Байлық адамды бақытты ете ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

акшаҚазір адамдардың көбінің байлыққа жетсем бақытты боламын деп ойлайтыны жасырын емес. Ақшаға құдайдай табынатында бар. Ақша үшін ар-ұяттан безіп, ақшаға тәнін сататындар, беттің арын белге түйіп пара алатындар, тіпті қылмысқа барып, ұрлық істейтіндер, кісі өлтіріп, қарақшылық жасайтындар да жетерлік. Бұндай қадамға адамдар байлық адамға бақыт әкеледі деген жаңсақ түсініктен баратыны белгілі.

Байлық – Алланың берген игілігі емес, қарғысы

Кеңес заманында «күйеуіңнен құтылғың келсе, мотоцикл сатып алып бер» деген сөз болатын. Мотоцикл алған адам түптің түбінде бір пәлеге ұрынып, не өледі, болмаса жазылмас ауру табады. Сол сияқты егер істің мәніне байыппен ой жүгіртер болсаң, байлық адамға бақыт емес, керісінше азап пен тауқымет әкелетінін бағамдайсың.

Бұл сөзімізді дәлелдейтін айғақтарды өмірден жүздеп, мыңдап келтіруге болады. Елге танымал белгілі азаматтың бизнеспен айналысатын жалғыз ұлын ақша үшін біреулер өлтіріп кетті. Аса бай кәсіпкер ақша үшін әйелімен айрылысып, бар дүниесін ұлына қалдырған. Енді ол ұлымен байлыққа таласып соттасып жатыр. Пара аламын деп тәп-тәуір қызмет істеп жүрген бір кісі сотталды. Ол алған парасынан жүздеген есе көп айыппұл төлеп, ол аз десеңіз, өле-өлгенше жауапты қызмет атқару құқынан айрылды.
Осы жайларға қарап, байлық, ақша адамға күткендегідей бақыт емес, керісінше тауқымет әкелетінін түйсінуге болады. Шындығында, Алла ұнатқан адамына байлық емес, имандылық береді. Иманды адам ешқашан байлыққа, мансапқа ұмтылмайды. Ол барын қанағат етіп, қарапайым тірлік кешеді. Ал бай адам байлығыма байлық қосамын деп, немесе сол жиған-тергенімнен айрылып қалмайын деп жанталасумен күн өткізеді және ондайлар қыр соңынан қалмайтын үрей мен қорқыныштан арыла алмақ емес.

Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма?

Биыл көктемде әлеуметтік желілер арқылы жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған астаналық Жамалиев деген кәсіпкердің жазықсыз жас жігітті үш сағат бойы ұрып-соғып азаптап, бет-аузынан түк қалдырмай жарақат салғандығы жайындағы бейнеролик көрсетілді.
Әйел-баласы бар жерортаға келген әлгі бизнесмен жас, сұлу қызбен ашыналық байланыста болады. Сол қызды әлгі жігіттен қызғанған ол осындай қатыгездік жасаған. Мұндай әрекетке барған оның ақша арқылы бәрін сатып алуға болады, маған сот та, от та жоқ деген өркөкіректікпен барғаны анық. Дегенмен, қалталы кәсіпкердің дегені болмады.
«Көп қорқытады, терең батырады» демекші, қарапайым жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған бұл істі Бас прокурор мен ІІМ тікелей назарда ұстап, ақыры ақшасына сенген Жамалиев сотталып тынды. Оны Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты 13 жылға бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Осылайша, байлығына сеніп шектен шыққан кәсіпкер бас бостандығынан да, жиған-терген дүние-мүлкінен де айрылатын болды.
Егер Жамалиев бай кәсіпкер емес, қарапайым еңбек адамы болса, осындай қадамға барар ма еді? Жоқ. Бала-шағасын асырауға әзер шамасы жетіп жүрген адамға ашына неге керек? Ашынасы болмаса, басқамен шатысып не шатағы бар? Яғни, бұл іске тікелей әлгі азаматтың байлығы әсер етіп отыр деп айтуға болады.
Осыған қарап, байлық деген Алланың берген игілігі емес, керісінше Жаратқанның жек көретін пендесіне арнаған қарғысы ма деген ойға қаласың. Жоғарыдағы күйеуінен құитылғысы келетін әйелдің оған мотоцикл сатып әперетіні сияқты.
Шындығында, байлық, атақ-мансап – кез-келген адамды бұзады. «Семіздікті қой ғана көтереді» деген сөз бар. Байлық пен ата-мансапқа мастанбайтын, ақыл-естен айрылып, асқақтамайтын пенде жоқ. Байлыққа тек күндіз-түні Алланы ойлайтын әулие жан ғана алданбайды. Ал қарапайым пенделердің 100 пайызы байлыққа мастанып, ақылға симайтын неше түрлі әрекеттерге барады. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика