баласының үйлену тойына 150 миллион доллар ақша жұмсапты деп жазды интернетте. Әлгі ресейлік бір әншіге жалғыз ән салғаны үшін 350 мың доллардың сағатын сыйлапты. Ал биыл қыста тағы бір байшыгеш баласының үйлену тойында 180 мың долларға торт жасатты. Сонша ақшаны текке шашқандағы олардың жалғыз мақсаты – МАҚТАНШЫЛЫҚ және СОЛ АРҚЫЛЫ РАХАТТАНУ екені анық. Ал енді мақтану арқылы рахат алуға бола ма? Болады, бірақ оншалықты көп емес. Иә, тамаша екен деп көзіне өтірік мақтайтындардың сөзіне сәл-пәл елігуді – РАХАТ деп атауға бола ма?

Тойда сонша ысырапқа барғандарды жұрттың бәрі интернетте ит терісін бастарына қаптап қарғап-сіледі. Міне, олардың рахатының берген «жемісі». Ал байлықтарына тағы да байлық қосамын деп арпалысып жүретіндердің де ешқашан рахат таба алмайтындықтары, бар өмірлерін солай арпалысумен өткізетіндігін жұрттың бәрі көріп, естіп жүр. Ондайлар айналамызда өте көп. Ақша үшін арпалысып жүретін бұл пенделер демалысты да, өзгелермен адам сияқты араласуды да ұмытқан.

Байлық – сынақ

Алланың берген байлығы – бес күнгі өмірімізде екі дүниенің де игілігіне кенелтетін құрал немесе тауқымет тарттырып, қарғысқа ұшыратар қатер болуы мүмкін. Яғни, байлықты адам қалай пайдаланса, нәтижесі де солай болады. Байлық Алланың пендесіне берген сынағы. Сынақтан сүрінбей өтетіндер өте аз. Адамдардың көбі байлықты өз күштерімен, қабілет-білімімен тапқандай және жеке басының мәңгі пайдаланатын игілігіндей көріп, жөнсіз жұмсайды. Сөйтеді де, екі дүниенің де азабына ұшырайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика