Болашақ бағдар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Мен инвестормын» блогын бір жылдай жүргіздім. Мақсат төрт бағыт жөнінде – физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық және рухани жағынан даму жайында әңгіме қозғау болатын. Бір жылдың ішінде үш жүзге тарта мақала жазылды. Оған қоса, бірнеше электронды кітаптар жазып, оқырманға ұсындым.

Мақсат орындалды.

Бір сөзбен айтқанда, мақсат орындалды деуге болады. Әрине, бұл бағытта әлі де көп жайларды жазуға болады. Ойым – блогты онан әрі жалғастыру еді. Дегенмен, күтпеген кедергі кездесті. Доменді Украйнаның минихост деген хостингінен алған болатынмын. Өкінішке орай, бұл байыпсыз, сенімсіз хостинг болып шықты. Бәлкім оған Украйнадағы болып жатқан саяси жағдайлардың әсері болған шығар. Әйтеуір осы хостингтің арқасында домен үшін ақы төлеп, мерзімін ұзартқаныма қарамастан, сайтымнан айрылып тындым.
Сайт ашылмай қалды. Хостингтің техникалық қолдау бөліміне жазған хаттарыма жауап ала алмадым. Тіпті, қазір қызметін пайдаланып жүрген бегет.ру хостингінің мамандары да жәрдемдесе алмады. Доменді басқа хостингке аудару үшін бұрынғы хостингтің рұқсаты қажет екен. Осылайша, бір жылғы жұмысым далаға кеткендей болды. Өкінішті, әрине.
Бірақ та, жазған барлық мақалаларым өзімде сақтаулы. Олардан болашақта түрлі тақырыптар бойынша электронды кітаптар жазамын ба деген ниетім бар.

Болашақ жоспар қандай?

«Мен инвестормын» блогын бір жыл жүргізу барысында көп тәжірибе жинадым. Ең бастысы, кілті сөздерге құрап мақала жазуды, сол арқылы оқырманды көптеп тарту тәсілін меңгердім. Оған қоса, блогты жүргізу, сайттың дизайнын жақсарту, қызмет ауқымын кеңейту бағытында да көп білім алдым.
«Мен инвестормын» блогы жоғарыда айтқанымдай төрт бағытты қамтиды. Яғни, ауқымы тарлау. Осыған орай, алдағы уақытта барлық бағыттарды қамтитын блог ашып, жүргізсем деген ой келді. Бәлкім, «Мен инвестормынның» жабылып қалғаны дұрыс та болған шығар. Егер ол жабылмаса, бұрынғы ескі сарынмен жүре берер едім.
Өткен тәжірибелерімді пайдаланып, төрт-бес айдың ішінде тәулігіне 70-80, онан да көп оқырман кіретін дәрежеге жетуге болады деп ойлаймын. Қазақша блогтан ақша табу қиын. Оған өткен тәжірибе барысында көзім жетті. Сондықтан, бұл блогты жүргізудегі мақсат – ақша табу емес, оқырмандарды тартып, өз ой-пікірлерімді ортаға салу болмақ.
«Іште пікір өлгенше» деген сөз бар. Яғни, түрлі саладағы өз білімім мен тәжірибемді жұртпен бөлісу арқылы, өзгелерге пайдалы ақпарат бере алсам, мақсаттың орындалғаны.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика