Болашақ үшін өмір сүрудің баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өткен ғасырда АҚШ-та бір қоғамдық ұйым мектеп оқушыларының арасында тәжірибе сынағын өткізеді. Сынаққа бірнеше мектепте оқитын ондаған бала тартылады. Балаларға мынадай ұсыныс айтылады: 1 – саған күніне 1 доллардан 10 күн бойы ақша береміз; 2 – саған 10 күннен кейін бірден 20 доллар береміз. Қызығы сол, балалардың 90 пайызы күн сайын бір доллар алып отыруды қалапты. Ал он пайызы ештеңе алмастан, он күн күтіп, бірден 20 долларға ие болуды таңдайды. Арада 15 жыл өткенде әлгі қоғамдық ұйым сынақтан өткен балалардың тағдырын анықтайды. Күн сайын бір доллар алған балалардың бәрі өмірден орындарын таба алмай, біреулері жұмыссыз, енді біреулері болар-болмас ақшаға жалданып жұмыс істеп жүреді. Ал он күн күтіп, 20 доллар алуды қалаған балалардың бәрі жақсы мамандық алып, жалақысы жоғары қызметке тұрады, ал біреулері өз бизнестерін ашып, бақуаттылыққа жетеді.

Шегіртке мен құмырсқа

Орыстың атақты ақыны Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысал өлеңі бар. Ала жаздай ән салып, сауық құрған шегіртке қыс келгенде жаны қысылып қайда барарын білмей сасады. Жаздай тынбай еңбек етіп, қысқы азығын жинаған құмырсқаға келіп, көмектес деп сұрайды шегіртке. Құмырсқаның оған жауабы мынадай болады: «Ала жаздай ән салсаң, селкілде де билей бер».

АҚШ-тың қоғамдық ұйымы өткізген сынақтан және Крыловтың мысалынан мына жайды түйінеуге болады: қазіргі күні адамдардың 90 пайызы ертеңгі болашақтарын ойламай, тек бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүреді. Сондықтан, олар ала жаздай ән салып, уақытын текке өткізген шегіртке сияқты бастарына қиындық түскенде оған дайындығы жоқ, қиналып біреуден қарыз сұрайды, не банктерден тиімсіз шартпен несие алады. Осылайша ондайлар кедейліктің қамытынан өле өлгенше құтылмай, қиындықта өмір кешеді.

Ал болашақтары үшін еңбек етіп, ертеңгі күнін бүгіннен бастап ойлайтын құмырсқа текті адамдар жалақыларының, қызметтерінің қандай болғандығына қарамастан, міндетті түрде бақуаттылыққа қол жеткізіп, тапшылық көрмей өмір сүреді. Бұл 2х2=4 деген сияқты АҚИҚАТ.

Өз болашағын адам өзі жасайды

Әр адам өзінің ертеңгі болашағын бүгінгі әрекеті арқылы өз қолымен жасайды. Бүгін пайдалы, жақсы әрекет жасаған адам, ертеңгі күні сол әрекетінің жемісін татады. Ал бүгнгі күнін ішіп-жеп, көңіл көтерумен, пайдасыз істі ермек етіп, уақытын босқа өткізген пенде, ертеңгі күні еш игіліктен үміт күте алмайды.

Американдық өзін өзі дамыту ғылымының білгір маманы Брайан Трейси аптасына 1 кітап, жылына 50 кітап оқиды екен. Осылайша өзінің интелектуалдық деңгейін көтерген ол бақуатты миллионерге айналған. Салауаттылықты ұстанатындықтан, денсаулығы да өте жақсы. Жетпістен асқан Трейси әлем елдерін кезіп, өзін өзі дамыту ғылымы бойынша лекциялар оқиды, өзінің ауқымды бизнесі бар, сонымен айналысады, оған қоса өзін өзі дамыту ғылымы жайында кітаптар жазады.

Өзін өзі дамыту ғылымының тағы бір жарқын өкілі – ресейлік Алекс Яновский жеңіс күнделігі деп аталатын күнделік жазуды әдетке айналдыр дегенді айтады. Ол күнделікте сіз күн сайын жасаған пайдалы істеріңізді тізіп жазып отыруыңыз шарт. Күн сайын жасаған пайдалы істеріңіздің жемісі ертең алдыңыздан түрлі игілік болып шығады. Осылайша сіз болашағыңызды өз қолыңызбен жасап, үнемі пайдалы шаруалармен айналысуды әдетке айналдырасыз.

Түйін: Сіз қай топтасыз: шегіртке ме, құмырсқа тобында ма? Шегіртке көңіл көтеріп, бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүреді, болашағына еш алаңдамайды. Ондайлар тапқан ақшасын шашып, қалталарынан үнемі жел улеп жүреді, яғни қалталарында көк тиын болмайды. Құмырсқалар болса, ертеңгі күні үшін өмір сүріп, ақшаларын жинап, депозиттерге салып, құнды қағаздар алып, бақуаттылықтың баспалдағымен үнемі жоғары өрлейді. Екінші топтағылар міндетті түрде бақуаттылыққа қол жеткізеді және өз болашақтары үшін еңбек ететіндіктен, олар өздерін интелектуалдық, физикалық жағынан жетілдіруге де жете көңіл бөледі. Егер сіз шегіртке тобында болсаңыз, қыс келгенде бүрісіп, құмырсқаның аяғына жығылып көмек сұраған сауықшыл шегірткенің жағдайына түспес үшін, өміріңізді өзгертіңіз. Яғни, болашақ үшін еңбек ететін құмырсқа тобына өтіңіз. Бақытты болудың жалғыз жолы – осы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика