118 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Сахнада актерлердің қатысуымен сан түрлі әрекеттер жасайтын жансыз қуыршақ секілді адамдар да мына өмір деп аталатын үлкен сахнада табиғат гуналарының ықпалымен әртүрлі әрекеттер жасап, өзінше тамаша өмір кешеді. Ал шын мәнінде мұның бәрін ол өзі жасамайды, бәрі материалдық қуаттың көмегімен өздігінен жасалады. Адам қуыршақ сияқты табиғат қуатының еркімен еріксіз әрекеттер жасайды. Біздің тәніміз, ақыл-ойымыз бен сезімдеріміз – бәрі де біздікі емес. Ол иогалық ұйқыға берілген Маха Вишнудың меншігі. Біз оны уақытша иеленіп, пайдаланушы ғанамыз.

Бһагавад Гитада адам тәні, жалпы материалдық тіршілік сегіз элементтен тұрады дейді. Олар: бес материалдық дөрекі элемент – су, от, ауа, жер және эфир, оған қоса үш нәзік элемент – ақыл (ум), зерде (разум) және жалған эго бар. Осы элементтер бірігіп барша тіршілік иелерінің тәнін құрайды.

Адамның бойында да аталмыш сегіз элемент бар. Жалған эго немесе жалған «мен» санскрит тілінде – махат таттва деп аталады. Бұл қуаттың құдыреттілігі сонда, ол тіршілік иесінің санасын билеп, оны еріксіз «мен осы материалдық тәнмін» дегенге иландырады. Адамның өзін өткінші тән санап, мәңгілік рухани табиғатын ұмытуына тікелей осы қуат – махат таттва, яғни жалған эго ықпалын тигізеді.

Сіз өміріңізде гипнозшының сеансына қатысып көрдіңіз бе? Гипнозшының ықпалына түскен пенде ұйқылы-ояу күйге түседі де, не істеп-не қойғанын білмейді. Махат таттва да тіршілік иелерін дәл солай ықпалына түсіріп, еріксіз өзін тән санауға иландырады. Бәленің бәрі дәл осында, яғни адамның жалған эго деп аталатын материалдық қуаттың ықпалына түсуінде.

Ұйқыдан ояну

«Матрица» фильмінің кейіпкері сияқты  махат таттва қуатының ықпалынан шыққан адам ұйқысынан оянғандай дүниеге басқаша көзқараспен қарай бастамақ. Ол мына материалдық дүниенің сабынның көпіршігі сияқты өткінші жалған екендігін, менікі деп малданып жүргеннің бәрі басқаныкі болып шыққандығын, тіпті басқа түгілі, тәні мен ақыл-ойы, сезімдері де өзінікі еместігін түсінеді. Яғни, біз мына фәниде уақытша жалданып жұмыс істеп жүрген адам сияқтымыз. Біздің меншігімізде ештеңе жоқ. Келісім-шарттың мерзімі біткен соң үйімізге ораламыз. Бірақ ең өкініштісі сол, келісім-шарт мерзімінің біту-бітпеуі, қашан аяталуы – бәрі өзімізге қатысты. Егер біз материалдық қуаттың ықпалында жүруді жақсы деп санап, одан шығуға талпынбасақ, «Матрица» фильміндегі қарабайыр халық сияқты мәңгі бақи ұйқыда қала береміз.

Ұйқыдан ояну үшін бізге ең алдымен өзіміздің көзқарасымызды өзгерту қажет. Яғни, біз өзіміздің ауыратын, қартаятын және өлетін, оған қоса әйел-еркек түріндегі жартыкеш, осал, әлжуаз тіршілік иесі емес, мәңгілік жан екенімізді түйсінуіміз шарт. Бірақ та, бұл процес өздігінен жүрмейді, біздің тікелей күш салуымыздың арқасында ғана нәтижеге жете аламыз. Рухани даму, тәни немесе материалдық түсінік шеңберінен шығудың амалдары мен әдістері туралы алдағы уақытта баяндайтын боламыз.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика