Бізді өлімнен кейін не күтіп тұр?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өлімӨзекті жанға түптің түбінде бір ажалдың келетіні ақиқат. Өлімнен қашып құтылушы жоқ. Күн сайын біз бір танысымыздың, туысымыздың немесе бейтаныс жанның өлгендігін естіп, біліп жатамыз. Яғни, өлім деген құбылыспен күн сайын дерлік тоқайласып тұрамыз. Бірақ адамдардың көбі соған қарамастан, өлім туралы ойламайды.

Адамдар неге қаперсіз?.

Жұма күні үйдің жанындағы моншаға бардым. Жәй күндері жеңілдікпен кіретіндіктен болар, зейнеткерлер осындай күндері моншаға көп келеді. Пайғамбар жасынан асқан зейнеткер қариялар өлікті жерлеу жайлы әңгімені қызу талқылауға кірісті.

«Мен таяуда Қызылжарда болған едім, онда өлікті лақат жасамай тікелей жерлейді екен» -деді біреу. Оңтүстікте де солай жерлейді, өйткені жері құмды болғандықтан лақат қазу мүмкін емес дейді деп екінші шал сөзге араласты. Содан не керек, өлікті жерлеу тіралы сан түрлі әңгімелер айтылды.
Ең жасы алпысты орталаған, 70, тіпті 80-ге келген қалт-құлт етіп әзер жүрген қариялардың өлімнен кейінгі өмір туралы қаперге алмай, өлікті жерлеу жайында ғана әңгімелескені таңғалдырды. Қалада тұратын бұл қариялардың көбі кезінде басшы қызметтер атқарып, партия мүшесі болған. Олардың арасында намаз оқып, ораза ұстайтындары жоқтың қасы.
Қызығы сол, білектен күш, бойдан қуат кетіп, күн өткен сайын кәрілікке бой алдырған, ажалдың суық ызғарын сезініп отырған ақсақалдардың өлімнен кейін не болатынын қаперге алмай, өлікті қалай жерлеу керектігі жөнінде әңгімелесуі ақылға сиымсыз сияқтанды. Олар осы әңгімелері арқылы келмей қоймайтын ажалды еріксіз еске алатыны анық. Бірақ, ешқайсы өлімнен кейін жағдайымыз қалай болады деп ойламайтын сыңайлы
Кеңес заманында бір аптадай уақыт ет комбинатында жұмыс жасағаным бар. Сонда союға әкелген шошқалардың жан дауысы шығып жанталасатынын, сиырлардың мөңіреп шуылдайтынын көрген едім. Тек қой ғана қаперсіз бірінің жүнін бірі жұлып жеп тұратын. Адамдар да қой сияқты жақындап келе жатқан ажалдан қаперсіз тірлік кешетін сияқты.

Ең қайтарымы мол инвестиция – имандылық.

Американдық ғалым Раймонд Моудидің «Өлімнен кейінгі өмір» деген кітабында клиникалық өлімге ұшыраған адамдардың бастан кешкендері айтылады. Тәнінен шыққан олар өз тәндерін сырттан көріп, қараңғы туннел арқылы белгісіз әлемге баратыны суреттеледі.
Ресейлік белгілі теолог Александр Хакимов өлімнен кейінгі өмірге сенбейтін адамдар үшін кеудесінен жаны шыққан соң ақыл-есінің жоғалмай, тәнінен бөлек тірлік кешетінін сезінуден өткен қорқыныш жоқ дегенді айтады. Өлім деген мәңгілік ұйқы деп түсінетін атеис өлген соң да ақыл-ойының жоғалмай, өмірдің жалғасатынын білгенде қорқыныш пен үрейге бой алдыратын сияқты.
Пайғамбарымыздың ең жақын серіктерінің бірі болған Әзіреті Әлидің «мына дүние жұмыс істейтін жер, жалақы алатын орын о дүние» деген сөзі бар. Біздің жасаған жақсы амалдарымыз о дүниеде сауап болып алдымыздан шығады екен. Ол сауап бізді тозақ азабынан құтқарып, жұмақта мәңгілік жан рахатына кенелуге мүмкіндік бермек.
Сондықтан да, әрбір пенде «о дүние үшін не жасап жатырмын?» деген сауалды күн сайын өзіне қойып, әр күнін текке өткізбей, сауапты істер жасауға ұмтылуы қажет. Ең қайтарымы мол инвестиция – имандылық, яғни мәңгілік бақи дүние үшін жасаған сауапты істеріміз. Осыны үнемі есте ұстайтын адам екі дүниенің де игілігіне кенелмек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика