777 көрілім

ақшаКеңес заманында жалғыз банк – жинақтаушы банк деген ғана болған еді және ол ақша аударымдарын жасап, жұрттың артық ақшаларын өсіммен сақтайтын. Қазіргі қаптап кеткен банктердің  иелері – жеке меншікті қалталылар және олардың атқаратын ең басты міндеті – ақшадан ақша жасау.

Ислам діні өсімқорлықты неге айыптайды?

Құранда мұқтаж адамға өсіммен ақша берудің тозаққа түсірер үлкен күнә екендігі ашық айтылған. Ислам діні өсімқорлықты үлкен күнә санап, айыптайды. Десек те, бүгінгі нарық заманында өсімқорлықпен табыс табатын банктер қатары көбейіп, банк жүйесі экономиканың күре тамырына айналған жайы бар.

Банктердің қызметіне назар аударып қарасаңыз, олардың ешнәрсе өндірмейтінін, табыс таппайтынын бағамдайсыз. Өндіріспен айналыспайтын, бірақ ең бай мекеме саналатын банктер ақшаны қайдан табады? Оның ең басты және негізгі табыс көзі – мұқтаж адамдарға, кәсіпкерлерге ақшаны жоғары өсіммен беріп, сол өсім арқылы қалталарын қампайту болып отыр.

Мұқтаж адамға көмектесу – сауап, бірақ сол мұқтаждығын пайдаланып, өсімге ақша беру —  дін тілімен айтқанда күнә, адами тілмен айтқанда ұят және қиянатты шаруа. Бірақ та, ақша билеген қазіргі заманда мынау ұят, мынау дұрыс іс деп бағалау қалған сияқты. Бұл заман ұлы Абайдың сөзімен айтқанда «есектің артын жусаң да мал табатын» заман болып тұр.

Кредитке байланған өмір

Қазір жасыратыны жоқ, банктен кредит алмаған адамды кездестіру қиын. Әңгімелесе қалсаң, жұрттың бәрінде бірден, не екі, болмаса үш-төрттен кредиттері бар. Әсіресе, қазақтарға кредит деген жақсы болды. Той жасаса да, ас берсе де банктен үйін кепілге қойып пәлен прайызбен кредит алып жатады.

Оңай беріле салатын кредиттің дегенмен қайтаруы қалтаға үлкен салмақ түсіреді. Мәселен, мен осыдан алты жыл бұрын үй алуға ақшам жетпей амалсыздан банктен 12 мың доллар кредит алдым. Он жыл ішінде әлгі 12 мың  долларды 23 мың етіп қайтаруым қажет екен. Яғни, екі еседей артығымен.

Міне, сөйтіп алты жылдан бері ай сайын 28 мың теңгеден төлеп келемін. Ал, баласының үйлену тойын жасаған тағы бір танысым да бірнеше жылдан бері жалақысының жартсынан көбін кредитке беруде. Өкініштісі сол, мұндай банктерге жем болып жүргендер көп.

Әлемнің әміршілері

Қазақстанның сыртқы қарызы бүгінде 170 миллиард доллар дейді. Ал, Ресейдің қарызы 400 миллиардтан асып жығылатын көрінеді. Қарыз бойынша ең алдыңғы орында тұрған АҚШ болып отыр. Бұл елдің сыртқы қарызы 19 триллион доллраға жеткен. Жалпы, әлемде қарызы жоқ бір де бір мемлекет жоқ. Осы арада мынадай сауал туындайды: сонда бұл мемлекеттер кімге қарыз болып отыр?

«Бақсақ бақа екен» дегендей, мемлекеттердің бәрін қарызға байлап-матап қойған – банктер екен. Еуропаның қайта жаңғырту банкі дейді, тағы да басқа алпауыт банктер жеке адамдар мен кәсіпкерлерді қойып, мемлекеттерге қарыз беріп, несиемен матап тастапты. Бүгінгі күні барша әлемнің әміршісі ат төбеліндей 300-ге тарта отбасы екен. Олардың қолында барлық ақша мен байлық сақталған. Банк арқылы бұл алпауыттар әлемге өз биліктерін жүргізуде.

Экономиканы білетін кейбір сарапшылардың пікірінше, әлсін-әлсін ұстамалы дерт сияқты әлем елдерін қысып, тұқыртып кететін ДАҒДАРЫС деген кесапат сол алпауыт банкирлердің ойлап тапқан ОЙЫНЫ деседі. Олар қалталарын онан сайын қампайту үшін қолдан дағдарыстар жасап, бағасы құнсызданған дүние-мүліктерді жаппай сатып алып, содан соң бағаны қайта көтеріп, су тегінге алған мүлкін ондаған есемен адамдарға қайта сатып, байыған үстіне байып жатқан жайлары бар.

Бұл банкир алпауыттардың басында Рокфеллерлер мен Родшильдтер әулеттері тұр деседі. Олар миллиардер емес, триллионерлер. Барша әлемнің байлығын бауырына басқан бұл қалталылардың көздегендері не? Олар әлемді түгел құлдыққа салып, жер шарының ҚОЖАЙЫНДАРЫНА айналмақ. Басты мақсат – осы. Ал, мемлекет басшылары деген алпауыттардың қолындағы ҚУЫРШАҚТАР ғана. АҚШ-та сайлау өтіп жатыр. Кім президент болса да, қазіргі саясат еш өзгермей сол күйінде қалады. Ал, президент сәл-пәл белгіленген жолдан ауытқи бастасыншы, оны дереу тезге салады, ал көнбесе Кеннеди сияқты атып тастайды.

Әлемге әмір жүргізуді ойлаған алпауыттар жайында, астыртын әлемдік үкімет туралы толығырақ білгіңіз келсе блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика