Байлық – қорқыныштан құтқара ма?!

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

қорқынышКеңес заманында адамдардың бәрі дерлік ортақоңыр тірлік кешті. Байлыққа жұрт онша құлшына қоймайтын. Нарыққа көшкелі бері халықтың мінез-құлқы, өмірлік ұстанымдары күрт өзгерді. Байлық қазір адамдардың ең басты мұраты саналатын болып алды. Байлыққа қол жеткізу үшін бар уақытын, күш-қуатын сарып қылып, ақ тер — көк тер болып жұмыс істейтіндер көп бүгінде. Адамдар неге сонша байлыққа құштар?

Байлық қорқыныштан құтқара ма?

Оның астарында өмір бойы қыр соңымыздан қалмайтын үрей мен қорқыныш атаулыдан сол байлық арқылы құтылуға бола ма деген далбаса үміт жатқандығы белгілі жай. Байлыққа құдайдай табынатындардың бәрі ақшаға бәрін де сатып алуға болады деген пікірде. Олардың ойынша ақшаға денсаулықты да, ұзақ ғұмырды да, тән арқылы келетін барлық рахат-ләзатты да сатып алуға болады. Мәселен, ақшаң көп болса өкпе, бауыр сияқты ағзаларыңды ауыстырып алуға, бетіңе пластикалық операция жасап, өз жасыңнан әлдеқайда жас болып көрінуге, кең сарайдай үлкен үйлерде тұрып, денсаулығыңды нығайтатын түрлі дене жаттығуларымен шұғылдануға және шипажайларда демалуға, жұғымды қуатты тағамдар мен витаминдер, басқа да дәрілік тұнбаларды қабылдау арқылы денсулығыңды жақсартып қана қоймай, сексуалдық қуатыңды да молайтып, қыз-келіншектермен қыдырып тән ләззатына шексіз бөленуге және де басқа сондай қызықтарға белшеден батуға мүмкіндік жеткілікті.

Адамдардың осындай көзқарастарын қалыптастыруға өнер шығармалары, ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпараттардың қосып жатқан үлесі аз емес. Солардың нәтижесінде болар бүгінде ақшаға табыну, байлық арқылы бақытқа бөленуге  болады деген пікір берік қалыптасты және адамдардың өмір сүру дәстүріне айналып алды.

Бірақ, іс жүзіне келгенде байлық адамдарды үрей мен қорқыныштан құтқарып, жан рахатына кенелтпейді. Керісінше, қорқынышына қорқыныш қосып, үрей теңізіне тұншықтыра түспек.

Өз үйін түрмеге айналдырған адам

Нарық заманында ебін тауып мол балыққа қол жеткізген біреудің жақын туысынан мынадай әңгіме естідім. Өткен жылы жазда әлгі жігіт бай немере ағасының  үйіне қонаққа барады. Екі қабатты үлкен коттеджі қаланың сыртында екен. Айнала биік қоршаумен қоршалып, үстіне тікенек сым тартылып тасталыпты. Есік алдында автомат ұстаған күзетшілер. Бассейні, биллиярд ойнайтын, кино көретін залдары бар хан сарайындай кең үйде әлгі туысә әйелі мен оныншы сыныпта оқитын ұлы үшеуі ғана тұрады екен.

Онымен бірге оқыған бұрынғы жолдастарының бәрі араласпайтын болыпты. Өйткені, алақан жайып бірдеңе сұрайды деп әйелі олармен қатыстырмай тастаған. Немере ағасының үйінде болған екі күннің ішінде әлгі жігіт жанын қоярға жер таппай ішпысты күй кешкен. Тамақты сол қолыңмен емес, оң қолыңмен же, анау шанышқымен салат, мынау шанышқымен тамақ жеу қажет, қызметшілермен, күзетшілермен араласпа, биллиярд тақтасына барма, ол өте қымбат дүние деген сияқты отырса опық, тұрса сопық деп, жеңгесі мен ағасы екі жақтан миын ашытқан. Сырты қоршалған, автоматшылар күзететін, сәулетті бай үй шын мәнінде нағыз түрмеге ұқсайды дейді ол.

Мектепте оқитын баласының жеке автокөлігі, шопыры мен оққағары бар. Үйге әлдекімдер шабуыл жасап, тонап кете ме, баламды ұрлап, кепілге ақша сұрап жүре ме, қастасқан біреулер жаналғыштарын жіберіп атып кете ме деген ойлардан үрей мен қорқыныш құшағында тірлік кешетін ағасының өмірін көрген әлгі танысым екі күнге әзер шыдап үшінші күні ауылына қайтып кетіпті.

Қорқыныш құрсауындағы пенделер

Шынын айтқанда, баймыз деп шіреніп жүргендердің бәрінің басындағы жай осындай десек, шындықтан алыс кетпейміз. Ақша табу қиын, ал оны сақтап қалу онан да қиын. Өйткені, мол ақшаға сұғын қадаушылар көп. Осының бәрі дәулетті адамдардың сол мол байлықтарының рахатын молынан татуларына еш мүмкіндік бермейді.

Керісінше, үрей мен қоқынышқа ұшыратып, ішкенін ірің, жегенін желімге айналдырады. Бұл бай адамдардың дәулетіне деген қызғаныш пен іштарлықтан айтылған пікір емес, шындығында солай. Оны бәріміз де көріп, сезініп жүреміз. Егер ештеңеден қорықпай, дәулетінің қызығын барынша татып жүретін болса, олар неге сонша үйлерін биік қоршаумен қоршап, күзетші ұстайды, өздерін қорғайтын оққағар жалдайды?

Яғни, қатер бар және ол жанына маза таптырмайтын үрей мен қорқыныш  бейнесінде мол байлықтың рахатын көруге үнемі көлеңкесін түсіретіні де шындық.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика