Архив рубрики «Шежіре»

ҚАСЕН АҚСАҚАЛДЫҢ ӘҢГІМЕСІ

                

…Әр өңірдің өзіне тән тарихы, құпиялары бар. Біз білмейтін зар замандағы оқиғаларды алдыңғы буын ағалардан естиміз. Олар ғасыр қойнауына кеткен небір құнды дүниелерді бүгінгі ұрпағына жекізеді. «Ауылыңда ақсақалың болса, жазылып қойған шежіре» деген сөзді бабаларымыз бекерге айтпаған. Ел қадірлеген  ақсақалымыз Қасен Тықанұлының көргені мен тоқығаны көп  шежіреші ме дерсің. Әңгіме тиегін ағытқанда беріле тыңдағаныңды байқамай қаласың. Халқымыздың арғы-бергі тарихынан ой толғағанда құды сол дәуірге барып келгендей әсер аласың…

      «…Әрғы аталарымыз орта жүз найман, бағаналы. Оның ішінде жырық атадан тарайды. Атбасар дуанының аға сұлтаны Ерден би Сандыбайұлының  тікелей ұрпағымыз. Бергі аталарым Байдәулет, одан Төбет, Қалменде, Шайкен, Нұреке есімді төрт ағайынды болған. Қалменде (Қалменбай) жасынан өнерпаз, қыран бүркіт, құмай тазы, жүйрік ат ұстаған сері болыпты. Ол кісі сауық сайранмен жүріп қырық тоғыз  жасқа келгенде он үш жастағы Бөпежан есімді жас қызға үйленеді. Он төрт жасқа келгенде тұңғыштары дүниеге келеді. Есімін Тықан деп атайды. Бөпежан он үш баланы өмірге әкелген. Оның екеуі егіздер. Он үш баланың төртеуі-Тықан, Зәрер, Мұқыш, Шекер тірі қалады. Алпыс жеті жасында атамыз Қалменде өмірден өтеді.

      

Прочитать остальную часть записи »

Әділдік салтанат құрған жерде, ел де өркендейді

Қазіргі қазақ қоғамы қым-қуыт күндердің қарсаңында, қарбаласқа толы оқиғалардың тоғысында тұр. Кешегі жаңа Үкіметтің жасақталуы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық-әлеуметтік салада өміршең мәселелерді шешу жөніндегі талап-тілектері жаңа бетбұрыс жасауға ықпал ететіні анық.
Осы оқиғаның қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен мүдделі топ елордаға жиналып, «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорын құруға арналған басқосуға қатысып, ел тұрғындарына үндеу тұрғысындағы манифест құжатқа қол қойдық.
Жаңа қордың негізгі мақсаты – барша қазақстандықтарды толғандырған өзекті мәселелерді түбегейлі шешуге атсалысу, үн қосу. Бұл ретте еңбек адамдарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, әлеуметтік және экономикалық бағыттағы түйкіл мәселелерді көтеріп, оны осыған мүдделі құрылымдармен бірлесіп шешу.
Әрине,  тақырыбы да ауқымды, арнасы да кең, әділетті Қазақстанды құру ісінде сырт қалмай, осы келелі іске бәріміздің белсене үлес қосуымызды білдіреді. Мәселен, Ақмола облысын да толғандырған мәселе өте көп. Аталған қордың өңірдегі белсенді өкілдері ретінде осы проблемалардың оңтайлы шешімін табуына жұмыс жасайтын боламыз.

Прочитать остальную часть записи »

Ақпарат аймағымызды қорғамасақ – салдары ауыр болады

Таяуда әлеуметтік желіде жарияланған жас қазақ келіншектің жанайқайы жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызды. Павлодарлық жас келіншек қаладағы фитнес клубта ойнап жүрген бес жастағы баласына қазақша сөйлегені үшін орыс келіншектің балағаттап, бар дауысымен айқайлауынан қорыққан сәбидің жүйкесі зақымданып, үш күннен бері дұрыс ұйықтай алмайтынын, қайта-қайта шошып ояна беретінін айтады. Соңғы кезде тәуелсіз Қазақстан елінде орыс ұлтының өкілдері тарапынан қазақша сөйлегендерге осындай қоқан-лоққы жасау әрекеттері әржерде көрініс беріп жүр. Бұның астарында ресейлік ақпараттың адам санасына тигізіп жатқан ықпалы тұрғаны дау туғызбас шындық.

«Ақпаратты билеген – әлемді билейді» деген түсініктің астарында үлкен ақиқат бар. Адам санасына тигізетін ақпараттың әсерін бүгінде психолог мамандар ғана емес, қарапайым халық та жақсы біледі. Осының нақты мысалы ретінде іргелес ресейдегі жағдайды айтуға болады. 2022 жылдың ақпанында тәуелсіз бөтен елге баса көктеп кірген ресейдің сыртқы саясатын осы елдің халқының 70 пайызы қолдайтынын ресми органдар айтып, жазған еді. Бұның жалған мәлімет емес екендігін қазіргі ресейдегі жағдай анық байқатып отыр. Соғыста күн сайын ондаған, жүздеген ресейлік жауынгерлер қаза тауып, ата-аналары қаралы қағаз алып жатса да, ақпараттық насихаттың әсерімен бұл соғысты Отан қорғау үшін болып жатқан әділ соғыс деп санайтындар аз емес екен. Ертеректе емеурінмен, тұспалдап айтып келген жайларды соңғы кезде Соловьев, Скабеева, Симонян  сияқты тележүргізушілер ашық және өте дөрекі түрде айта бастаған жайы бар.

Прочитать остальную часть записи »

Қазақ еліне мүлдем қатысы жоқ Державинді әспеттеу кімге керек?

Державин деген кім және оның қазақ еліне,  астаналық облыстың іргелі қаласына есімін беріп әспеттейтіндей қандай еңбегі сіңген? Уикипедияны қарасақ, Державин Гаврил Романович Екатерина патшаның заманында өмір кешкен ақын және патша билігінің шенеунігі болғанын білеміз. Ол өмір бойы  патшаға  адал қызмет етіпті. Әскер қатарында болып, офицер атағын алған. Кейін сенатор болып сайланып, тіпті бірнеше жыл әділет министрі де болыпты. Оның ақ патшаға сіңірген ең елеулі еңбегі  —  Пугачев көтерілісін басып-жаншуға көмектескені екен.  Қызығы сол, халық көтерілісін басқарған Емелян Пугачевты кеңес заманында коммунистер халық батыры атады, ал сол көтерілісті басуға белсене қатысқан ақ патшаның офицері Державинді ақын ретінде құрмет тұтып, есімін ел есінде сақтауға жағдай жасаулары сол көзқарастарына кереғар болып тұрған жоқ па.

Державиннің өмірбаяны мен қызметтеріне қанша үңілсек те, қазақ еліне, қазақ халқына қатысты бір түйір дерек таппадық. Яғни, Державин деген адамның қазақ еліне мүлдем қатысы жоқ. Міне, осындай жанға тың өлкесіндегі іргелі қаланың  атын беру ақылға сиымсыз іс. Бұның бәрі тың игеру жылдарында аннан-мұннан қашқан тың игеруге келгендердің өздері билеп-төстеп жасаған шаруалары екені анық. Ол кезде жергілікті қазақ халқынан ешкім, ештеңе сұраған жоқ. Елді мекен, оның көшелерінің атын сырттан келген келімсектер  ешкімнің сұрауынсыз өздері қойып жатты. Соның нәтижесінде солтүстік өңірде қаптаған орыс тілді елді мекендердің атауы мен көше атаулары қалды.

Тағы бір қызығы, бір кезде қазақ халқынан сұрамастан, сырттан қойған сол атауларды  өзгертіп, байырғы атауын беруге келгенде, заң өзгеріп шыға келді. Енді елді мекендер мен көше атауларын өзгерту үшін сол өңірде тұратын тұрғындардың  көзқарасы міндетті түрде ескерілуі тиіс. Осындай заңға сүйенген солтүстікте әлі күнге дейін басым көпшілік болып отырған орыс ұлтының өкілдері  қит етсе «тарихымызды бұрмалап жатыр, оған жол бермейміз» -деп ұрандап шыға келеді. Осының салдарынан көптеген елді мекендердің атаулары сол баяғы кеңес заманындағыдай орысша аталып келеді.

Прочитать остальную часть записи »

Тарих рухы әлсіздерді аямайды

Өткен аптада Астанамыздың 25 жылдық мерейтойын  салтанатпен атап өттік. Осы ширек ғасырдың  ішінде бір кезде провинциялық көп қалалардың бірі болған Астана еліміздің ғана емес, әлемнің сәулетті  шаһарларының біріне айналды. Мына жайды біз жадымыздан өшіріп тастай алмаймыз: Астанының Арқа төсіне көшірілуіне еліміздің бұрынғы президенті Н.Назарьбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар.

Қазір жасыратыны жоқ, Елбасы туралы ел арасында түрлі теріс пікірлер көп айтылады. Әсіресе, әлеуметтік желілерде елді жайлаған жемқорлық пен асты-үсті толған қазыналы елде тұратын қарапайым халықтың кедейлік тауқыметін тартып отырғанына елдің бұрынғы басшысы Н.Назарбаевтың тікелей кінәсі барлығы тілге тиек болып, ол кісінің атына небір ғайбат сөздер айтылып жатады. Бір ғұламаның айтқан: «Адамның бойындағы жалғыз жаман қасиеті барлық жақсы қасиеттерін жояды» дегеніндей, Елбасының жасаған игі істерінің бәрін жемқорлығы мен мансапқорлығы, атаққұмарлығы жоқ қылып, жоғалтып жібергендей.

Прочитать остальную часть записи »

1890 жылы шыққан Құран табылды

Биылғы жылдың көктемінде  Зеренді ауданына қарасты  Дөңгіл-Ағаш ауылының тұрғыны  Болатбек  Кәрімов үйінің шатырын жөндеп жатқан кезінде құндақтап оралған кітап тауып алады. Осындай кітап табылды дегеннен кейін мен ауылдың молдасы Жақия қажының баласы Сейфолланы апарып көрсеттім. Әрине бір жарым ғасырға жуық сақталғандықтан, кітаптың түсі оңып, біраз өзгерген екен. Кітаптың мұқабасында мешіттің суреті, арабша жазу және орысша «Проведена цензура 23 октября 1890 году. Санкт-Петербург» деген жазу бар.

Бұл үйді 1957 жылы Бекенұлы Қаппас деген кісі салып, 1977 жылы жұбайы Мақанқызы  Күлбарам ағайыны Кәрімов Қабылтайға сатқан екен.  Бұл кітаптың осы үйдің шатырында сақталуының себебін былайша түсіндіруге болады. Бекше  — Тотақай баласы Итжаннан үш ер бала: Бегалы, Бекен, Мүсәйіп туған. Бекен 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында  болыс болған. Ол кісінің салдырған үйі Кеңөткел ауылында мектеп ретінде біраз жыл пайдаланылып,  қазір тұрғын үйге айналды. Ал Бегалы ауқатты адам болған. Мүсәйіпқа келсек, ол кісі Қызылсаяда Мейрам молла, Биіктесінде Масұғыт молла, Бірлестікте Ғарып молла, Жолдыбайда Қожахмет молла қатарлы Науан Хазыреттен тәлім алған діни білімі жоғары молла болған адам.

1929 жылы Совет Одағы балаларды оқыту үшін ашылған Қызыл отау шыққанға дейін Мүсәйіп молла Тотақай ауылының, көрші ауылдардың балаларына араб әліпбиін, Құранды оқытып үйреткен екен. Елге молда атымен танылған.

Прочитать остальную часть записи »

Ресей ақпаратының теріс зардаптары

Тыныш жатқан елге басып кіріп, бейбіт халықты қырып-жойған, барша әлемге жексұрын болған Ресей  қазір өз еліне ғана емес, үгіт-насихатын орыс тілді барша әлемге таратып жатыр.  Орыс насихатын тұтынушылардың арасында қазақстандықтар да аз емес. Ресейлік теледидарды көріп, милары уланған сондай жандар реті келгенде көзқарастарын әлеуметтік желілер арқылы жалпақ жұртқа ашық жариялап жатады және оның теріс нәтижесі де оқта-текте көрініп қалады.

Таяуда ғана Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Аманат партиясының белсендісі Анна  Башинская  әлеуметтік желіде Украина президенті Владимир Зеленскиге Қырымға емес,  табиғаты жылы Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген  ақпараты жарияланып, бұл жұртшылық тарапынан біраз шу туғызған еді. Башинскаяның бұл сөзінің астарында басқыншы ел Ресей емес, Украина сияқты сезіліп және өздерінің ресей тартып алған  жерін қайтаруға деген Украинаның ұмтылысын айыптаған пікір анық байқалады.  Көпшіліктің айқай-шуынан кейін Аманат партиясының белсендісі мәслихат депутаттығының мандатын өз еркімен тапсырды.

Оған іле-шала Пктропавлдағы тағы бір мәслихат депутаты қала атауын қазақыландыруды қолдаған белсенділерді ел тыныштығына ірткі салушылар деп айыптап, мәңгүрттер деп атады. Әлеуметтік желідегі оның бұл жазбасы да жұртшылық тарапынан біраз теріс пікір туғызды. Қазақстанда туып өскендеріне қарамастан, қазақ тілін, қазақтың тарихы мен дәстүрін білмейтін, Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп танымайтын, оны ресейдің бір провинциясы сияқты көретін теріс пиғылды азаматтар мен азаматшалардың  мемлекетіміз бен қазақ халқының атына айтылған қорлау сөздері мен теріс пікірлері әр өңірден әредік естіліп қалады. Ондайлардың кейбіреулері заң шеңберінде жауапқа тартылып та жатыр. Десе де, ондайлардың қатары азаяр емес және  олар заңнан да  қаймығар түрлері байқалмайды.

Прочитать остальную часть записи »

Петропавлдық сепаратистер жазалана ма?!

Қазір әлеуметтік желілерді Петропавл қаласында болған бір топ сепаратистердің  Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі деген ұйым құрып, өздерін  Қазақстаннан тәуелсізбіз деп жариялағаны туралы хабар кезіп жүр.  Бұл видеоүндеу 19 наурызда – елімізде сайлау болып жатқан күні жасалыпты. Қатысып отырған 19 адамның  арасында жастар да, орта жастағы адамдар да бар, бәрі де орыс ұлтының өкілдері.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда ресей тарапынан елімізге қоқан-лоққы жасау жағдайлары әр жылдарда әр өңірде болып тұрды. Тіпті, Шығыс Қазақстан облысында көтеріліс жасап, билікті басып алғысы келген сепаратистер де болды. Ал ресейдің жекелеген саясаткерлерінің аузынан шыққан  Солтүстік Қазақстанның облыстары түгел ресейдің атақонысы деген сөздерге құлағымыз үйреніп алғаны сонша, оған қазір назар аудармайтын болдық.  Соңғы кездерде украиналық блогерге сұхбат беріп, қазақтарды жеті атасынан бермен сықпыртып боқтап, балағаттап, егер ресей соғыс ашса ресейді қолдап соғысамын деген азаматтардың бәрі дерлік «білмей қалыппын, арандап қалдым, кешіріңіздер» деген жаттанды сөздермен жауапкершіліктен құтылып кетіп жатыр. Осы жайлардың бәрі «жау жоқ деме – жар астында» деген халық даналығын еске салады. Әсіресе, қазіргі Украинада болып жатқан басқыншылық  соғыс жағдайында  қазаққа аса сақ болу қажет.

Прочитать остальную часть записи »

Шыңғысханның шын тегі кім?

«Тарихтан барлық өтірікті алып тастасаң тек шындық қалады деген сөз емес, онда мүлдем ештеңе қалмауы мүмкін» деген сөзі бар бір ғұламаның. Тарихтағы ақтаңдақтар, тарихтағы бұрмалаушылықтар, тарихтағы жалғандықтар – мұның бәрі бүгінде тарихшы ғалымдарды былай қойып, қарапайым қалың жұртшылыққа да белгілі болған жайлар. Ақтаңдақтарды анықтап, бұрмалаушылықтарды түзету – қазіргі ұрпақтың міндеті. Өйткені, тарихыңды дұрыс танып алмай, болашағыңды бағдарлау мүмкін емес.

Шыңғыс хан монғол ма?

Бар өмірін Шыңғысханның жаулап алуларын зерттеп, зерделеуге арнап келе жатқан украйн тарихшысы Владимир Белинский Шыңғысханның шын тегі – қазақ деген қортындыға келеді. Иә, мұны қарапайым біреу айтса ойдан шығарылған ертегі деп назар аудармауға болар еді, дегенмен бар өмірін осы саланы зерттеуге арнап келе жатқан ғалымның аузынан шыққан бұл пікір еріксіз ойландырады. Сонымен, осы кезге дейін монғолдан шыққан дегенді барша әлем мойындап қойған ұлы жаулап алушыны Владимир Белинскийдің неліктен қазақ деп атауының жайына тоқталайық.

Прочитать остальную часть записи »

Алаяқтарға ақшасын алдырғандар қатары азаяр емес

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері  қазақстандықтардың есеп-шотынан алаяқтар 7 млрд теңге ақшаны ұрлап алып кеткен. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам алаяқтық қылмыс тіркеліп, 571 алаяқ қолға түсіпті, олардың ішінде 17 алаяқтық ірі топ бар.

Осы  цифрлардан байқап отырғанымыздай, алаяқтық қылмыс жыл санап өршіп барады және  жеңіл жолмен ақша табудың оңай түрі санап, алаяқтықпен айналысқысы келетін адамдардың саны да еселеп көбеюде. Жыл басынан бері өткен 7 айдың ішінде ғана 571 алаяқ қолға түссе, әлі қаншасы адамдарды сан соқтырып, қылмыстық әрекеттерін жасап жатыр, ал соларға қарап мен де осындай кәсіппен айналыссам қалай болар еді дейтіндер де жетерлік.

Мен біраз жыл бұрын интернет кәсіпкерлікпен айналысып, ғаламтордан ақша табудың бірқатар тәсілдерін үйреніп көрген едім. Біраз табыс та таптым, алаяқтардың қармағына түсіп, ақшамнан айрылған сәттер де болды. Осы жайлардан түйгенім: интернет дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтық та еселеп көбейіп барады. Және бір қызығы, алаяқтар түрлі салалар бойынша маманданып, нағыз кәсіби биік деңгейге жеткен. Олардың әрекеттеріне қарап, таңдай қағып таңғалмасқа амалың жоқ. Соншама таланттары мен қабылеттерін әттең адал кәсіп етуге бағыттаса, елге де, өздеріне де үлкен пайда әкелер еді-ау деген ойға қаласың.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика