Архив рубрики «Өзіндік даму»

Табысты адам болғыңыз келсе

Ойға алған ісі алға жылжып, еңбекте де, өмірде де жақсы нәтижелерге жетіп жүретін адамдар бар және керісінше, түрлі қиындықтар мен ауыртпалықтардан көз аша алмай, ісі алға баспай, үнемі сәтсіздіктер мен бақытсыздықтарға ұшырап жүретін пенделер де бар. Бірінші топтағыларды біз «табысты адамдар» дейміз, ал екінші топтағы жандарды қырсық шалған, жолы ашылмайтын, сәтсіздік соңынан қалмайтын адамдар деп жатамыз. Сіз осы топтың қайссындасыз? Егер алғашқы топта болсаңыз, онда мақаланы әрі қарай оқымай-ақ қойсаңыз болады. Өйткені, бұл мақала екінші топтағы жандарға арнап жазылған.

Өмір жолыңыз айқын және ашық болуы керек

Табысты адам болу үшін ең бірінші қажеттілік: өмір жолыңыз ашық және айқын болы шарт. Бұны қалай түсінуге болады? Сіз айналаңызға ақыл тоқтата байыппен барлап қарап көріңіз, адамдардың көбінің бар өмірлерін күнделікті өмір ағысымен өткізіп жатқанын бағамдайсыз. Олардың қатарында өзіңіз де барсыз.

Енді осы жайға кеңірек тоқтала кетейік. Сіз күнде сағат қоңырауымен оянып, жуынып-шайынып, таңғы тамағыңызды ішіп алып жұмысқа аттанасыз. Жұмысыңызды да үйреншікті әдетпен еш ойсыз, мақсатсыз атқарып, кеш болған соң үйіңізге ораласыз. Содан кешкі асыңызды ішкен соң біраз теледидар қарап, немесе отбасында әңгіме-дүкен құрып, түн ортасына таман ұйқыға жатасыз. Осындай бірсарынды өмір үздіксіз қаталанып отырады. Ал енді осылайша өмір ағысымен аға беру қандай нәтижеге жеткізбек? Кездейсоқ бақ қонса,

Прочитать остальную часть записи »

Тағдыр деген не және оны өзгертуе бола ма?

Тағдыр деген сөз барлық ұлттың тілдерінде бар және тағдыр туралы дәстүрлі діндерде де көп айтылады. Қарапайым ой қисынына салып қарасақ: егер тағдыр деген түсінік бар екен, онда тағдыр дегеннің өзі де бар болғаны ғой. Адамдардың көбі шынында да тағдырға сенеді және алдын ала белгіленіп қойған осындай өмір жолын өзгертуге болмайды деп ұғынады. Шындығында солай ма?

Тағдыр – алдын ала белгіленген өмір жолы

Енді тағдыр дегеннің өз не? Сол мәселеге жауап беретін кез келгендей. Тағдыр дегеніміз – бұл біз дүниеге келген сәттен бастап өлгенге дейінгі аралықтағы алдын ала Жаратқанның белгілеп берген өмір жолымыз. Дәстүрлі діндердің түсінігі – осындай. Жаратқан тарапынан алдын ала белгіленетіндіктен, тағдыр жолын өзгертуге болмайды деп санайды көп адамдар. Мұндай адамдар әдетте, тағдыр салды, біз көндік деген ұстаныммен, санасыз, мақсатсыз өмір сүреді.

Жалпы, дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам, христиан, иудей діндерінде тағдыр дегеннің болатынын мойындағанмен, ол туралы толымды түсінік бермейді. Ал, буддизм және индуизм діндерінде тағдыр туралы жан-жақты және толымды түсінік берілген. Буддашылар мен индустар «карма заңы» деп аталған адамдардың іс-әрекеттеріне орай пайда болатын заң – біздің болашақ өмір жолымызды, яғни тағдырымызды белгілейді дейді.

Прочитать остальную часть записи »

Бетбейнеңді жоғалтпа

Алла барша әлемді, тіршілік иелерін жаратқанда әрқайссын ешкімге ұқсамайтын етіп, өз ерекшеліктерімен, қайталанбас тұлғалылығымен жаратқан. Ағаштың басында мың жапырақ болса, солардың сыртқы түрі, қиықтары, көлемі егіз тамшыдай ұқсастарын таба алмайсыз. Мың жапырақ мың түрлі. Адам да сол сияқты. Бірақ та, Алла солай жаратқан пенделер жүре келе айналасындағылардың ықпалына түсіп, өзіндік ерекшеліктерінен, бетбейнесінен айрылып қалып жатады.

Зерделі адам үшін ең үлкен қатер өлім емес

Германияны жеңген одақтастар 1946 жылы Нюрнберг қаласында фашистерге арнап үлкен сот ұйымдастырды. Гитлердің партия жұмыстары жөніндегі орынбасары болған Гесстен журналист «өлімнен қорқасыз ба?» деп сұрағанда «жоқ, мен өлімнен емес, өз бетбейнемді жоғалтып алудан қорқамын» деген жауап алады. Басынан бақайына дейін фашистік идеологиямен уланған партия көсемі үшін өлімнен гөрі, өз түсінігінен бас тартудан артық қорқыныш жоқ екен.

Бұл түсінікті қазақтың «малым жанымның, жаным арымның садағасы» деген мақалымен салыстыруға болады. Өлім адамның тәнін алса, бетбейнесінен айрылған пенде адамдық қадір-қасиетінен жұрдай болып айрылып, тірі өлікке айналмақ. Зерделі жан үшін бұдан өткен қорлық та, бақытсыздық та болмайды. Ал зердесіз пенделерге ол қалыпты жағдай болып көрінеді. Өкініштісі сол, қазір адамдардың 90 пайызы өзіндік бетбейнесінен айрылып, қалың тобырдың бөлшегіне айналған.

Тобырлық сана

Енді мынаған назарыңызды аударып қараңыз: айналадағы адамдардың көбі, тіпті барлығы дерлік өз ақыл-саналарымен емес, қоғамда қалыптасып қалған әдет-салттардың жетегімен күн кешеді. Олардың әрекеттерінің бәріне айнала қоршаған орта үнемі әсерін тигізіп отырады.

Прочитать остальную часть записи »

Бақытты болғыңыз келсе, санаңызды өзгертіңіз

Өзін өзі жетілдіру ғылымының білікті сарапшысы американдық Брайан Трейси адам бақуатты және бақытты болу үшін ең алдымен ойды, сол арқылы сананы өзгерту қажет дегенді айтады. Бұл – өз өміріңізді жақсы жағына өзгертуге жасалған ең бірінші және ең маңызды қадам. Осы қадамды жасаған адам ғана өміріне оң өзгерістер енгізуіне мүмкіндік алады.

Сіз кіммен араласасыз

Қазақта «тең теңімен, тезек қабымен» деген нақыл бар. Бұның мағынасы: әркім өзіне теңдес, пікірлес адаммен дос болады дегенді білдіреді. Бірақ өмір жолы біз ойлағаннан гөрі, күрделі. Біз өзімізге мүлдем ұнамайтын, пікірлері қарама-қайшы адамдармен араласуымызға, тіпті бір бөлмеде отырып, бірге қызмет етуімізге тура келетін жайлар болады.

Қайыршыдан шығып, миллионер болған Брайан Трейсидің айтуынша, оның ата-анасы, айналасындағы көрші-қолаңдарының бәрі кедей болған және олардың ешқайссы байлыққа жетуді, тіпті армандамаған да, өйткені олардың пайымынша «байлардың бәрі өзгелерді қанап, тонап байыған жаман адамдар және ақша деген зұлымдықтың құралы» деген пікірде болған.

Прочитать остальную часть записи »

Психолог маман қажет пе?

Біз үлгі тұтып, солардың қатарына жетсек деп армандайтын Батыс елдерінде әрбір өзін өзі сыйлайтын адамның адвокаты және психологы болады екен. Адвокаттың қажеттілігін түсінуге болар, бірақ біз үшін ай сайын қалтасынан сонша ақша шығарып, психолог ұстаудың қанша қажеті бар деген сауалдың жауабын табу қиындау болатындығы анық. Өйткені, біз шекпенінен шыққан кеңес қоғамында, одан кейінгі тәуелсіздік алған жылдарда психолог маманға деген қажеттілік болатынын ешкім ескерген емес және басқаны қойып, байлығы тасыған бақуатты кәсіпкерлер де психолог маманға жүгіне қоймайды. Яғни, біздің қазіргі қоғамда психолог қызметінің қажеттілігін ешкім сезінбейді.

     Қазір психолог мамандар мектептерде, түзеу мекемелерінде қызмет етеді. Соңғы кезде осы саланы кәсіп еітіп, нәпақасын тауып жүрген мамандар да шыға бастады. Десе де, бұл сала әлі шет елдердегідей кең сұранысқа ие болып кете алмай отыр. Ал психологтардың қызметіне жүгінбеудің салдары қандай? Стресс, депрессия деп аталатын дерт, өзіне қол салатындардың көбейіп кетуі, жадынан, яғни есте сақтау қабілетінен айрылып, өзінің кім екенін ұмытып қалатындардың шығуы, ақырсында қол-аяғы баладай дені сау адамдардың кедейшілік қамытынан құтыла алмай тауқымет тартуы – бәрі де психологтардың ақыл-кеңесін қажет етпеуден туындайды екен.

Прочитать остальную часть записи »

Мақсатқа жетудің қарапайым тәсілі

Егер шындыққа тура қарап айтар болсақ, адамдардың көпшілігі алдарына нақты мақсат қоймай, бүгінгі күннің өлшешімен тірлік кешеді. Ондай жандар әдетте тамағы тоқ, киімі бүтін, жұмысы бар болса, соған қанағат етіп, «таңғы ас тәңірдің мойнында» деген пиғылмен өмір сүреді. Ондай адамдар әдетте ешқашан, ешқандай биік нәтижелерге жете алмайды.

Мақсат дегеніміз не?

Адамдардың көбінің мақсатсыз өмір кешетінін айтып кеттік. Десе де, мақсатсыз тірлік кешіп жатқандардың өзі бұл шындықты мойындамайды.  Иә, саналы адам болғасын мүлдем арман-мақсатсыз өмір сүреді деуге болмайды. Тіпті, ақылы толыспаған жас сәбиде де арман-мақсат болады. Олар тәтті жегісі, ойнағысы, үлкендерге еркелегісі, басқа достарында жоқ ойыншық алғысы т.т. келеді. Бұның бәрі шындығында арман-мақсат.

Ал жоғарыда айтып кеткен бүгінгі күннің өлшемімен тірлік кешіп жатқан жандарда да сол сәбидегі  сияқты нақтыланбаған, бұлыңғыр арман-ниеттер болады. Олар да жалақысы көбірек жұмыс тапқысы, жақсы үйде тұрып, молшылықта өмір сүргісі, денсаулықтарының жақсы болуын, т.т. қалайды. Бірақ, бұның бәрі нақты емес, бұлыңғыр, «шіркін солай болса жаман болмас еді-ау» деген сияқты арман-қиял түріндегі мақсаттар.

Прочитать остальную часть записи »

Түйсік бәрін жасайды

Материалистік ғылым ми жұмысының жемісі деп санап келген түйсіктің адам білмейтін жұмбақтары мен тылсым құдыреттері барлығы туралы соңғы жылдарда жиі айтылатын болды. Джон Кехоның «Подсознание может все» (Түйсік бәрін жасайды) деген кітабы мен «Секрет» фильмі шыққан кезден бастап түйсік туралы адамдардың пікірі де күрт өзгере бастады.

Өміріңді өзгерткің келсе, түйсігіңді өзгерт

Өзін өзі дамыту ғылымының білгірі, аты әлемге танымал американдық миллионер Брайан Трейси табысыңды екі есеге көтерудің қарапайым және жалпыға қолжетімді тәсілін ұсынады. Енді осы тәсілге кеңірек тоқтала кетейік. Өйткені оны кез келген адам тәжірибе жүзінде қолдануына мүмкіндігі бар.

Б.Трейсидің айтуынша,  бірнеше айдың ішінде табысыңды екі есеге көтерудің жолы мыныдай. Кәдімгі оқушының қалың дәптерін сатып ал дейді ол. Содан кейін күн сайын таңертең дәптерге таяу арада жүзеге асыратын 10 мақсат-жоспарыңды жазып қой. Келесі күні 10 жоспарыңды келесі бетке жаз. Осылайша 30 күн бойы күн сайын таңертең 10  мақсат-жоспарыңды жазып отыр және оның алдында жазғаныңа қарамай жаз.

Прочитать остальную часть записи »

Тәуекелсіз адам – тұсалған ат сияқты

Қазақта «уайым түбі – теңіз, түсерсің де кетерсің, тәуекел түбі – қайық, мінерсің де өтерсің» деген нақыл сөз бар. Тәуекел деген қасиет – бұл бойындағы қорқынышын жеңген, батыл, ержүрек, ерлерде ғана кездеседі, ал қарапайым жандардың көбі ешқашан тәуекелге бара алмай, қорқыныштарына бой алдырып, тұсалған аттай бір орнында қалады.

Мен тәуекелшілерден қорқамын

Сайтан айтыпты деген осы сөздің астарында үлкен мән бар. Қорқыныш, үрей, күмән, күдікке бой алдырған адам ешқашан тәуекел ете алмайды. Ал бұл аталған қасиеттердің бәрі сайтанның арбауымен туатын қасиеттер. Қорқыныш пен күдікке бой алдырған адамның ешқашан ісі алға баспайды. Көлеңкесінен қорқатын пенденің тәуекел етіп жақсы істі бастауы қиын ғана емес, тіпті мүмкін болмайды.

Орыстарда «риск – дело блогородное» деген сөз бар. Яғни, тәуекел деген екінің бірінің маңдайына жазылмаған Жаратқан сыйлаған жақсы қасиет. Ондай қасиетке ие әрбір пенде түптің түбінде ойына алған мақсатының биіктерінен көрінері анық. Өйткені, тәуекелшіл адам қашанда мақсатына жетуге тың қадам жасаудан қашпайды. Ол жасаған әрбір жаңа қадам мақсат биігіне жетуге мүмкіндікті молайта түседі.

Прочитать остальную часть записи »

Өзіңді дамыту

Сәт сайын өзгеріп отыратын және жұмыссыздық, экономикалық дағдарыстар түрінде қаласақ та, қаламасақ та алдымыздан өмір үнемі қиындықтарын тартып отыратын қазіргі заманда көштен қалып, шаң қауып қалмау үшін де адамға уақыт талабына сай дамып, ілгері жылжып отыру қажет болады. Бұндай қадамды жасауға сізге өзіңді дамыту (самосовершенсвтвование) ғылымы көмектеседі.

Қарапайым және қолжетімді тәсіл

Қазір интернетке назар аударсаңыз, өзіңді дамыту туралы көптеген пайдалы ақпараттар табуға болады. Өзін дамыту ілімін жете меңгерудің арқасында байлыққа, мансапқа қол жеткізіп, денсаулығын нығайтқан, ойына алған мақсаттарына оңай қол жеткізуді үйренген адамдар аз емес. Бұл салада жаңадан велосипед ойлап табудың еш қажеті жоқ. Уақыт тәжірибесінен өткен сондай тәсілдердің бірін пайдалансақ, жеткілікті болады.

Прочитать остальную часть записи »

Жалқаулықты қалай жеңуге болады

Жалқаулықтың деген қасиет барлық адамдар бар. Біреуде ол көбірек көрінсе, енді біреулерде онша біліне қоймайды. Көзге ұрып көрініп тұрған жалқаулыққа қарап ондай адамның жалқау екендігін жұрттың бәрі біледі. Ал сырт көзге байқала қоймайтын мұндай қасиеті барлар бір қарағанда еңбекқор жан сияқты көрінеді. Дегенмен, уақыт өте келе бойындағы жалқаулық қасиетті тізгіндемесе, ол адамның да жалқаулар қатарына оп-оңай қосылары анық.

Жалқаулық – дерт

Иә, жалқаулық деген кәдімгі адамдарға жиі тиетін тымау сияқты аурудың бір түрі. Оның тымаудан өзгешелігі – тымау адам ағзасы әлсіреген кезде күш алып, дәрінің көмегімен уақыт өте келе жазылады. Ал жалқаулық  адам бойындағы ерік күші азайғанда көрініс табады да, бірақ оны ешқандай дәрінің күшімен емдей алмайсыз.

Жалқаулықтан көп адам зардап шегіп жатады. Ондай жанның жұмысында береке болмайды. Жалқау адамды әріптестері де, басшылық та сыйламайды. Ондай адам отбасында да жағымды бола қоймайды. Бір сөзбен айтқанда, жалқау адам қай жерде де сүйкімсіз және жұмысы алға жылжымағандықтан, күнкөрісі де жақсы болмайды.


Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика