Біз қандай заманда, қандай қоғамда өмір сүреміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өзіміздің қандай заманда және қоғамда өмір сүріп жатқанымызды білу бізге не береді? Теңізде келе жатқан кемеші өзінің қай ендікте, қай бойлықта екендігін дәл анықтау арқылы баратын бағыты мен оның қашықтығын білетін болады. Сол сияқты бізге де өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мен заманның қандай екендігін дәл анықтап алу болашақ бағдарымызды айқындауға көмектеседі.

Құдайсыздар қоғамы.

Адамзат білімінің шыңы саналатын веда ілімінде ұдайы қайталанып келіп отыратын жылдың төрт мезгілі сияқты төрт дәуір, яғни заман туралы айтылған. Олар: сатья юга (алтын ғасыр), трета юга (күміс ғасыр), двапара юга (қола ғасыр) және кали юга (темір ғасыр) деп аталады.
Алтын ғасырда адамдар иманды болып, әділдік үстемдік құрмақ. Күміс ғасырында адамдардың 25 пайызы теріс жолға түседі, ал қола ғасырында 50, темір ғасырында 75 пайызы және онан да көбі күнәлі жолды таңдайды. Біз қазір күнәкарлық жайлаған темір ғасырында өмір кешіп жатырмыз. Бұл дәуір 432 мың жылға созылса, оның басталғанына 5 мың жылдан астам уақыт өтті. Яғни, әлі 427 мың жылдай уақыт бар.
Кали юга, яғни темір ғасырында адамдар азғындыққа салынып, дінсіздік, әділетсіздік белең алады. Адамдардың азғындауы уақыт өткен сайын күшейе түспек. Бұның бәрін біз өз көзімізбен көріп, куәсі болып отырмыз.
Менің балалық шағым өткен 60-70 жылдарда адамдар біршама тәрбиелі және атейстік түсінік етек алғанына қарамастан, әділ, қайрымды болатын. Қыз балалардың жеңіл жүріске бой алдыруы сирек кездесетін. Ал қазір бұрын шет елдік кітаптардан оқып, кинолардан ғана көретін жезөкше дегендерің қалада да, ауылда да өріп жүр. Нашақорлық, жемқорлық сияқты бұрын болмаған жаман әдеттер де белең алып барады.

Қоғамның өзі азғындықты қолдайды.

Біз үлгі алып жүрген Батыс елдерінде еркек пен еркектің жақындасуын және үйленіп бірге тұруын қолдайтын заңдар бар. Бұл елдер Құранда тозаққа түсірер үлкен күнә саналып, адамдар арасында арсыздық деп түсінілетін мұндай теріс әдетті заң арқылы қоғамға енгізіп алды. Сол Батыс елдерінде тәнін саудалайтын жезөкшелік те заң арқылы еркін жұмыс жасайды.
Егер ақшаңыз бар ма, қалаған қыз немесе ер баламен жақындасып, ойыңызға келгенін жасауыңызға болады. Бұл қылмыс та, ұят та, заң бұзушылық та емес. Бәрі заңды. Құмар ойынын ойнағыңыз келе ме, ойнаңыз. Адам өлтіретін пистолет, автомат керек пе, дүкеннен еркін сатып аласыз.
Бұл елдерде адамның бауыр, бүйрек сияқты ағзалары да еркін сатылады. Халық атынан сөйлеп, заң шығаратын депутатты да заң бойынша сатып алуыңызға болады. Бұны заң тілімен «лоббилік» деп атайды. Яғни, әлгі депутатқа ақшасын төлеп, өзіңіз қалаған заңды қабылдатқызып алуыңызға құқыңыз бар. Бәрі заңды.
Адамдарды азғындыққа итермелейтін гомосексуалдық, жезөкшелік дегенді заңдастырып қойған өркениетті елдердің қоғамы керісінше аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға шектен тыс жұмсақтық жасауды да заңдастырып алған. Мұны – ізгілендіру деп атайды. Бес-он адамды азаптап өлтірген қанышерді өлім жазасына кесуге болмайды. Өйткені бұл елдерде өлім жазасы деген атымен жоқ. Мұны өткен ғасырлардан қалған қатыгездік пен жабайылықтың белгісі деп заңнан алып тастаған.

Қоғам қайда барады?

Аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды атуға, яғни өлім жазасына кесуге болмайды. Олардың жазасын өтейтін түрмелеріндегі жағдайды жақсарту мәселесі үнемі көтеріліп, соның арқасында түрмедегі жағдай курорттағы демалысқа ұқсаңқырайтын деңгейге дейін жеткізілді. Содан болар, қылмыс жасаудан бүгін адамдар онша қорқа қоймайды.
Керісінше, шет елдік «қайырымды, әділ» қылмыскерлер туралы шытырман оқиғалы фильмдердің супергеройларына ұқсағысы келетін жастар қатары жыл санап көбейе түсуде. Содан болар, қылмыс жаппай белең алып бара жатқан түрі бар.
Еркек пен еркек, әйел мен әйел жақындасып, үйленуіне, туған ұлының туған анасын алып, қызы туған әкесіне тұрмысқа шығуына заң жүзінде рұқсат беретін, кісі өлтіргіш қаруларды заң бойынша сатуға кеңшілік етіп қойған, адамның есін алатын арақ-шарапты өндіріп, сатуды бизнес санайтын қазіргі қоғам адамдарды азғындыққа еріксіз итермелеп жатқандай. Мұндай қоғамда өмір сүрген адам еркінен тыс қылмыскер, зинақор, гомосексуал, маскүнем немесе нашақор болатын сыңайлы.
Нашақор демекші, соңғы кезде Батыс елдерінде адамдарға химиялық жолмен дайындалған есірткіні арнайы дүкендерде сатуды заңдастыру қажеттігі жөнінде мәселе көтерілуде. Болашақта есірткіні сатуды да заңдастырып алатын секілді.

Түйін.

Осындай қоғамда өмір сүріп жатқан біздер не істеуіміз қажет? Азып-тозып маскүнем, нашақор, зинақор, қылмыскер немесе гомосексуал болып кетпеу үшін дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, шариғат жолымен жүруге талпынғаннан басқа лажымыз жоқ. Иманнан аулақ әрбір пенде міндетті түрде жоғарыда аталған азғындықтардың бірінің немесе бірнешеуінің торына шырмалмақ. Тек құдай деген жан ғана Алланың шапағатымен азғындықтан аулақ болмақ.
Яғни, азғындықтан аман болудың бірден бір жолы – имандылық. Иманды болмасаңыз, мына қатыгез, лас заманда және қоғамда азғындыққа салынуыңыз оп-оңай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика