175 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

«Бествей» халықаралық тұрғынүй кооперативі нарықта бес жылдан бері жемісті қызмет етіп келеді. Қазір кооператив Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің азаматтарына қызмет көрсетуде. Баспана алу үшін пайызсыз займ беретін кооператив туралы блогымызда бұрынырқта жазған болатынбыз. Енді кооперативтің беретін жеңілдіктері жайында баяндамақпыз.  

Банк беретін ипотекалық кредитті қайтарғанда белгіленген графиктен ауытқу  өсімі бар айыппұл төлеуге ұшыратады. Егер сіз белгіленген мерзімнен сәл кешігіп қалсаңыз, онда сол үшін айыппұл өсімін төлеуге мәжбүр боласыз. Оған қоса, жыл сайын үйді қомақты сомаға сақтандырып отыруыңыз қажет болады. Ол да қосымша шығын. Оның үстіне  ақшаның құнсыздануына байланысты банк несиені қайта есептеу шарасын жүзеге асыруға құқылы.

Ал кооператив коммерциялық емес ұйым болып саналатындықтан, сіз қандай валютамен, қанша сома займ алсаңыз, соны ғана қайтарасыз. Егер белгіленген график  кестесіне сай ақша төлеуге шамаңыз жетпейтін болса, онда тұрғынүй кооперативі басшылығының атына өтініш жазып, 3 ай мерзімге каникул алуыңызға болады. Бұндай үш айлық каникул 10 жыл ішінде 3 рет беріледі.

Тағы бір айта кетерлік жай, егер сіз белгілі себептермен займ қайтарымын белгіленген уақыттан кешіктіріп төлесеңіз, ешқандай өсім айыппұлы деген жүрмейді. Әрине, ең дұрысы кешіктірмей, уақытында төлеп отыру, дегенмен, түрлі себептермен кешігіп жатсаңыз, ол үшін банктер сияқты айыппұл салып, сотқа сүйреп, әуреге салады деп қорықпауыңызға болады.

Тағы бір артықшылығы – сіз кез-келген уақытта зайымды мерзімінен бұрын толық көлемде айыппұлсыз төлеуіңізге болады. Осы арада айта кетерлік тағы бір жай – алғашқы екіжақты келісім-шартқа сай сіз кез-келген уақытта шартты бұзып, салған ақшаңызды қайтарып ала аласыз. Бұндай жағдайда әрине, үйіңіз кооператив меншігінде қалады да ол кезекте тұрған басқа адамға беріледі.

Кооперативтің банктермен салыстырғандағы ең негізгі артықшылықтарының бірі – займ алу үшін сіз жалғыз құжат – жеке басы куәлігіңізді тапсырсаңыз жеткілікті. Сізден басқа ешқандай құжат талап етілмейді, кредит тарихыңызды қарап, зерттемейді. Тағы бір артықшылығы – банктер ипотекалық кредитті тек 60 жасқа дейінгі адамдарға беретін болса, зайымды кәмелетке толған әрбір адам алуына болады, яғни жасына еш шек қойылмайды. 70, 80-дегі адамның да займ алуына мүмкіндігі бар.

Қазір еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – баспана екендігі белгілі. Кеңес заманында да солай болған, қазір де баспана мәселесі толық шешілген жоқ және жуық арада шешіледі деген үміт аз. Осындай жағдайда, әр адам баспаналы болудың жайын өзі ойлап, өз жайын өзі жасауға мәжбүр.

Өткен жылы мемелкет тарапынан ұсынылған 7-20-25 бағдарламасы жас отбасылар үшін баспаналы болудың қолайлы тәсілі деп БАҚ айтып, жазып жатыр. Дегенмен, іс жүзіне келгенде олай болмай отырғандығын осы бағдарлама арқылы үй алғысы келетіндер көріп, сезінуде. 7 пайыз өсіммен 25 жылға берілетін несиенің қанша болатынын көзі қарақты оқырман өздері есептеп алар. Егер қарапайым қисынмен айтар болсақ, осы бағдарлама арқылы 10 миллион теңгенің үйі сізге кем дегенде 17-18 миллионға түспек. Яғни, 10 миллионның үйін 18 миллионға сатып алу соншалықты жеңілдік пе? Және 25 жыл бойы ай сайын кредит төлеп отыру да оңай шаруа еместігі түсінікті. Ең оңтайлы бағдарламаның өзі осындай болғанда, банк несиесі арқылы үй аламыз деу қаншалықты тиімді болмақ?

Егер сізді баспаналы болу мәселесі қызықтыратын болса, пәтер сатып алу ойыңызда болса, онда үй сатып алудың барлық тәсілдерін ақылға салып, таразылап байқаңыз. Бұл арада асығыстық жасауға болмайды. Өйткені, ертең шамаңыз жетпейтін көлемде несие алып, соған орай әурешілікке ұшырап жатсаңыз, бұл қателікті түзеу оңай болмайды. Сондықтан «он рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы ұстаныңыз.

 Бұл салада біршама тәжірибем бар менің сізге берер кеңесім:  BestWay кооперативі арқылы үй сатып алу қазіргі күні еліміздегі  ең тиімді және ЕҢ СЕНІМДІ тәсіл болып отыр. Кооперативтен заим алу үшін банктен кредит алғандай көп құжаттар тапсырып, кепіл болатын адам іздеп әуреге түспейсіз. Займ алу үшін жалғыз ғана құжат – жеке басыңыз жөніндегі куәлікті көрсетсеңіз жетіп жатыр. Және ең бастысы, сіз банк кредиті сияқты екі-үш есе артық төлеп шығынға батпайсыз. Алған зайымыңызды ғана қайтарасыз және ақша төлеуге шамаңыз жетпей қалған жағдайларда өтініш беру арқылы үш ай мерзімге жеңілдік алуға да болады. Сонымен бірге, кез-келген сәтте шартты бұзып, ақшаңызды қайтарып алуға да мүмкіндік бар. Дегенмен де, баспаналы болудың қандай тәсілін таңдайсыз – ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа.

BestWay кооперативі туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы сайтқа кіріп алуыңызға болады: http://kalkoz.bget.ru/?p=21#more-21

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика