113 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазір елімізде университеттер мен колледждер жетіп артылады. «Анандай мамандықты үйретеміз, мынадай мамандық алып шығасыз» деп жазған жарнамалар жаз айларында қаптап кетеді. Мектеп бітірген жастар арасында жоғары оқу орындарына үлкен үміт арқалап барып жатқандар көп.  Өкініштісі сол, қазіргі жоғары және арнаулы кәсіби орта оқу орындарының ешқайссы заман ағымына сай еңбек нарығында қажет мамандықтар даярлауға қабілетсіз.

Мамандық үшін қанша ақша қажет?

Кеңес заманында оқу түгел тегін болатын, ал қазір жоғары және арнаулы кәсіби орта оқу орындарының бәрі ақылы. Ақша төлегіңіз келмесе, ҰБТ тапсырып, жоғары балл жинаңыз да, грант есебінен оқып білім алыңыз. Бірақ, бұған екінің бірінің қолы жете бермейді. Ал балыңыз жетпей қалды екен, онда ата-анаңыздың қалтасына түсуге тура келеді.

Жоғары оқу орындары үшін төленетін ақы – жылына 400 мыңнан басталады. Ең арзан – 400 мыңның оқуына түскеннің өзінде сіз университетті бітіргенше, бес жылдың ішінде 2 миллион теңге береді екенсіз. Сонша ақша жұмсап алған дипломыңыз бен мамандығыңызға сай жұмыс табылса жақсы. Тіпті, жұмыс табылғанның өзінде жалақысы ауыз жарығысыз болып шығады. Яғни, миллиондарды беріп алған мамандығыңыз сізді  жақсы тұрмысқа жеткізе алмайды.

Бұл ақиқатты жұрттың бәрі жақсы біледі. Десе де, ата-аналар да, жастар да еңбек нарығында  орындарын тауып, нан тауып жеудің бұдан басқа тәсілін білмейтін сияқты. Шындығында оларыдң көбі  ондай тәсілді іздеп, бас ауыртпайды. Әйтпесе, жастар үшін еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және табысы да өте жоғары мамандықтар аз емес. Тек құлық, ниет болсын де.

SMM менеджер болғыңыз келе ме?

Әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін  SMM менеджер мамандығы қазір өте үлкен сұранысқа ие мамандықтар қатарында. SMM менеджер әлеуметтік желілер арқылы өзі қызмет ететін компанияның өнімдерін жарнамалайды немесе  өзі еңбек ететін мекеменің атқарып жатқан жұмыстарын насихаттайды. Осы қызметі үшін ол жап-жақсы ақша алады.

Егер сіз яндекстің іздеу терезесі арқылы  SMM менеджер қызметіне сұранысты қарап көрсеңіз, қызықтыратын ұсыныстардың көптігін көріп қайран қалар едіңіз. Мәселен, әдемілік салоны өз қызметін әлеуметтік желі арқылы жарнамалайтын SMM менеджерге айына 60 мың рубль төлейді екен. 60 мың рубль теңгеге шаққанда 320 мыңдай болады ғой. Айына 320 мың теңгені қашықтан үйіңізде бірер сағат жұмыс істеп табатын болсаңыз жаман емес қой.

SMM менеджер мамандығын қайдан алады және қалай алуға болады? Яндекстің іздеу терезесі арқылы қарасаңыз, осындай мамандыққа шақырған курстар аз емес. Ринат Гайсин деген осы саланың кәсіби маманының 3 айлық курсы 36 мың рубль тұрады екен. Үш айда сіз теория жүзінде оқып, оны практикада қолдануды меңгеріп, нағыз кәсіби SMM менеджер болып шығасыз. Оған қоса, арнайы сертификат аласыз.

36 мың рубль деген теңгеге шаққанда 200 мыңдай болады. Сіз үшін 2 миллион теңге беріп, 5 жыл оқып жұмысқа орналасуға ешқандай кепілдігі жоқ және ауыз жарығысыз жалақы алатын мамандық  алған дұрыс па, әлде  200 мың теңге төлеп, үш айда еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және жалақысы да жоғары мамандық алған жөн бе? Бұл мәселені әрбір жас өзі ойлап, өз ақылымен шешуі қажет.   

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика