Білікті басшы қандай болуы керек

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Басқарудың екі түрі бар. Біріншісі және басқарудың тиімді тәсілі, бағыныштылар тарапынан толық қолдау мен келісімге негізделеді. Екінші басқару тәсілі – бағынышты тарапынан еш келісім мен қолдауды қажет  етпейтін мәжбүрлеуге негізделген тәсіл.

Адамазат тарихы күш қолдану мен мәжбүрлеу арқылы басқарудың ұзаққа созылмайтынын анық көрсетіп берді.Диктатуралар мен монрахиялық басқарудың жойылуы осының нақты айғағы бола алады. Бұл адамдар күшпен басқаруға ұзақ уақыт төзе алмайтынын көрсетеді. Напалеон, Гитлер, Муссолини сияқты диктаторлардың бастан кешкен жайлары бұған мысал болады.

Барлық адамдардың келісіміне негізделген басқару жүйесі – адамзат баласының болашағына жол ашатын жалғыз мүмкіндік болып отырғандай. Адамдар күш қолдануға белгілі бір уақыт мойынсұнғанымен, ол мәңгілік емес.

Басқарудың бұл жаңа түрі жоғарыда айтқанымыздай, 11 негізгі принципке негізделгенімен, бірақ бұнымен шектелмейді. Кімде кім басқарудың осы принциптерін түгел ұстанса, ол адам қоғамның барлық топтарын басқарудың шексіз мүмкіндіктеріне ие болады.

Басшының қателіктері

Енді біз өмірінде сәтсіздіктерге ұрынған басшылардың жіберген қателіктеріне назар аудармақпыз. Өйткені, нендей әрекетті жасамау қажеттігін білу де аса маңызды болмақ.

1 Ұсақ-түйек жайларды түгел ескеруге қабілетсіздік. Білікті басшы істің бүге-шігесіне дейін жақсы білуі тиіс. Ол қолы тимеушілікті сылтау етіп күтпеген жерден туындаған мәселелерді назардан тыс қалдырмайды. Егер басшы қолы тимейтіндікті желеу етіп күтпеген жерден кездескен мәселені шешуден бас тартса, бұл оның әлсіздігін көрсетеді. Табысқа жетуді мақсат еткен басшы істің барлық ұсақ-түйек бөліктеріне дейін назар аударуы керек. Бұл оның орынбасарлары мен бағынышты мамандарының қызметін тиімді пайдаланатындығын көрсетеді.

2 Өзара ауысушылыққа дайын еместігі. Талантты басшы жағдай талап еткен кездерде басқалардан жасауды сұрайтын жұмыстарды атқаруға әрқашанда дайын тұрады. «Кімде билік болса, оған  қойылар талап та жоғары болады» — деген қағида ондай басшыларға белгілі.

3 Білімі үшін сыйақы берілуін күту. Шындығында, қабілетті басшы өз білімін нақты жүзеге асырғаны үшін ғана сыйақы күтеді. Адамдарға білімі үшін емес, сол білімін іс жүзінде кәдеге асырғаны үшін төлейді.

4 Бағыныштылары тарапынан бәсекелестіктен қорқу. Бағыныштыларының бірі өз орнын алып қояды-ау деп қорқатын басшы мынаны білуі тиіс: бұндай жағдайда ерте ме, кеш пе бұл қаупі шындығында жүзеге асып, бағыныштысы оның орнын тартып алатын болады. Қабілетті басшы өз құзыретінің барлық мүмкіндіктерін пайдаланады және ерікті түрде билікті басқалармен бөлісуден қашпайды. Осындай жағдайда ғана ол өзін өзі жетілдіріп, білімі мен біліктілігін арттырады және кез-келген учаскеде жұмыс істеуге өзін дайындайды. Қарапайым ақиқат мынада, адам өзгелерге табыс табуға мүмкіндік бере отырып, өзі де жақсы табыс табатын болады. Кәсіби білікті басшы өз жұмысын жетілдіре отырып, бағыныштыларының алдындағы жауапкершілігі мен міндетіне адалдығын көрсету арқылы абырой-беделі көтеріліп, бағыныштыларының неғұрлым тиімді, жемісті жұмыс жасауларына ынталандырады.

5 Болжамдай алмаушылық. Егер басшының болашақты болжамдау қабілеті болмаса, кездесіп жататын кездейсоқ жайлардың алдында дәрменсіздік көрсетіп, нақты жоспар жасауға қауқарсыз болады. Осыдан келіп жұмыс тиімділігі күрт төменедйді.

6 Эгойзм. Жұмыста қол жеткен жетістіктердің бәрін өз есебіне жазуға құмар басшы мынаны білуі қажет: бағыныштылары бұған төзбеушілік танытуы ықтимал. Ақылды басшы әрдайым жұмыс нәтижесін өзгелермен бөлісіп отырады. Ол әруақытта жасалған жұмыстың нәтижесі соны істеген адамға тиюіне назар аударып отырады. Өйткені ол көп адамдардың жұмысты тек жалақы үшін ғана істемейтінін жақсы біледі.

7 Өзін өзі ұстай алмаушылық. Бағыныштылары басшының өз сезімдерін бақылап, басқара алмаушылығын көргенде, оны құрметтеуден қалады. Оған қоса, ашуға берілу адамның сабырлылығы мен төзімділігін жоғалтуға итермелейді.

8 Тұрақсыздық. Шындығында, басшының қателіктерін дәл осыдан бастау қажет еді. Өз міндеті мен қызметкерлеріне адалдық танытпаған басшы қандай биік жағдайда болмасын, сол орынын ұзақ сақтап тұра алмайды.  Тұрақсыз адаммен ешкім де санаспайды, оған жеккөрінішпен қарай бастайды, сөйтіп ол лайықты түрде өзінің бедел-абыройынан айрылады. Өзінің сөзі мен ісіне адал болмаушылық – адамның қай саладағы істерінің болмасын сәтсіздігіне бірден бір себеп болады.

9 Биліктегі беделге иек артушылық. Білікті басшы қарамағындағыларға үрей сепкенше, өз жұмысы үшін қорықпайтын батыл болуы керек. Өз беделін пайдаланып, қарамағындағыларды езіп-жаншығысы келіп тұратын басшы зорлық-зомбылыққа бейім болады. Шын мәніндегі көшбасшыға өзін өзі жарнамалаудың еш қажеті жоқ. Ол өзгелердің сый-құрметіне басқа жолмен, өз жұмысына адалдығымен, білімімен, қайрымдылығымен, кішіпейілділігімен жетеді.

10 Мансабына мастану. Білікті басшыға өз бағыныштылары тарапына құрмет көрсетілуі үшін атақ-мансаптың қажеті жоқ. Мансабына мастанған адам мақтаншылықтан басқа ешқандай қабілет-қарымын көсретуге қауқарсыз болады. Мақтаншақтық, тәкаппарлық – бұның бәрі басшының іскерлік қасиеттеріне жат нәрселер.

Біз жоғарыда басқарудағы ең көп тараған және жалпылық сипат алған кемшіліктерді ғана тізбелеп баяндадық. Осы аталғандардың кез-келгені сіздің мансабыңызды күл-талқан етіп, абыройыңыздан айыруы мүмкін. Егер сіз білікті басшы болуды армандайтын бослаңыз, осы аталған олқылықтарыдң бәріне назар аударып, ой елегінен өткізіп көріңіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика