2 574 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

61Қазақстанда бүгінде интернетті пайдаланушылар саны 10 миллионға жетіпті. Яғни, интернет қазір ең кең таралған қолжетімті ақпарат көзі болып отыр. Оны жас та, кәрі де, лауазымды тұлғалар мен жұмыссыздар да пайдаланады. Интернеттің осылай өмірімізге кең енуіне байланысты интернет кеңістігі арқылы өз ой-пікірін таратып, атағын шығару, сол арқылы ақша табуды ойлайтындар да  емес. Ондайларды блоггерлер деп атайды.

Блоггер деген кім?

Блоггердің мағынасы – күнделік жүргізуші және оны басқарушы дегенді білдіреді екен. Ертеректе біздің бала кезімізде жастар арасында күнделік жазу сән болатын. Қалың дәптерге күнделік жазатында көп еді.  Блоггер де сол сияқты күнделік жазушы. Бірақ блоггер күнделігін дәптерге емес, компютерге жазады және оның күнделігі, яғни блогы хостинг арқылы интернетк еңістікте тұрады.

Мұндай күнделік-блогты кез келген адам тәуліктің кез келген сәтінде, әлемнің кез келген түкпірінен тауып, оқи алады. Өйткені, интернет кеңістікте, яғни хостингте тұрған және домен деп аталатын мекен-жай тұрағы бар блогты тауып, ондағы ақпараттарды оқу үшін интернетке қосылған компьютеріңіз болса болғаны.

Күнделікте адам не жазады? Өзін толғандыратын жайларды, әйтпесе күнделікті жасаған шаруаларын (ұмытып қалмас үшін) немесе өзінің белгілі бір саяси оқиғаға қатысты көзқарасы туралы жазады. Блогты әдетте үш түрлі адамдар жүргізеді: 1) өзінің жақсы көретін ермегі немесе кәсібі туралы жазатындар, 2) атақты адамдар, 3) блог арқылы ақша табуды ойлайтындар.

Алғашқы екі топтағылар блогты ермек үшін жазады және өздеріне ұнаған тақырып туралы ғана әңгіме қаузайды. Ал, соңғы топтағылар блогқа жұрқа қажетті қызықты ақпараттар салып, түрлі әріптестік бағдарламаларға қатыса отырып, ақпарат тауарларды сату, өз блогынан жарнамалық алаңдар беру, сілтеме сату сияқты жолдармен ақша табады.

Қазақ тілді ғаламтордағы блоггерлер

Бүгінгі күні елімізде блоггерлердің ассоциациясы деген қоғамдық бірлестік құрылып, жұмыс істеп жатыр. Блоггерлер еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орындарын алып, жұртшылық тарапынан мойындалған ақпарат таратуышлар болып табылады. Дегенмен, қазақстандық блоггерлерді ағылшын және орыс тілді интернет кеңістіктегі шет елдік блоггерлермен салыстыруға болмайды.

Біздің блоггерлеріміз енді ғана қалыптасып, аяғынан тұрып келе жатқан тәжірибесі мен біліктілігі төмен жас әлеуметтік топ. Орыс тілді блогтар біршама дамып, өз оқырмандарын тапты десек, қазақ тілді блогтар әзірге бірлі-жарым ғана. Отандық блоггерлердің деңгейін мынадан анық байқауға болады: бізде ресейліктер сияқты блоггерлер белгілі тақырыптарға арналған жеке блогын ашуға әлі бейімделе қоймаған.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Біздегі блоггер дегендер негізінен әлеуметтік желілер арқылы өз прарақшаларын ашып, сонда өздерінің түрлі саяси, қоғамдық, экономикалық, басқа да мәселелерге қатысты ой-пікірлерін үнемі жазып жүретіндер. Соларды блоггер деп атап жатамыз. Шындығында, блоггер болу үшін хостингке орналасқан домен атауы бар жеке сайтың болуы шарт. Ал, әлеуметтік желілердегі парақша арқылы ақпарат тарату – бұл блоггерлік қызметке онша қатысы жоқ нәрсе.

Өз басым қазақ тіліндегі белгілі бір тақырыптарға арналған мағыналы және қызықты мақалалар беріп отыратын  бірлі-жарым ғана жеке блогты білемін. Қазақ тілді блоггер дейтіндердің 99 пайызы әлеуметтік желілер арқылы өз ой-пікірлерін, кейде ютубтағы бейнеканал арқылы бейнекөрілімдерін таратушылар.

Сондай-ақ, біздегі қазақ тілді лауазымды тұлғалардың немесе атақты жұлдыздардың жеке блогтары да мардымсыз аз және олар жұртты қызықтыратын тартымды мақалалар немесе бейнекөрсетілімдер бере қоймайды.

Кім блоггер бола алады?

Блоггер болу үшін арнайы жоғары  кәсіптік білім, диплом немесе сертификат дегеннің қажеті жоқ. Кез келген адам блоггер бола алады. Ол үшін сайт құрылымы жөнінде интернеттен тегін немесе ақылы курстардан алғашқы білім алсаңыз жеткілікті. Сайт құрылымын, онымен жұмыс істеуді және оқырмандарды тарту тәсілдерін аздап меңгерсеңіз сол жетеді.

Осыдан кейін міндетті түрде блог тұратын интернет кеңістік, яғни хостинг және блогыңыздың мекен-жайы, яғни домен алуыңыз қажет. Содан кейін өзіңіз жасай алмасаңыз білетін бағдарламашыға тапсырыс беріп, сайт жасатасыз. Онан әрі белгілі бір тақырып бойынша немесе өзіңізді толғандыратын жайлар туралы күнделікті сайтқа мақала жазып салып отырасыз.

Блоггер болу үшін кәсіби журналист болудың қажеті жоқ. Белгілі деңгейде сауатты жаза аласаңыз сол жетеді. Күнделікті өмірде өзіңізге ой салған жайлар туралы өз ой-пікіріңізді блогыңызға жазып отырсаңыз және оны үнемі жүргізсеңіз, көп ұзамай қаламыңыз қалыптасып, ойыңызды шебер беретін деңгейге жете аласыз. Сондай-ақ, блог арқылы сіз төңірегіңізге өзіңіздің пікірлестеріңізді топтайсыз солармен пікір алысып, ой бөлісіп отыруға мүмкіндігіңіз болады.

Өмірдегі ең ауыр нәрсе – жалғыздық болса, блогыңызды жүргізу арқылы сіз жалғыздықтан құтылып, пікірлестер табасыз және өзіңізді толғандыратын жайларды ішіңізге жинай бермей сыртқа шығарасыз. Ал, бүгінгі медицинаның пайымынша, іште қалған пікір адамның өмір жасын қысқартып, күйзеліске түсіреді және ауруға шалдықтырады. Блог жүргізу арқылы сіз сондай қатерден аулақ боласыз.

 

 

 

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика