Архив рубрики «Ақша»

Ақша табудың тылсым тәсілі

Қазіргі нарық заманында ақша тапшылығын сезінбейтін адам кемде-кем шығар. Ақшаның жетіспеушілігі ойымызға алған көптеген істерді жүзеге асыруға үнемі кедергісін келтіріп жатады. Өзін өзі дамыту ғылымының сарапшыларының пайымынша, ақша тапшылығынан құтылып, ойымызға алған шаруаны жүзеге сыруға қажетті қаржыны табу қиын емес көрінеді. Енді осы тәсілге кеңірек тоқталайық.

Ақша жансыз жәй қағаз емес

Иә, ақша деген қағаздан жасалған жансыз зат емес, ол Жаратқанның қуаты, яғни жаны да, санасы да бар деп санайды индустар. Кванттық физиканың дамуына байланысты жанды, жансыз заттар туралы бүгінгі ғылымның да пікірі өзгеруде. Жалпы, мына әлемдегі барлық жанды-жансыз заттардың бәрі – қуат екен. Оған адам да кіреді. Ал қуат санасыз емес.

Қытайларыдң құдайдай сеніп қолданатын феншуи тәсілі – ойдан шығарылған қияли нәрсе еместігіне қазір көп адамдар сенеді. Осы тәсілді пайдалана жүріп, байлығына байлық қосып жатқандар бар. Яғни, мұндай тәсілдер жұмыс істейді деген сөз.

Прочитать остальную часть записи »

Қарыз алу арқылы қаржы мәселесін шешуге бола ма?

Көп адамдар қарыз алуды қаржылық қиындықтан құтылудың ең оңай және қолжетімді тәсілі деп санайды. Ондайлар ақшаға сәл қажеттілік туындай қалса болғаны банктерден несие алып немесе тамыр-таныстарынан қарыз алып жатады. Қазақ «ақша күліп барып, жылап қайтады» дейді. Яғни, қарыз сұрағанда «ертең қайтарып беремін» деп жылмыңдатып, өлердегі сөзін айтатын адамдар қайтаруға асықпайды, тіпті ұмытқан түр танытып, ебін тапса қайтармай қоюға тырысады.

Қарыз қаржы тапшылығынан құтқарушы ма?

Қаржыға қажеттілік туған кезде бұл мәселені қарыз алу арқылы шешуге әдеттенген адамдар әдетте одан құтылдың басқа тәсілін іздеп бас ауыртпайды. Олар үшін қарыз деген қосымша оңай табыс сияқты сезіледі. Шындығында «судың да сұрауы бар» демекші, бүгін алған қарызды, ертең қайтаруға тура келетінін естен шығармау қажет.

Мен араласатын адамдардың көбі қарыз алуға әдеттенгендер. Олар бүгін қарыз алып, содан ертең жалақы алғанда жалақыларын түгел дерлік сол қарыздарын жабуға жұмсайды да, тағы да амалсыз қарыз сұрауға мәжбүр болады. Олардың тірлігі осылай жалғасып жатады.

Прочитать остальную часть записи »

Өз болашағыңды өзің ойла

Адамдардың көбі әлі күнге дейін кеңес заманында қалыптасып, санамызға сіңіп қалған «үкімет өлтірмейді» деген ұғым әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.  Қазіргі нарық талабымен мүлдем сыйыспайтын осындай залалды  ұғымды саналарына сіңіріп алған аға ұрпақ өкілдері өздері адасқандарымен қоймай, жастарды да теріс жолға бастап апара жатыр. Жыл санап өршіп бара жатқан тойшылдық соның айқын көрінісі.

Өзін сыйлайтын әр адамның болашаққа арналған қоры болады

Капиталистік қоғамда ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан Батыс елдерінің адамдарында «есі дұрыс әрбір адамның қиындыққа тап болғанда пайдаланатын қоры» болады. Ол депозит түрінде ме, әйтпесе құнды қағаз бола ма немесе сақтандыру қалпында бола ма – бәрібір.

Біз аузымыздың суы құрып мақтайтын батыстық өмір салтына зер сала қарасақ, біздегі сияқты аста-төк тойлар мен ысырапшылдық деген атымен жоқ екенін көреміз. Олар әрбір тиынын ұқыпты пайдаланады. Бала дүниеге келген сәтте ата-анасы оның атынан сақтандыру ашып, ай сайын ақша салып отырады. Бала кәмелет жасына келген кезде сақтандыру қорында қомақты ақша жиналады. Міне, сол ақшамен жасөспірім өмір жолын бастап, одан әрі өз бетінше күн көруге көшеді.

Прочитать остальную часть записи »

Бақуаттылыққа жеткізетін білім

Әлеуметтік желіде біреу «Қазір кім көрінген білгіш оқымысты болып, қалай ақша табу қажеттігін жұртқа үйрететін болды. Олар мықты болса өздері ақша тауып, басқа мұқтаж адамдарға ақша беріп көмектеспей ме, құрғақ ақыл айтқанша» деп жазды. Оны біраз жұрт қолдап, ақыл айтқыштарды біраз жерге апарып тастады.

Ақыл айтқыштар қайдан шығады?

Интернетте ақша табудың амалын айтып, ақпарат ұсынатындардың көп екендігі рас. Дегенмен де, олар сондай ақпаратты қайдан алып жатыр? Бұның астарына үңілсек, ертеректе адамдар үшін жеті құлыптың астындағы құпия болып келген бай-бақуаттылыққа қол жетудің амал-тәсілдері туралы айтатын түрлі ақпараттардың пайда бола бастағанын көреміз.

Біраз жыл бұрын «Секрет» фильмі шыққанда аузын ашып, көзін жұма қарап, бұл тәсілді өмірде қолдануға асыққандар аз болмаған еді. Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабы қазір көп тілдерге аударылып, миллиондаған дана болып таралуда. Роберт Киосакидің «Бай және кедей әке» кітабы да әлемге кең таралып кетті.

Прочитать остальную часть записи »

Криптовалютаны қайдан, қалай сатып алуға болады?

Таяуда әлеуметітк желіде теңге алғаш айналымға енген 1993 жылы оның долларға шаққандағы бағамы 4 теңге 69 тиын болғандығы туралы мақала жарияланды. Қазір доллар бағамы 469 теңге болып тұр. Осыдан көрінгендей, 30 жылдың ішінде теңге 100 есе, егер процентке шақсақ 10000 процентке құнсызданған екен. Отыз жылда сонша құнсызданған теңге болашақта тұрақты болады деп айтуға болмайды. Яғни, теңгенің құнсыздануы тоқталмайтын процес. Осы орайда, теңгені құнсызданудан қалай сақтауға болады? –деген мәселе туындайды. Біреулер доллар, евро сияқты шетелдік валюта сатып алса, енді біреулер артық ақшаларын жылжымайтын мүлікке салады. Соңғы кезде ақшаны құнсызданудан сақтаудың бір тәсілі ретінде криптовалюта сатып алу кең таралуда.

Криптовалюта несімен тиімді?

Қазіргі күні биткоинның долларға шаққанадғы бағамы 36 мыңнан асып жығылады. Тек соңғы үш аптада биткоин 8 мың долларға қымбаттапты. 2021 жылы оның бағамының 65 мыңға жеткенін ескерсек, биткоин бағасы әлі де шарықтап өсетінін бағамдауға болады. Егер валюта бағамы шарықтап өсіп жатса, оны сатып алған адамның еселеп ұтып шығатыны анық.

Рас, криптовалюта тез өсіп, тез құлдырап жатады. Дегенмен де, оның осындай қасиетін білетін адамдар асығыстыққа салынбай, криптовалютаны сатып алып, ұзақ жылдар ұстайды. Криптовалютаны инвестициялық құрал ретінде пайдаланатындар қатары көбеюде. Олардың арасында Илон Маск сияқты миллиардерлер де бар. Осыған қарап, криптовалютаның болашағына сеніммен қарауға болады.

Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа жетудің қолжетімді  және сенімді тәсілі

Нарық билеген қазіргі заманда байлыққа жетуді армандамайтын адам жоқ десе болады. Дегенмен де, сол байлыққа жетуді көп адамдар екінің бірінің қолынан клмейтін және маңдайына жазылмаған  игілік деп санайды.  Бүгінде қаптап кеткен интернеттегі тез байлыққа жеткіземін деген алаяқтардың арбаына түсіп, ақшаларынан айрылып қалатындар байлыққа жету мүмкін емес деп күдерлерін үзіп жатады.

Интернеттен ақша табуға бола ма?

Бүгінде Қазақстанда ғаламторды пайдаланушылар саны 10 миллионнан асып жығылады екен. Интернеттің осылай қолжетімді болуына байланысты ғаламтор арқылы ақша тапқысы келетіндер қатары көбеюде. Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

Мен 2011 жылы американдық интернет бизнесмен Джо Витале дегеннің «Как быстро заработать деньги в интернете» деген кітабын алып, содан ғаламтор арқылы табыс табудың біраз тәсілдерін байқап көрдім. Жасыратыны жоқ, кейбір жедел ақша табуға болады деген жобаларға ақша салып, алаяқтардың қармағына түскен кездерім де болды.

Прочитать остальную часть записи »

Биткоин жаңа заманның жаңа ақшасы ма?

2009 жылы жапондық Сатоши Накамато ойлап шығарған цифрлар мен таңбалардан  тұратын және бірін бірі қайталамайтын  код – биткоин деп аталып, көп ұзамай интернет қолданушылардың арасында жаңа заманның ақшасы қызметін атқара бастады. Ешқандай алтынға немесе басқа құнды  затқа бекітілмеген, ауадан жасалған кодтық жүйені алғашында санаулы интернет қолданушылар мен блогерлерден басқа ешкім мойындамаған. Бірақ та, кейін келе биткоин аталған криптовалюта ақша нарығына ақырындап еніп, содан соң бағамы шарықтай өсті. Еселеп өскені сонша, оңай жолмен ақша табуға құныққандар үйлері мен басқа да бағалы мүліктерін сатып биктоин ала бастады. 2021 жылы биткоин бағамы 65 мың долларға дейін шарықтады.

Қазіргі күні  бір биткоин бағамы 26-27 мың доллар шамасында. Баға сәт сайын ауытқып, кейде шарықтай өсіп, кейде құлдырап тұратын криптовалюта нарығы бүгінде қоғамға тереңдей еніп алды. Біріккен араб әмірлігінде сатылатын үй туралы жарнамаларда тек қана биткоинға сатамын деген жарнамалар жиі кездеседі. Әлем елдері ресми түрде мойындай қоймаса да, криптовалюта халық арасында сату және сатып алу құралы ретінде барған сайын кең қолданылуда. Ал таяуда АҚШ-тың белді бір компаниясы осы елден шетелге ақша аударып, қабылдауда биткоинды пайдаланатын сервис ашатынын мәлімдеді. Қазіргі күні АҚШ-қа ақша аудару немесе сол елден ақша алу банк

Прочитать остальную часть записи »

Цифрлы ақша: күнгейі мен көлеңкелі жақтары

Биылғы жылдың 1 тамызында «Цифрлы ақша туралы»  Ресей федерациясының заңы күшіне енді. Сөйтіп, ресей ақша нарығына цифрлы рубльді айналымға шығарды. Цифрлы ақша туралы осы орайда түрлі пікірлер айтылып жатыр. Оның жағымды, пайдалы жағы да, әсіресе қарапайым халық үшін үлкен залалды жақтары да бар дейді сарапшылар. Енді осы мәселеге жан-жақты тоқтала кетейік.

Цифрлы ақша туралы мәселенің көтерілгеніне біраз жылдар болған.  Багам аралдары бірнеше жылдан бері цифрлы ақшаны қолданып келеді. Ал Гренада, Сент-Китса және Невиса, Антигуа, Сент-Льюс, Сент-Винсент  мемлекеттері өткен жылы ақша нарығына цифрлы ақшаны айналымға қосты. Көріп отырғанымыздай, цифрлы ақшаны айналымға енгізіп жатқан елдердің бәрі ұсақ мемлекеттер. АҚШ және Батыс елдері сияқты дамыған мемлекеттер әзірге бұндай ақшаны айналымға енгізген жоқ.

Ресей цифрлы ақшаны енгізуге биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап кіріскен. Сол кезден бастап ресейлік 15 банк цифрлы ақшаны айналымға ақырындап енгізе бастады. Ал тамыз айында цифрлы ақша бұл елдің ақша нарығына төлем құралдарының  бірі ретінде толық енді. Ресейдің бұндай қадамға баруы әлемдік санкция әкелген ауыртпалықтардың зардабынан дейді сарапшылар. Елде қазір валюта мөлшері азайып, шетел валютасын, оның ішінде АҚШ долларын қолдануға шектеулер қойылды. Цифрлы ақша ресейдің барлық аймақтарында және барлық мекемелерінде қолма-қол және аударымды ақшамен бірдей қолданылмақ.

Прочитать остальную часть записи »

Кредит пайызын төменету – борышкерлердің жағдайын жақсарта ма?

Әлеуметтік желілерде Каспибанкке шабуыл жасап, адамдарды кепілге алған қылмыскер туралы алыпқашты әңгімелер көп айтылып, жазылуда. Адамдарды кепілге алған қылмыскер банк кредиттерін кешіріп, тұрмысы төмен жандарға төлемақы берсін деген мазмұнда талап қойыпты. Осыған қарап, жұртшылықтың арасында  оны қазақтың «Робин Гуды» деп атап, әспеттеп жатқандар бар. Шындығында солай ма?

Сұраныс болса, ұсыныс болады

Өткен жылы банктен несие алып, кепілге қойған жылжымайтын мүлкінен айрылған бір азаматтың үйді алуға келген сот орындаушыларын атып, сотталғаны есімізде. Бірнеше адамның өмірін қиған осы оқиғаға қатысты да сол кезде жұртшылықтың пікірі екіге жарылып, оны банктің тонаушылық әрекетінен зардап шеккендіктен осындай қадамға барды дегендер болған. Шет ел банктерімен салыстырғанда қазақстандық банктердің кредит өсімі пайызының тым жоғары екендігі, кепілге қойылған мүліктің бағасын төмендетіп қоятындығы, борышкерлерге басқа да қосымша төлемдер төлеуге мәжбүрлейтіні рас. Дегенмен де, таяқтың екі ұшының болатыны сияқты, бәріне банкті кінәлауға болмайды. Банк кредитінің өсім пайызының өте жоғары екендігін, басқа да төлемдер төлеуге мәжбүрлейтінін біле тұра, адамдар неге несие алады? Оларды ешкім де зорлап жатқан жоқ қой.  Мәселенің мәнісі осында болып тұрған жоқ па.

Прочитать остальную часть записи »

Шет ел асқан ұрланған ақшаны қайтара аламыз ба?

ҚР Парламенті Мәжілісінің  қарауына «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты» заң жобасы келіп түсті. Өткен жылғы Мемлекет  басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған бұл заң жобасы шет елдерге заңсыз шығарылған, яғни ұрланған халықтың байлығын кері қайтаруды іске асыруы тиіс. Осыған орай, аталмыш заң жобасы барша халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселені шешуге ықпалын тигізеді деп үміттенген  жұртшылық оны асыға күткен еді. Дегенмен де, қазіргі күні бірқатар депутаттар мен саясаткерлер заң жобасының шикі тұстарының көп екенін айтып, дабыл қаға бастады.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа  сауал жолдап, шет елдерге кеткен ел байлығын қайтаруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын ашық жүргізуді сұрады. «Халық қазынасынан ұрланып-жырланған активтерді елге  қайтаруға қатысты зарықтырған заң жобасы ақыр соңы Мәжіліске түсті. Әзірге көз жүгіртіп шыққанда, оның шикі тұстары аз емес. Бірақ біз – егер шынайы халықтың депутаттары болсақ,  бұл заңды елде әділет орнатудың бір инструментариі деңгейіне жеткізіп, қабылдауымыз  керек болады. Бұл принципті және  күн тәртібінде тұрған ең маңызды мәселе. Біз клепократ ұрылар 30 жыл бойы талан-таражға салған халық байлығын, тым құрығанда, оның тең жартсын елге қайтарымыз керек. Бұл кемінде 150 млрд доллармен өлшенетін қазына» -деген депутат өз сауалында.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика