Байлыққа жеткізер алтыншы қадам: жоспарлау

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Ми орталығына» арналған мистикалық тылсым жайлы не білеміз. Өзіңізге айналысатын жақсы қызмет алаңын табыңыз, сол кезде сіз қысқа мерзім ішінде мол қаржыны басқарып, күреп табыс табатын боласыз.

Сіз ендігі арада адамның кез-келген жетістіктері алдымен тілектен бастау алатынын түсінген боларсыз. Абстрактілі тілектер кейін келе ой-болжам «шеберханасында шыңдалып» нақты мақсатқа айналып, одан әрі сол тілекке жеткізетін нақты жоспарлар дүниеге келетін болады.

Тілек жөніндегі кітабымыздың тарауынан сіз ақша тапсам деген арман-тілектің қалтаңызға түскен нақты ақшаға қалай айналатындығы туралы ақпараттар алдыңыз. Бұл мақсатқа алты айқын және практикалық қадамдар бастап апарады. Оның бір сатысы – ойға алған мақсатты орындауға мүмкіндік беретін нақты және орындалу мүмкіндігі бар жоспар құру.

Енді осындай жоспарды жасаудың жайына толығырақ тоқталайық:

1 Бұдан әрі баяндалатын «ми орталығы» принципін пайдалана отырып, өзіңіздің жоспарыңыздың орындалуына көмегін тигізетін қанша адам қажет болса, сонша одақтас тартыңыз.Бұл ұсынысқа іштей қосыларсыз деп ойлаймын. Бұны теріске шығармаңыз.

2 Интелектуалдардың тобын құрмас бұрын, сол топтың әрбір мүшесі қандай пайда табады, сіз оларға не ұсынасыз, соны нақтылап анықтап алыңыз. Өз еңбегінің қайтарымы болмаса, сізбен ешкім де жұмыс жасамайды. Қайтарымы болатынына көзі жетпесе ешкім де бұл жұмысқа басқаларды шақырмайды. Әрине, бәрі ақшамен өлшенбеуі тиіс.

3 «Ми орталығының» мүшелерімен өзіңізді қанағаттандыратын ортақ жоспар жасағанша, аптасына кем дегенде екі рет кездесуді ұйымдастырып отырыңыз.

4 Интелектуалдық топ мүшелерімен жылы қарым-қатынасты сақтаңыз. Егер сіз бұл ұсыныс шарттарын сақтамасаңыз, кез-келген сәтте сәтсіздікке ұшырауға дайын болуыңыз қажет. «Ми орталығы» оның мүшелерінің бәрінің ортақ тіл табуынсыз өмір сүре алмайды.

Жадыңызда мына жайларды берік сақтаңыз:

1 Сіз өзіңіз үшін аса маңызды шаруамен айналысып жатырсыз. Ойыңызға алғаныңызды орындайтыныңызға сенімді болу үшін нақты жоспарыңыз болуы шарт.

2 Сіз өз жағыңызға өмір тәжірибелеріңізді, біліміңіз бен табиғи қабілет-қарымыңызды және басқалардың ой-болжамдарын тартуыңыз керек. Бизнесте мақсатына жеткендердің барлығы да дәл осы шарттарды сақтаған.

Жеткілікті тәжірибе, білім, қабілет – бәрі де биіктерге көтерілуге ықпалын тигізеді. Сіз қандай жоспарды таңдамаңыз, ол ұжымдық сананың ортақ жемісі болып табылады. Сіз жоспарды жасаушы және оның бір бөлшегі болыңыз, бірақ та табысқа жету үшін оның «ми орталығы» арқылы сараптамадан өтуі шарт.

Қателіктен сабақ алу

Егер алғашқы жоспар орындалмаса, оған өкінбеңіз, екіншісін жасаңыз. Ал екінші жоспарыңыз да сәтсіздікке ұшыраса, үміт үзбеңіз, отырып толымды жаңа жоспар жасауға күш салыңыз. Осылайша, қашан жоспарыңыз жүзеге асқанша тоқталмаңыз. Көп адамдар дәл осы кезеңде табандылық қасиеттерінің жоқтығынан ойға алғандарынан бас тартып жатады. Мынаны есіңізде сақтаңыз: егер жоспар орындалмаса, онда үмітсіздікке ұрынбай, жаңа жоспар жасау қажет. Бар гәп осында.

Ақылды адамдардың көбі іс-әрекеттерін үнемі жоспарлап алуды әдетке айналдырған. Ең бастысы, бұл жоспар шынайы және өміршең болуы тиіс. Және сәтсіздіктер туындағанда бәрін қайта бастаудан қашпаңыз.

Уақытша сәтсіздіктердің бәрі мынаны көсретеді: сіздің жоспарыңызда бір олқылықтар бар. Миллиондаған адамдардың өмір бойы кедейшіліктен, тіпті қайыршылық жағдайдан құтыла алмайтын негізгі себебі: жақсы ойлап жасалған жоспарларының жоқтығынан. Сіздің табысқа жетуіңіз толықтай терең ойластырылып жасалған жоспарға байланысты болмақ.

Адамды кейін шегінуге мәжбүрлеуге болмайды, тек бұны өз қалауымен саналы түрде жасамаса.

Джеймс Дж. Хилл Шығыс-Батыс теміржолын салу барысында бір сәтсіздіктен соң екіншісіне тап болды.

Бірақ та, уақытша сәтсіздіктерді ол жаңа жоба жасау арқылы сәттілікке айналдыра алды.

Генри Форд та асу бермес қиындыққа тап болған еді. Бұл оның мансап жолының алғашқы кезеңінде емес, табыс шыңына көтерілген кезде келген болатын. Дегенмен, ол бәрін басынан бастап, жан-жақты ойластырып қайта жасаудың арқасында жаңа қаржылық табысқа қол жеткізді.

Біз қысқа мерзім ішінде бас айналдырар табысқа жетіп, байлыққа ие болғандар туралы айтқан кезімізде, олардың соған дейінгі бастан кешкен көптеген сәтсіздіктері мен қиындықтарын естен шығарып жатамыз.

Бұл философияны ұстанушылардың бір де бірі «уақытша сәтсіздіктер» жолағынан айналып өтіп, байлыққа оңай жетемін деп үміттенбесін. Бұндай сәтсіздік келді екен, онда бұл сіздің жасаған жоспарыңыздың толымсыз екендігін көрсетеді.  Бұндай жағдайда байыппен бәрін ақыл таразысына салып, жаңа жоспар жасау арқылы мақсатқа ұмтылу қажет. Егер сіз мақсатыңызға жетпей оны орта жолдан тастап кетсеңіз, онда бұл сіздің жалқаулығыңызды көрсетеді. Жалқау ешқашан табысқа жете алмайды, ал табысқа жеткен адамның жалқау болуы мүмкін емес. Бұны сіз ешқашан жадыңыздан шығармаңыз, ең дұрысы оны ірі әріптермен күнде көзіңізге түсетін жерге жазып іліп қойғаныңыз жөн.

Интелектуалдық топ құра отырып, уақытша сәтсіздіктерден түңілушілік көрмейтін адамдарға таңдау жасаңыз.

Кейбіреулер тек ақша арқылы ғана ақша жасауға болады деп ойлайды. Бұл шындық емес. Мол ақша табуға ең алдымен, кітабымызда жазылған шарттарға орай заттанатын ақшаға  деген үлкен ынта көмегін тигізеді. Ақша деген өзінше тұрғанда – жансыз материя ғана. Ақша ойланбайды, қозғалмайды және ешқашан сөйлемейді, бірақ та оның есту қабілеті керемет. Оны шақырдың ба, сол сәтінде сыңғырлаған алтын теңге үні түрінде асыға басып жетеді.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика