Архив рубрики «Білім»

Адам өмір жасын ұзарта ала ма?

Біреуге ерте, біреуге кештеу келетін ажалдан қашып құтылушы пенде жоқ. Өзекті жанға түптің түбінде ажал келетіні даусыз шындық. Дегенмен де, әрбір ақыл-есі дұрыс адам ұзағырақ жасауды қалайтыны анық. Адамның ұзақ немесе қысқа жасауының себебі неде, бұл тағдыр туған кезде маңдайға жазылып қойған заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?  Егер тағдырдың бары рас болса, әу баста белгіленген өмір жасын адам ұзарта ала ма?  Мақаламыздан осы сауалдарға жауап таба аласыз.

Тағдыр бар

Мына жалғанда егер ақыл көзімен байыппен қарайтын болсаңыз, кездейсоқ ештеңенің болмайтынын, әрбір құбылыстың сыртында заңдылық тұрғанын бағамдауға болады. Күн мен түннің алмасуы, жыл мезгілдерінің кезектесіп келуі, сәбиліктен басталған адамның  өмірінің белгілі бір мерзім аясында болуы, яғни ғұмыр жасы – бәрі қатаң заңдылықтардың шеңберінде әрекет ететінін ешкім теріске шығара  алмайды.

Егер барша әлемге ғылым табиғат  заңдылығы деп атап қойған заңдылық үстемдік етіп тұрса, онда адамның дүниеге келген кезінде-ақ өмір жасының ұзақтығы белгіленіп қойылады деген  түсініктің шындық болғаны ғой. Яғни, тағдыр жолы деген бар және біздің өміріміз түгел сол тағдыр заңдылығы шеңберінде өтеді.

Прочитать остальную часть записи »

Қиял биіктерге бастайды

Әрнәрсені армандап, қиялға берілетін адамды жұрт «қияли» деп ұнатпай жатады. Шындығында қиялшылдық адамды өмірде биіктерге жетелеп, әрдайым алға ұмтылдыратын құдыретті күш. Адамның хайуаннан бір артықшылығы да – осы қиялдана білуінде. Қазіргі қолымыз жеткен ғылыми-техникалық жетістіктердің бәрі қиялдың жемісі екендігі дау туғызбас шындық.

Қиял күші

Мен бала кезімде кітап оқуды, оның ішінде ертегілер мен фантастикалық жанрдағы кітаптарды оқуды өте жақсы көретінмін. Жюль Верннің айға  сапар туралы бір қияли романы бар. Шығарманың кейіпкері зеңбіректің снарядына отырып алып, айға ұшып барады. Жазушы өмір сүрген кезде Айға ұшу деген бірен-саран қиялшылдардың  орындалмас арманы  ғана болғаны белгілі.  Жазушының осы қиялы арада бірер ғасыр өткен соң шындыққа айналып, американдық екі астронавт Айға барып қонды.

Ғылыммен айналысатын ғалымдардың ізденісіне сондай қиялгер жазушылардың шығармаларының әсері болып жататынын теріске шығара алмаймыз. Егер адам қиялданбаса, онда Айға ұшу сияқты ақылға сиымсыз іспен айналысуға ешкім бармас еді. Ол кезде реактивті двигатель арқылы ұшатын  құрылғы жасалмас еді, ешкім көкке көтеріліп ұшпас еді. Міне, қиял күші.

Прочитать остальную часть записи »

Бақытты болудың құпиясы

Бақытты болғысы келмейтін адам жоқ, десе де, бақыт құсы екінің бірінің басына қонбайды. Бақытты болу кездейсоқтық па? Жоқ. Егер ақыл көзімен байыптап қарайтын болсаңыз, бақытты адамдардың сондай игілікке кезедйсоқ жетпегенін, бұл саналы және мақсатты жүргізілген жұмыстардың нәтижесі екендігін ұғынуға болады. Сонымен, бақытты болу үшін не істеу қажет?

Болашағы үшін өмір сүретіндер

Өткен ғасырда АҚШ-тың бір ғылыми-зерттеу мекемесі мектеп оқушылары арасында мынадай тәжірибе жүргізеді. Тәжірибеге тартылған оқушыларға екі түрлі шарт ұсынады: 1 – саған күн сайын 1 доллардан ақша береміз; 2 – он күн өткен соң бірден 15 доллар береміз.

Бұл тәжірибеге 100 оқушы бала тартылыпты. Балалардың 90-ы алғашқы шартты қабылдап, күн сайын 1 доллар алып отырғанды жөн көреді. Тек 10 оқушы тәжірибе уақыты біткен соң, яғни 10 күн өткеннен кейін 15 доллар алуға келіседі. Мекеме өз уәдесінде тұрып, балаларға қажетті мөлшерде ақшаларын береді.

Прочитать остальную часть записи »

Мәңгілік баспана бар ма?

Адамдардың барлығы дерлік өмірден өзіне қорғаныш, алданыш және қуаныш пен бақыт әкелетін баспана іздеп жатады. Адам өмірінің басты мәнін де көп пенделер сондай баспана табу деп түсінетіні жасырын емес. Біреу баспананы отбасынан тапса, екінші біреулер мансап немесе атақ пен байлықтан тауып жатады. Өнерден, ғылымнан, шығармашылықтан, спорттан баспана табатындар да бар. Бар өмірін бизнеске арнайтындар, болмаса көңілі қалайтын жұмыстан басқаға мойын бұрмайтындар да кездеседі. Арақ-шарап ішуді өмірдің ең басты қуанышы көретіндер, нәпсі қызығына алданып, одан басқа бақыт жоқ деп санайтындар да жоқ емес. Осылайша, әр пенденің өмірден тапқан алданышы, яғни баспанасы әртүрлі болады және адам сол өз таңдауын ең дұрыс таңдау деп санап жатады.

Осы арада мына ақиқатқа назарларыңызды аударғым келеді: мына фәниде, яғни өзіміз ғұмыр кешіп жатқан материалистік ғаламда қандай нысаннан баспана тауып, соны өзімізше мәңгілік және соған қолымыз жетсе еш қауіпсіз, әрі бақытты болар едік деп санап жатсақ та, оның бәрі уақытша және өткінші. Өйткені, фәни дүниедегі нысандардың бәрінің табиғаты өткінші.

Прочитать остальную часть записи »

«Ақылды үй» жүйесі дегеніміз не?

«Ақылды» үйдің негізгі идеясы-үйді автоматтандыру: үйде күн сайын жасайтын күнделікті әрекеттерді жеңілдету. Шын мәнінде, мұндай автоматтандырудың қайнар көздерін өмірді жеңілдететін жақсы ескі шаңсорғыштар, тоңазытқыштар, электр шайнектері, үтіктер, баяу пісіргіштер және микротолқынды пештер деп атауға болады.

Классикалық «ақылды» үй-бұл үйдегі белгілі бір әрекеттерді автоматтандыратын гаджеттер жиынтығы. Ең қарапайым мысал — белгілі бір уақытта шамдарды қосу және өшіру. Алдыңғы есікті ашқан кезде қауіпсіздік камерасын іске қосу күрделірек, ал жылытқышты қосу және өшіру және белгілі бір температураға жеткенде терезелер мен перделерді басқару одан да күрделі. Дегенмен, «ақылды үй» жобасында осындай әрекеттердің бәрі автоматтандырылып, өздігінен жұмыс істейтін болады. .

Ақылды үй жүйесі қалай жұмыс істейді

Әдетте «ақылды» үй жүйесі екіге бөлінеді. Біріншісіне басқару хабы, екіншісінде-бүкіл жүйенің жұмысына жауап беретін датчиктер кіреді. Хаб-бұл ақылды үйдің басқару орталығы, сіз оны розеткаға саласыз, содан кейін ол Wi-Fi-ға қосылады және қалған сенсорларды басқаруға және байланыстыруға жауап береді. Бұл не үшін қажет? Ақылды үйдің сенсорларының көпшілігі сымсыз және батареяларда жұмыс істейді. Егер олар Wi-Fi-ға тікелей қосылған болса, онда олардың жұмыс мерзімі салыстырмалы түрде аз болар еді. Хабты пайдалану оларды энергияны үнемдейтін радио интерфейсі арқылы басқаруға мүмкіндік береді, әдетте бұл ZigBee немесе Z-Wave.

Прочитать остальную часть записи »

Өмірімді өзгерткен кітап

1994 жылдың қазан айының бір жаймашуақ күні еді. Ол кезде Атбасар қаласында  қазақ тілінде шығатын аудандық «Атбасар» газетінің редакторы болып қызмет етемін. Сол тұста еңбек демалысын алдым. Демалысқа төленетін ақыға қоса екі айлық жалақы көлемінде қосымша сыйақы төледі. Осыған орай 10 мың теңгенің үстінде ақша алдым. Бұл ол кезде өте көп ақша.

Ақша қолға тиген соң ең алдымен көптен бері сырттай қарап қызығып, ақшам болса алар едім деп жүрген «Бһагавад Гита» кітабын сатып алдым. Қаланың орталығындағы орталық әмбебап дүкені жабық базарға айналған. Соның бірінші қабатында кітап сататын орын болатын. Анда-санда соғып кетіп, бірлі-жарым кітап алып тұратынмын. Сол кездерде мұқабасы қалың түрлі түсті суреттермен безендірілген Бһагавад Гитаға қызыға қарап, қолыма алып беттерін ашып  талай қарағанмын. Бағасы 700-800 теңгедей болды ғой деймін. Ол кезде бұл қымбат саналатын. Міне, сол сырттай қызығып жүрген кітапты сатып алдым.

Прочитать остальную часть записи »

Ақпарат кеңістігін қорғап, мемлекеттік қуатты ақпарат таратуды қалыпастырмаған елдің болашағы бұлыңғыр

Ұлы Абайдың айтқан «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сөзі тілдің қуаты мен құдыретін анық көрсеткендей. Ақпарат арқылы адам санасын қалаған жағына бағыттап, өз дегеніне бағындыруға болатынын дәлелдейтін жайлар өмірде аз кездеспейді. Соның нақты бір айғағы ретінде Ресей мен Украйна арасындағы соғысқа қатысты адамдардың екіге жарылған көзқарастары мен ұстанымдарын алып қарауға болар еді.

Бір оқиғаға қатысты қарама-қайшы екі көзқарас

Биылғы жылдың 24 ақпанында Ресей әскері Украинаға баса көктеп кіріп, бейбіт қалалар мен елді мекендерді ұшақтармен бомбылап, қанатты ракеталармен атқылап, қанды қырғынға ұшыратты. 21-ші ғасырда бір елдің екінші тәуелсіз елге басып кіруі, қару қолдану арқылы қырғынға ұшыратуы ақылға сыйымсыз шаруа. Содан болар, АҚШ барлау қызметінің мәліметіне сүйенген осы елдің президенті Джо Байденнің Ресейдің Украинаға басып кіретіндігі туралы мәлімдеген хабарына алғашында ешкім сене қоймаған. Өкініштісі сол, бұл хабар рас болып шықты. Ресей соғыс жарияламастан, 24 ақпанда Украинаға тұтқиылдан шабуыл жасады.

Прочитать остальную часть записи »

Ақпарат және адам

Адам тек ет пен сүйектен құралған материалдық тән емес, оған қоса интеллектуалдық, эмоционалдық және рухани қажеттіліктерге  мұқтаж аса күрделі тіршілік иесі. Тәннің қалыпты жұмыс істеуіне азық-түлік пен cу қандай қажет болса, оның интеллектуалдық, эмоционалдық және рухани қалыпты тірлік кешуіне, дамуына сол өлшемдерге сай азық та сондай қажет болады.

Ақпарат – жан азығы

Қасиетті Құранда «Үстеріңнен жеті қабат жол жараттық» деген аят бар. Веда ілімінде адамның тәні жеті қабаттан тұратыны айтылған. Ең сыртқы көзге көрініп тұрған ет пен сүйектен тұратын тәннен бөлек, көзге көрінбейтін алты қабаттан тұратын нәзік тән де бар. Ол туралы қазіргі ғылым да жыл өткен сайын ашық айтып, жаза бастады. Яғни, бұл нақты өмір шындығына айналып отыр.

Ет пен сүйектен жаратылған тәннің тірлік етуі үшін азық-түлік пен су және ауа қажет. Онсыз тән тіршілік жасай алмайды. Сол сияқты алты қабаттан тұратын нәзік тәндерге де азық қажет. Ол азық  пайдалы ақпараттар,

Прочитать остальную часть записи »

Адамның ақыл-есінен айыратын ақпарат

Қазақтың белгілі қаламгері Асқар Сүлейменовтың «әрнәрсені өз атымен атамай, сау адамды жынды қылу оп-оңай» деген сөзі бар. Жалған ақпарат тыңдаған адам санасына жалғандықты сіңіреді және кейін келе жалғандықты шындық деп қабылдайтын болады. Ақпараттың аранына түсіп, ақыл-естіне айрылғыңыз келмесе, өзіңізге қажетті пайдалы ақпарат пен шынайы ақпаратты таңдап-талғап алғаныңыз дұрыс болады.

Ақпараттың аранына түсу қауіпті

Қазір әлем халықтары Украйнадағы соғысқа қатты назар аударып отыр. Өйткені, бұл соғыстың тағдыры 21-ші ғасырдағы бейбітшілікті сақтап, бейбіт қатар өмір кешу жүйесін өзгертуге ықпалын тигізбек. 1945 жылы қыркүйекте аяқталған екінші жаһан соғысынан кейін ара-тұра болып тұратын қарулы қақтығыстар мен жекелеген елдердегі текетірес соғыстарды былай қойғанда, адамзат баласы бейбіт тірлік кешіп келе жатыр. Жетпіс жылдан астам уақытқа созылған осы бейбіт  өміріміз әлемдегі қалыптасқан саяси жүйеге байланысты екені даусыз шындық.

Прочитать остальную часть записи »

Өмір жолыңды, болашақ мақсатыңды нақты айқындап ал

Адамдардың көбі, егер цифрмен нақтылап айтар болсақ, кем дегенде 90 пайызы, болашақ өмір жолын, арман-мақсатын нақты айқындамай, жел айдаған қаңбақ сияқты тағдырдың жазуына мойынсұнып, тірлік кешеді. Әрине, ондайлар өмірде үлкен жетістікке жете қоймайды және тірлікте біраз тауқыметтер тартуына тура келеді. Өйткені, тағдырдың жазуына мойынсұнып, бұйырған несібені қанағат тұтқан жан бақуаттылыққа да, биік мансапқа, басқа да өмірдің игіліктеріне қол жеткізе алмайды, соған орай кедейлік пен сәтсіздіктің теперішін тартуына тура келеді.

Мақсатсыздық құрдымға құлатады

Менің жасым қазір 64-те. Өткен өміріме ой жүгіртіп қарасам, жеткен жетістіктерім де, әттеген-ай деген өкініштерім де болған екен. Десе де, көңіліме қуаныш ұялатар жай – бала кезімде арман болған мақсатыма жетіп, сол арқылы өмірімді өз қалауыммен өзгерте алғаным.

Бірінші сыныпта біз 35 бала бірге оқыдық. Мұғалім біреу, оқулық та бірдей. Бірақ сабақты 35 бала әркелкі оқыды. Үлгірімі төмен болып, екінші жылға орнында қалып қойғандар болды, орташа оқығандар, жақсы, үздік оқыған оқушылар да бар еді. Сөйтіп, онжылдықты 35 баладан 21 бала бітіріп шықтық.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика