Білекті бірді, білімді мыңды жығады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Білім – Жаратқанның қуаты. Ақпаратқа білім қуаты сіңірілген кезде ғана ол адамдарды иландырып, олардың санасына әсер ете алады. Әйтпеген жағдайда, жәй ақпарат қана болып қалады.
Мен бала кезімде көркем шығармаларды оқуды өте жақсы көруші едім. Сабақтан келісімен бас алмай кітап оқимын. Қазақ жазушыларын былай қойғанда, қазақшаға аударылған шетелдік жазушыларды түгел оқып шықтым. Жазушылардың бәрі де өз шығармаларында адалдықты, әділдікті, шыншылдықты, басқа да ізгі қасиеттерді насихаттайды. Соған қарамастан, сонша кітап оқыған менің санам еш өзгерген жоқ.

Сөзі мен ісі оқшау адамдар.

1990-шы жылдарда Алматыда бір республикалық басылымда қызмет жасадым. Сонда жүріп көптеген ақын-жазушылармен танысыуға, жәй танысып қоймай дәмдес, тіпті бөтелкелес болуға тура келді. Ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан сайын олардың өзім бұрын ойлағандай адалдық, әділдік, кішіпейілдік сияқты игі қасиеттерді бойларына жинаған зиялы адамдар емес екендігін тереңірек түсіне түстім. Әділдік, адалдық туралы шығарма жазатын ақын-жазушылар арақ ішіп, зина жасап, тіпті бір-біріне жұдырық ала жүгіріп төбелесіп жататынын көрдім.

«Молданың істегенін емес, айтқанын істе» демей ме қазақ. Сол сияқты ақын-жазушы дегендерің де жақсылық туралы айтып, жазады екен де, өздері сондай қасиеттен мүлдем аулақ тірлік кешеді екен. Олардың шығармаларын қанша оқысам да санамды өзгертуге тозаңдай да әсерінің болмауының себебінің осы екендігін кейінірек түсіндім.

Индустарда «шакти» деген ұғым бар. Оның мәні – қуат дегенді білдіреді. Құдай жолында тақуалық тірлік кешкен әулие адамдардың бойында сондай қуат – шакти жиналады екен. Сондықтан да, әлгіндей әулие адамдардың алғысы адамды көкке көтерсе, қарғысы құрдымға құлатып түбіңе жетеді деседі. Яғни, қуатпен нұрланған әулиенің сөзінің құдыреті не нәрсеге де жететін сияқты.

Имам ағзам туралы әңгіме.

Мұсылман әлемінде теңдессіз әулие аталатын Имам Ағзамға бір күні бір әйел кішкентай сәбиін алып келіпті. «Мына балам күнде бал сұрап мазаны алады, денсаулығына залалы тие ме деп қорқамын, сол әдетін қалай қойдыруға болар екен» дейді әйел. Сонда Имам Ағзам оған «енді қырық күн өткен соң келіңіз» деп жауап береді. Арада қырық күн өткенде әйел Имам Ағзамға қайта келеді.

Сонда әулие тақсыр сәбидің маңдайынан сипап «балам, бал жеме» деген жалғыз ауыз сөз айтқан екен. Бұған таңқалған әйел «тақсыр әулие, осы жалғыз ауыз сөзді неге қырық күн бұрын айтпадыңыз» деп сұрайды. Имам Азам оған «мен қырық күн бұрын өзім де бал жеуші едім, өзім бал жеп жүріп балаға жеме деп қалай айтамын, енді міне, қырық күн балдан тиылдым, сондықтан бал жеме деп айта аламын» деген екен.

Сөзіңнің жұртты иландыратындай қуаты болуы үшін сөзің мен ісіңнің арасында айырма болмауы шарт. Арақ ішіп, темекі тартатын әке баласына «арақ ішпе, темекі тартпа» деп қанша айтса да, оның қиқымдай да әсері болмайды. Сол сияқты біздің саясаткерлеріміз де «жемқорлықпен күресу қажет, пара алуға, мемлекет қаржысына қол сұғуға болмайды» деп биік мінберлерден қанша айтып жатса да, өздері де сондай жаман әдеттен аулақ болмағандықтан, ондай сөздің еш қуаты болмайды. Яғни, жұртты сендірмейді.

Егер сен салуатты өмір сүруді жұртқа насихаттағың келсе, онда өзің де соны ұстан, егер адалдықты, әділдікті, тазалықты уағыздағың келсе, ең алдымен өзің сондай қасиеттерді бойыңа сіңір. Сонда ғана жұрт сенің сөзіңе иланып, соңыңнан ереді. Білім дегеніміз – осы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика