Архив рубрики «Білім»
Білімді қалай алуға болады?
Білімді екі түрлі тәсілмен алуға болады екен. Латын тілінде оның нақты атаулары бар, дегенмен мәселе атында емес, затында болғандықтан, латынша былай дейді деп жаттап алған нәрсені тықпалағым келмейді. Білімді алуға ықпалын тигізетін бұл екі тәсілдің жеткізер нәтижесі де екі түрлі. Біреуі шынайы білім алуға көмектессе, екіншісі алдамшы елесті қуып, уақытын ысырап қылуға ұшыратады. Енді білім алудың осы екі тәсіліне кеңірек тоқталайық.
Өз ақылымен ақиқатты тапқысы келетіндердің жайы
Білім алудың бірінші түрі: адам ешнәрсеге сенбейді, бәрін өз көзімен көріп, тәжірибе арқылы көзін жеткізгенде ғана оны шындық деп қабылдайды. Бүгінгі материалистік ғылым осындай түсініккке негізделген. Материалистік ғалымдар Құран,Інжіл сияқты қасиетті кітаптарған сенбейді, өйткені онда айтылған жайларды өз тәжірибелері арқылы анықтағылары келеді.
Мәселен, Құранда адамды Алла топырақтан жаратты деп айтқан. Бүгінгі ғылым адам топырақтан жаратылмайды, ол белоктан, басқа да қоспалардан жасалады деп пайымдайды. Осы түсінікті олар тәжірибе жүзінде дәлелдеуге күш салып келеді. Бірақ та, осы күнге дейін оны іс жүзінде дәлелдей алған жоқ. Соған қарамастан, ақылдан айрылған қыңыр ғалымдар алған беттерінен қайтпай, өз түсініктерін дәлелдеу үшін жанталасып жатыр.
Прочитать остальную часть записи »Ертеңің үшін еңбек ет
«Үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген сөз бар. Адамдардың көбі бүгінде өкінішке орай, үш жылдығы немесе үш күндігі түгілі, үш минуттан кейінгі жайын да ойлап, бас қатырмайды. Ондайлар әдетте ойларына келгенді жасап, өздеріне де, өзгелерге де үлкен залалдарын тигізіп жатады. Соған орай, ондайлар екі дүниеде де игілік таппайды.
Рухани білім не үшін қажет?
Өлгеннен кейінгі өмір жайлы қасиетті Құранда аздап жазылғаны болмаса, онда не күтіп тұрғандығы баршамызға жұмбақ. Бүгінгі ғылым, тіпті о дүние деген жоқ, өлген соң адамның тәнімен бірге өмірі де түгел өшіп жоғалады деген түсінікті санаға сіңіруде. Содан болар, адамдардың көпшілігі көз алдындағы осы дүниенің ғана игілігін ойлап, бақи дүние дегенді мүлдем қаперіне алмайды.
Зерделі адам бүгінгісін ғана еемс, ертеңгісін, үш, он жылдан кейінгісін, оны айтасыз өлгеннен кейінгі жайын да ойлап, соның қамын жейді. Егер сіз ертеңіңіздің жайын бүгін ойлап, болашағыңыз үшін
Прочитать остальную часть записи »Адамның мақсатына жетуіне кедергі келтіретін 7 себеп
Біреулер өмір соқпағымен тез алға басып, өмірден өз жолын тауып, биік табыстарға жетіп жатады, ал енді біреулер әрнәсенің басын бір шалып, өмірде орныға алмай, қызметте де, тұрмыста да жолдары болмай жатады. Әлемдік бестселлерге айналған Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабында адамның табысқа жетуіне кедергі келтіретін 30 қасиет туралы айтады. Солардың бәріне болмаса да, негізгі деген бірнешеуіне тоқтала кетейік.
Нақты мақсаттың жоқтығы
Кітап авторы сол тұста АҚШ-тың бір институтының адамдар арасында сұрау салу өткізгендігін, соған тартылғандардың 98 пайызының алдарына қойған нақты мақсаттарының жоқтығын айтады. Ол адамдардың бәрі өмірде орындарын таба алмай, сәтіздіктерге ұшырап, тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер екен.
Егер адам алдына нақты масқат қойып, соған жетемін деп саналы түрде әрекет жасамай, өмір ағысымен жүре берсе, оның табысқа жету мүмкіндігі – ноль болмақ, яғни ешқашан табысқа жете алмайды деген сөз. Сондықтан, алдыңа нақты мақсат қоюдың маңызы қашанда зор болмақ.
Білімнің жетіспеушілігі
Қазақта «арзанның сорпасы татымас» деген сөз бар. Мектепте тегін берілетін білім жастарға өмірде алға басуына көмектесетін нық негіз бере алмайды. Өз басым қазақ мектебінде он жыл оқып, бірақ қазақша сөйлей алмайтын жігітті білемін. Ондайлар өкінішке орай, өте көп.
Прочитать остальную часть записи »Қазіргі қоғамда жоғарғы білім қажетсіз болып барады
Кеңес заманында жоғарғы білім алу үлкен қолжетушілік саналатын және жоғары білімі барларыдң алдынан қызмет баспалдағымен биікке көтерілу, жоғары табыс табу мүмкіндігі ашылатын. Қазір заман өзгерді. Ақша билеген нарық заманында жоғарғы білімнің беделі жоқ. Қазір ең басты мәселе – табыстың жоғары болуы. Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметкер айына 200 мың теңге табады, ал кәсіптік лицейді бітірген дәнекерлеушінің айлық жалақысы 500 мың теңге. Құрылыста істейтін жұмысшыларыдң табысы 400-600 мың теңге. Сонда қанша жыл көз майын тауысып оқып, жоғары білім алып, жұмысшыдан төмен жалақы алу кімге қажет?
Жоғарғы білімді жұмыссыздар
Жоғары білім алып, жұмыссыз жүрген жастар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі байқалмайды. Неге десеңіз, жоғары білім беретін оқу орындары біздің елімізде басқа елдермен салыстырғанда біршама көп екен. Көптеген пысықайлар ақша табудың сенімді жолы деп жоғары және арнаулы орта оқу орындарын ашып алған. Бір ғана Көкшетауда екі университет пен Астана қаласының бірнеше жоғары оқу орындарының филиалдары бар. Осы оқу орындарын жыл сайын мыңдаған жас мамандар бітіріп шығады. Олардың көп болса, 30-40 пайызы ғана өз мамандықтарына сай жұмыс тапса, қалғандары жұмыссыздар санын көбейтеді.
Прочитать остальную часть записи »Жаратқанның бір сипаты — Уақыт
Жанды, жансыз заттардың бәрінің ғұмырын өлшеп, ескіртіп, тоздырып, ақырсында жойып отыратын мына әлемнің әміршісі – уақыт. Уақыттан жеңілмейтін, оның әміріне бағынбайтын тірі мақұлық, не өлі зат жоқ. Таулар да мүжіліп, құмға айналады, мұхит та сарқылып, жоғалады. Мәңгілік деп санайтын Жер де, Күн, жұлдыздар да уақыты келгенде сөніп, жоғалады. Осылайша уақыт барша әлемге өзінің шексіз әмірін жүргізеді, оның ықпалына түспейтін, оған бағынбайтын жанды-жансыз нәрсе жоқ.
Уақыт деген не?
Бүгінгі материалистік түсінік уақыт жайында тұщымды ешнәрсе айтпайды. Белгілісі – уақыт деген абстрактылы ұғым, ол өткеннен болашаққа қарай бір бағытта жылжиды деген сияқты бұлыңғыр түсініктер ғана. Ал, ведалық ілімде уақыт жайында жан-жақты және нақты тұжырымдар берілген.
Шримад Бхагаватамда атомнан да кіші барша әлемге жайылған өте ұсақ бөлшектердің бір-бірімен қосылу, содан белгілі бір жағдайға жеткенде қайта ажырау процесі жайында айтылады. Әлгі ұсақ бөлшектердің қосылуы ырғақты түрде, бірқалыпты жүреді екен. Міне, сол қосылу процесі уақыт болып табылады.
Прочитать остальную часть записи »Жалған үміт жарға жығады
Өмірде қандай болмасын бір нәтижеге жету үшін міндетті түрде әрекет ету қажет. Әрекетсіз, қол қуысырып отырған адамға еш игілік өздігінен келмейді. Ондай адамдардың болашақтан үміт күтуі – аспанға қарап аузын ашып, аузыма бірдеңе түсіп қалар деп үміттенетін ақымақтың әрекеті сияқты. Өкінішке орай, алдына нақты мақсат қойып, соған жетемін деп әрекет етпей, жалған үмітпен өмір кешетін адамдар көп. Ондайлар, өкінішке орай, өмір бойы жалған үмітті желеу етіп, өмірлерін босқа өткізеді.
Айқын мақсат, соған жеткізетін нақты әрекет қажет
Мақсаттың үлкен-кішісі болмайды. Егер сіз бірдеңеге жеткіңіз келсе, онда алдыңызға нақты мақсат қойыңыз және соған жеткізуге қажетті әрекеттерді жасаңыз. Ерте ме, кеш пе сонда мақсатыңыз орындалатын болады. Бұл «екі жердегі екі – төрт» деген сияқты ақиқат.
Мәселен, ағылшын тілін үйренгіңіз келді делік. Ол үшін «ағылшын тілін мынадай уақыт ішінде үйренемін» деп алдыңызға нақты мақсат қоясыз. Содан кейін ағылшынша үйрететін оқытушы жалдап, соның көмегімен оқуды бастайсыз. Үзбей оқитын босаңыз, уақыт өткен сайын тіл үйреніп, белгілі нәтижелерге жете бастайсыз.
Прочитать остальную часть записи »Нәтижеге жетудің қарапайым және қолжетімді тәсілі
Кез келген адам үшін ең маңызды мәселе – ойына алған ісі бойынша нақты нәтижеге жету. Нәтже дегеннің екінші мәні – мақсат. Біз ойымызға алған арман-мақсатымызға жету арқылы мына өмірде бақытқа бөленеміз деп ойлаймыз. Дегенмен, нәтижеге жету екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Адамдардың көбі өкінішке орай, ойларына алған мақсаттары орындалмаған соң, күдер үзіп, одан бас тартып жатады.
Нәтижеге жеткізер маңызды қадам.
Нәтижеге қалай жетуге болады деген сауалға жауап беру үшін терең білімді, данышпан болудың еш қажеті жоқ. Мен сізге ешкім, ешқашан теріске шығара алмайтын, қарапайым және еш мүлтіксіз жұмыс жасайтын тәсіл туралы айтқым келеді. Ол – тұрақты әрекет немесе қайталау деп аталады.
Өткен ғасырда атақты қазақ палуаны Қажымұқанмен қатар өмір сүрген және спорт әлемінде мәңгі атағын қалдырған Георг Лурих деген палуан атлет болған. Жаурыны жерге тимеген Лурих тек атлет қана емес, журналист, музыкант сияқты бір-біріне қабыспайтын бірнеше мамандықты да шебер игерген. Бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт болған.
Прочитать остальную часть записи »
Нәпсінің құлы емес, қожайыны бол
Нәпсі адамды еріксіз түрлі есуас әрекеттерге итермелеп, өзіне де, өзгеге де залалын тигізетін істер істетеді. Сезім деп аталатын табиғи құбылыстың бір тармағы ретінде нәпсі адамдардың бар өміріне үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан, сезімін бақылап, басқаруды үйренген адамдар ғана нәпсі-дұшпанның құрығына түспей, бірқалыпты байыпты өмір кешпек. Ал нәпсі тіліне ерген пенде екі дүниеде де залалын тигізетін жаман әрекеттерге барып, өкініште қалып жатады.
Мені құртқан ине
Ертеде бір қандықол қарақшыны дарға асу үшін қаланың алаңына айдап апара жатады. Кісі өлтіріп, қарақшылық жасап келген әлгі пенде «мені құртқан ине» деп егіліп барады екен. Қасынан өткен біреу осының жайын сұрағанда өлтіруге апарыла жатқан қарақшы мынадай әңгіме айтыпты.
Ол жастайынан ешкімнің ала жібін аттамайтын отбасында өнегелі тәрбие алып өскен екен. Күндердің күнінде көшеден ине тауып алады. Бөтен біреудің мүлкін рұқсатсыз алуға дағдыланбаған әлгі тауып алған инесінің иесін іздеп көреді. Бірақ менікі еді деп ешкім шыға қоймапты. Содан ол инені қалтасына салып үйіне әкеледі. Алғашында бөтен біреудің затын үйіне әкелгенінен қысылып жүріпті. Біраздасын еті өліп, үйреніп кетеді. Содан кейін иесі жоқ инені шаруасына пайдалана бастапты.
Прочитать остальную часть записи »Мақсатқа жетудің қарапайым тәсілі
Адамдардың көпшілігі алдарына нақты мақсат қойып, мынаған жетемін деп жоспарлы әрекет жасай қоймаса да, іштей әлдебір арман-тілектің жетегіне еріп, соған жетсем жақсы болар еді деп ойлап жатады. Ол арман-тілек жалақысы көптеу жұмыс, бәлкім жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болу немесе көңілі қалаған жанмен отбасы құру болуы мүмкін. Дегенмен де, сондай ойына алған арман-тілектердің бәрі болмаса да, тіпті бірен-сараңының өзінің орындалуы қиын. Көбіне, ол жәй қиялдағы арман-тілек күйінде қалады.
Мақсатқа жетуге не кедергі?
Сіз өміріңізде қоршаған ортаға, табиғатқа ой жүгіртіп байыппен қарап көрдіңіз бе? Олай жасамасаңыз, бір рет солай жасап байқаңыз. Мәселен, қазір күндіз. Бірнеше сағаттан соң күн батып, түн болады. Сосын тағы таң атып, күн шығады. Енді бірнеше айдан соң қыс келеді. Осылай табиғат тұрақты бір заңдылыққа бағына жұмыс жасайды. Яғни, барша табиғат өте үлкен дәлдікпен жұмыс істейтін заң шеңберінде өмір сүреді.
Прочитать остальную часть записи »Шынайы өмір 63 жастан кейін басталады
Кеңес заманында шыққан «Мәскеу көз жасына сенбейді» фильмінің бір кейіпкерінің «шын өмір 40 жастан кейін басталады» дейтін сөзі бар. Сол сияқты қазіргі кезде аталмыш фильм кейіпкерінің сөзін сәл-пәл өзгертіп «Шынайы өмір 63 жастан асқан соң басталады» деп айтуға болады.
Неге 63 жас? Өйткені, қазіргі заң бойынша ер адамдар 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнет демалысына шығады. Зейнет демалысына шыққаннан кейін ұзақ жылғы істеген еңбегіңнің зейнетін көріп, енді көңілің қалаған іспен айналысуыңа мүмкіндік ашылады. Дегенмен де, зейнеткерлік барлық адамдарға бірдей зейнет, қуаныш пен тыныштық әкелмейді. Кеңес заманында өмір кешкен аға ұрпақ өкілдерінің басым көпшілігі зейнеткерлік дегенді толыққанды өмірден қол үзу, ешкімге қажетсіз болып қалу, төрт қабырғаға қамалып, ішпысты тірлік кешу деп түсінеді. Ондай адамдар үшін өмірдің бар мәні – жұмыс, ал жұмыстан қол үздің екен, онда ешкімге қажетсіз болып, далада қаласың. Осындай түсінікті санасына мықтап сіңірген адамдарға зейнеткерлік толыққанды өмірден қол үзу ғана емес, жалғыздықтан жапа шегу, құлазу, ішпысты тірлік кешу түріндегі сүреңсіз өмір болып көрінері анық.
Толыққанды тірлік кешкің келсе, өміріңді өзгерт
Мен 2021 жылы зейнет демалысына шықтым. Өмір бойы жұмыс істеп, соған үйреніп қалғандықтан ба, жұмыстан кетсем бе, жоқ па деп біраз ойландым. Ақырсында, кетуге бел байладым. Сөйтіп, зейнет демалысына шығысымен бірден жұмысымды тастадым. Рас, алғашқы кезде біраз уақыт жаңа жағдайға бой үйрете алмай қиналып жүрдім. Жұмыстан кеткен соң өзімді ешкімге қажетсіз жандай сезініп, бар өмірім аяқталғандай, енді қалғаны кәрілік пен ажал шығар деген жаман ойлар да келе бастады.
Прочитать остальную часть записи »