1 002 көрілім

адам мүмкіндігіБілімді екі түрлі тәсілмен алуға болады екен. Латын тілінде оның нақты атаулары бар, дегенмен мәселе атында емес, затында болғандықтан, латынша былай дейді деп жаттап алған нәрсені  тықпалағым келмейді. Нағыз білімді адам осы екі тәсілдің қайсын таңдайды – соған байланысты ала алады. Сонымен…

Өз ақылымен ақиқатты тапқысы келетіндердің жайы

Білім алудың бірінші түрі: адам ешнәрсеге сенбейді, бәрін өз көзімен көріп, тәжірибе арқылы көзін жеткізгенде ғана оны шындық деп қабылдайды. Бүгінгі материалистік ғылым осындай түсініккке негізделген. Материалистік ғалымдар Құран,Інжіл сияқты қасиетті кітаптарған сенбейді, өйткені онда айтылған жайларды өз тәжірибелері арқылы анықтағылары келеді.

Мәселен, Құранда адамды Алла топырақтан жаратты деп айтқан. Бүгінгі ғылым адам топырақтан жаратылмайды, ол белоктан, басқа да қоспалардан жасалады деп пайымдайды. Осы түсінікті олар тәжірибе жүзінде дәлелдеуге күш салып келеді. Бірақ та, осы күнге дейін оны іс жүзінде дәлелдей алған жоқ. Соған қарамастан, ақылдан айрылған қыңыр ғалымдар алған беттерінен қайтпай, өз түсініктерін дәлелдеу үшін жанталасып жатыр.

Беделге сүйеніп, ақиқатты тану

Білім алудың екінші тәсілі – беделді адамның айтқанын сол қалпында ақиқат деп қабылдап, сол білімді өз кәдесіне жарату. Бұл тәсілді негізінен дінтанушы ғалымдар, бүгінгі тілмен айтқанда теологтар көп қолданады. Мәселен, Құранда «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» деген аят бар. Құранды бедел деп қабылдайтын пенде  қасиетті кітаптың бұл сөзін жүз пайыз шындық деп қабылдайды. Сөйтеді де, діни парыздарын мүтіксіз орындап, мағынасыз бос сауалдар қойып немесе білгірсінген жалған пайғамбарлардың соңынан ермей, дін жолымен таза жүреді. Оның нәтижесінде жүрегі тазарып, бойында қайрымдылық, сабырлылық, сыпайылық, кішіпейілдік сияқты имани қасиеттер орнығады. Ал ондай адамдар айналасындағыларға сүйкімді болады, бақи дүниеге барасын тозақтың отынан құтылып, жұмақ нәсіп болады.

Бұл тәсілдің артықшылығы сол, адам өзіне дейін дәлелденген ақиқатты қайта дәлелдеймін деп уақытын, күш қуатын сарып қылып жатпай, оны бірден қабылдау арқылы кәдесіне жаратуға кіріседі. Осылайша ол уақытын, күш қуатын үнемдейді және сол дайын ілімді пайдалана отырып, білімін жедел жетілдіреді.

Бұған мысал ретінде мына жайды келтіруге болады. Сіз басыңыз ауырып, емханаға бардыңыз делік. Дәрігер сіздің ауруыңызды анықтап, дәрі жазып береді. Сол дәріні сатып алып, дәрігер айтқандай қабылдайсыз. Соның нәтижесінде көп ұзамай дертіңізден айығасыз.

Ал енді осыны білім алудың бірінші тәсіліне негіздеп, түсіндіріп көрелік. Сіз басыңыз ауырған соң дәрігерге барып көріндіңіз. Ол сізге дәрі жазып берді. Бірақ сіз әдетіңізше, дәрігердің айтқанына құлай сенген жоқсыз. Сондықтан шындыққа көз жеткізу үшін берген дәріні зертханада зерттеп көрдіңіз. Әрине, микроскоппен қарап, дәрінің құрамын анықтау көп нәрсе берей қоймайды. Өйткені, ол дәріні ұзақ жылдар тәжірибе жүзінде түрлі ауруларға қарсы қолдана отырып, нәтижесін салыстыру арқылы ойлап тапқан. Сіз оның емдік қасиетін толық анықтау үшін көп жылдар қажет болады және оны анықтағанша дертіңіз тұра бермей, асқынып, тәніңізді азапқа салуы, тіпті бақи дүниеге әкетуі мүмкін. Сондай-ақ, сонша бейнетпен, ұзақ жылдарыңызды кетіріп, дәрінің шын мәнінде емдік қасиеті барлығын анықтау сізге еш игілік әкеле қоймайды.

Ақиқатты біліп, нақты білім алу үшін сенімді БЕДЕЛДІ адамды табыңыз және соның айтқаны мен жазғандарын АҚИҚАТ деп қабылдаңыз. Осылай жасау арқылы сіз қысқа мерзімде БІЛІМ аласыз. Егер бәрін өз көзіңізбен көріп, анық-қанығына жеткенше беделді ғалымдардың сөзін қабылдамайтын болсаңыз, онда уақытыңызды босқа сарып қылып, ешқашан білім таба алмайсыз. Бұл екі жолдың қайссын таңдау сіздің өз еркіңізде. Нәтижеге жету, не жетпеу сіздің таңдауыңызға тікелей байланысты болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика