Бар байлықтың атасы — білім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

акша«Білім – таусылмас қазына» деген сөз бар. Нағыз бай адам қалтасында миллиондаған доллары ақшасы бар адам емес, білімді адам. Себебі, әкесінен мұра ретінде қалған немесе басқа да түрлі себептермен кездейсоқ байыған жанның одан айрылып қалуы оп-оңай. Ал білімді адам кез-келген жағдайда, кез-келген ортада жүріп мол байлық жасаудың жолдарын қиыннан қиыстыра таба біледі.

Байлық білім арқылы келеді

Американдық бір бай миллиардер «байлық менің санамда, егер мені түрмеге қамап, қолыма қаламсап пен блакнот берсе, бірер күннің ішінде сол қапаста отырып-ақ милиондаған доллар ақша табудың әдіс-амалын ойлап табамын» дегенді айтады. Яғни, адамның ең үлкен байлығы дәулеті де, атақ-мансабы да емес, білімі десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Бүгінде білім деген түсінік мектепте немесе жоғары оқу орындарында оқу дегенмен байланыстырылып жүр. Шындығында бұл түбегейлі қате пікір. Нағыз білім пайдалы ақпаратты іс жүзіне асырып, содан нақты нәтиже алумен айқындалады. Мектепте он жыл оқып алған білім балаға қандай көмегін тигізіп жатыр? Ешқандай да. Олар мектеп бітірген соң тағы да кәсіби білім алып, содан кейін сол мамандығына сай жұмысқа орналасып, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру арқылы тәжірибе жинақтап, содан кейін ғана нақты нәтижеге жете алады.

Білім сіздің санаңыздағы кез-келген жағдайда кәдеге асырып, нәтижеге жете алатын пайдалы ақпарат. Міне, сондай ақпараттар санаңызда неғұрлым көп болса және оны жүзеге асырудың нақты тетіктерін жақсы біліп, меңгерген бослаңыз, сіздің алдыңыздан болашаққа жарқын жол ашылмақ. Ал енді сіз жан-жағыңызға байыппен қарап, дәл сондай деңгейдегі адамдарға назар аударып көріңізші.

Шындығында сондай деңгейге жеткен адамдар арамызда оншалық көп кездесе қоймайды. Ондайлар бола қалған жағдайда олар тез қызмет немесе бинес баспалдағымен жоғары өрлеп, биік нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Оларды басқа қарапайым пенделерден ерекшелендіретін басты қасиет — тапқырлық пен дәл сол жағдайда, сол уақытта іске асыруға тиісті әрекетті жүзеге асыра алуында.

Байлық аяқ астында, ал оны алуға білім керек

Мен «Арқа ажары» газетінде қызмет етіп жүрген кезімде бүгінде қалталы миллионердің бірі саналатын «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ының президенті Әлиев деген кісіден сұхбат алғаным бар. Ол 1990-шы жылдардың соңында қызметінен айрылып, жұмыссыздықтың зардабын біраз тартады.

Содан сулы, нулы, табиғаты көркем Көкше жерінде Сарығаштан шығып жатқандай минералды су неге жоқ деген ой келеді. Мамандығы геолог ол өзі сияқты қызметтен қысқарып, бос жүрген бірнеше танысымен Көкше аймағын зерттеп, минералды су іздеуді қолға алады. Ақыры табады. Сөйтіп, жер астынан шыққан тегін суды сатып, мол байлыққа кенеледі.

Ал енді осы өңірде жұмыссыз қалып, қиындық көрген, кәсіпкерлікпен айналысып байысақ деп армандаған адам аз боламғандығы анық. Неге солар құдайдың тегін суын тауып, мол байлыққа кенелуге ниет етпеді? Өйткені, білімді адам жұрт біле қоймайтын, көлеңкелі жайларды көріп, түйсіне алады.

Бүгінде интернеттен ақша табудың ақылға сиымсыз неше түрлі жобаларын көріп, жағаңды ұстап, қайран қаласың. Нағыз «жұмыртқадан жүн қырыққан» дейтіндей тапқырлықпен жасалған әлгіндей жобалардың сыртында білімді жандар тұрғаны айдан анық. Осыған орай «білім – бар байлықтың басы» десе, артық айтқандық болмас.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика