Архив рубрики «Денсаулық»

Аюрведа: денсаулықты жақсартудың ең тиімді тәсілі

Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп текке айтпаған. Денсаулықтың қадірін ауырған адам жақсы біледі. Ал денсаулық өздігінен келмейді. Оны сақтау керек. Денсаулықты қалай сақтауға болады? Салауатты өмір салтын ұстану, диета сақтау, күн режимін сақтау – бұның бәрі де жақсы. Бірақ та, шынайы денсаулықты сақтау үшін олар жеткіліксіз. Осы орайда, назарларыңызға бес мың жылдық тарихы бар индиялық Аюрведа ілімінің денсаулықты сақтауға арналған қарапайым тәсілін ұсынамыз.

Денсаулық деген не?

Қарапайым пенделердің денсаулық туралы түсінігі де қарапайым. Олар үшін денсаулық дегеніміз – бұл тәннің саулығы, яғни ауырмай-сырқамай жүрсең, онда денсаулығың жақсы деген сөз. Ежелгі денсаулық туралы ғылым – Аюрведаның денсаулық туралы түсінігі бұдан біршама өзгешелеу. Енді соған назар аударып қаралық.

Аюрведаның түсінігі бойынша денсаулық деген – бұл ең алдымен тәннің саулығы, яғни ауырмай-сырқамай жүру. Содан кейін эмоциялық-психологиялық ахуалдың дұрыстығы. Бұл – адамның көңіл күйінің жақсы болып, уайым-қайғыға бой алдырмай дұрыс қалыпта болуы. Үшінші шарт: адамдармен дұрыс қатынастың болуы, яғни ешкіммен ренжіспей, ұрыспай-керіспей әрдайым тату-тәтті, жылы қатынаста болу. Төртінші шарт: рухани даму, яғни адамның бойында имандылық қасиет орнығып, әрдайым өзінің діни міндеттерін адал орындауы.

Прочитать остальную часть записи »

Ауырмаудың бір амалы — денешынықтыру

Қазақ бар байлықтың басына денсаулықты тектен текке қоймаған. Ауырған адамға ештеңенің қажеті болмайды. Бірақ та, адамдар өздері үшін ең басты байлық – денсаулықтарын сақтауға еш көңіл бөлмейді. Көп адамдардың түсінігінше, денсаулықты сақтау деген – бұл ауырған кезде емханаға барып, дәрігер жазып берген дәрілерді сатып алып пайдалану. Олардың денсаулықтарын сақтау осымен шектеледі. Өкінішке орай, бұндай тәсілмен денсаулықты сақтау еш мүмкін емес. Осының салдарынан қазір не көп, емхана мен аурухана көп, сол қаптаған емханаларда күнұзақ кезек күтіп сығылысқан ауруларды көресің.

Денешынықтыру жаттығулары не береді?

Күнде таңертеңгілік 15-20 минут денешынықтыру жаттығуын жасау адамға не береді? Бұл жөнінде медициналық терминдермен ғылыми тілмен баяндаудың еш пайдасы болмас, өйткені ондайларды көбіміз әржерден оқып, естіп жүрміз. Осы жайды қарапайым  ұғынықты тілмен, қисынға (логика) салып баяндап көрейік.

Прочитать остальную часть записи »

Сумен ашығудың қандай пайдасы бар?

Ашығу арқылы ауруларынан жазылып, артық салмақтан арылып, денсаулықтарын нығайтып жатқан адамдар аз емес. Ашығудың пайдасы туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Соған қарамастан, көп адамдар  осындай арзан әрі қолжетімді денсаулықты нығайтудың тәсіліне көңіл бөлмей жатады. Бүгінде белең алып кеткен жүрек, қантамыр ауруы, рак, асқазан аурулары, стресс, басқа да дерттердің бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатыны медицина қызметкерлеріне ғана емес, көкірек көзі ашық әрбір жанға жақсы белгілі.

Сумен қалай ашығуға болады?

Ашығудың әр түрі бар, ең залалсызы және пайдалысы – сумен ашығу. Оның мәні мынада: сіз тамақ ішіп-жемейсіз, тек суды ғана тұтынасыз. Бұның бір жақсы жері: су ішіп жүргендіктен, аштықты онша сезінбейсіз және аштық салдарынан болатын әлсіздіктен де аулақ боласыз. Сумен ашығу қиындықсыз өтеді және адам ағзасына көп пайдасы бар.

Жаңа ашығуды бастаған адам алдымен бір тәуліктен бастағаны жөн. Аптасына бір рет бір тәулік ашығыңыз. Оны демалыс күндері жасаған дұрыс болады. Қандай су ішкен жөн? Буландырылған (дистилденген), бұлақ немесе құдықтың суын ішкен дұрыс болады. Қайнаған суды немесе краннан алынған суды пайдалануға болмайды. Минералды суды ішудің зияны жоқ.

Прочитать остальную часть записи »

Ерте тұрудың қандай пайдасы бар?

Қазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық» деген нақыл бар. Мұсылман дінінде де ерте тұру міндеттеледі, яғни әрбір мұсылман ерте тұрып таң намазын оқуы тиіс. Жалғыз ислам емес, барлық дәстүрлі діндерде ерте тұрып, құлшылық ету сол дінді ұстанушыларға міндет болып саналады.

Ерте тұру не береді?

Өкінішке орай, бүгінде әсіресе, қалада тұратындар күн шыққан соң, кеш оянуды әдетке айналдырған. Жұмыс күндері амалсыз сәл ертерек тұрғанымен, демалыс күндері жасыратыны жоқ тал түске дейін ұйықтайтындар аз емес. Кеш ұйықтап, кеш тұрудың қандай залалдары бар?

Ежелгі веда өркениетінен бастау алған адам денсаулығын нығайту жөніндегі байырғы ілім – аюрведа жердегі уақыт үш элементтің ықпалында болатынын айтады. Ол: от, су және ауа. Әрбір төрт сағат сайын қайталанып тұратын осы элементтердің әрқайссының өз ерекшеліктері бар. Ұйықтау, тамақтану және жұмыс істеуде сол элементтердің ерекшеліктерін ескеру қажет.

Прочитать остальную часть записи »

Жүрек қан тамыр аурулары неден пайда болады?

Бүгінде әлемде жүрек қан тамыр ауралары жыл сайын қырық миллионнан астам адамның өмірін жалмап жатады екен. Қазақстанның халқы 17 миллион екендігін ескерсек, жыл сайын біздің еліміздей екі мемлекеттің халқы осы дерттен қайтыс болады. Жүрек қан тамыр аурулары жыл санап өршіп барады. Әзірге медицинаның оны ауыздықтауға қауқары жоқ.

Қан қысымы неге ауытқиды?

Қан қысымым жоғары немесе төмен деп шағынатындар көп. Олардың арасында жасамыстар да, жастар да аз емес. «Давлением көтеріліп, басым сынып тұр» деп күнара мазасы қашып жүретіндерді қай-қайсымыз да көріп, естіп жүреміз. Бұл адамды төсекке таңып қоятын дерт болмаса да, қан қысымының ауытқуы әліңді құртып, басыңды ауырлатып, дел-сал күйге түсіреді. Мұндайда жұмыс істемек түгілі, жәй отырып демалу да мүмкін болмай қалады.

Қан қысымының ауытқуын бүгінгі медицина нақты тұжырымдап дәл себебін айтып бере алмайды. Бұның себебін «Секрет» фильмінің жалғасынан тапқандай болдым. Квантты физиканың дамуы соңғы кезде материалдық әлем туралы ой-пікірімізді түбегейлі өзгертіп жатыр. Айналамыздағы жанды-жансыз заттардың бәрі үнемі діріл қағып тұратын қуаттан басқа ештеңе емес екен.

Прочитать остальную часть записи »

Ақыл-ой күшімен дерттен айыққан адам

Уақыт өткен сайын аурудың түрі және емі жоқ дерттер қатары көбейіп барады. СПИД деген аурумен қазіргі күні 30 млн-нан астам адам ауырады екен. Бұл дерттің жазылмайтынын ескерсек, сонша адамның өздерін өлім жазасына кесілген сотталған қылмыскердей сезініп, ажалды күтіп жүретінін  бағамдауға болады. Сондай-ақ, обыр аталып жүрген рак, жүрек-қантамыр аурулары – бұлардың бәрі өмірде жиі кезедсетін және жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан жазылмас дерттер.

Сеніммен тау қопаруға болады

Ежелгі грек ойшылы Платонның айтқан «сеніммен тау қопаруға болады» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайлар өмірде кездесіп жатады. Қазір әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Секрет» фильмінің бір кейіпкерінің бастан кешкен оқиғасына назар аударып көрелік. Қол-аяғы балғадай орта жастағы әлгі кісі жекеменшік  ұшағымен ұшып келе жатып, апатқа ұшырайды. Жерге құлаған ұшақтан аман қалғанымен, ауруханаға  аса ауыр халде жеткізіледі.

Прочитать остальную часть записи »

ҚАЗІРГІ ӨМІР ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Денсаулығымыздың  мықты болуы ұстанған өмір салтымызға байланысты болатынын екінің бірі ескере бермейді. Біз ойымызға алған шаруаларымызды ойдағыдай бітіріп, тірліктің ырғағынан қалып қоймауға үнемі тырысып жүреміз. Бұл жағдайда ескеретін ең бірінші мәселе – денсаулық. Өйткені,  күнделікті өмір ұсынып отырған шаруалардың бәрін денсаулық арқылы ғана жасауға болады.

Темекі шегу, алкогольді  ішімдіктерді  ішу, тамақтану режимін сақтамау, жүйкеге үнемі салмақ түсіру, артық салмақ, қозғалыстың аз болуы  — бұл факторлардың барлығы біздің денсаулығымызды ақырындап нашарлатып, түрлі аурулардың  белең алуына ұшыратады. Егер біз әлі де тәніміздің ұзақ жылдар қалыпты жұмыс істеуін қалайтын болсақ, онда салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі шарттарын  біліп, ескеруіміз маңызды.

Дұрыс тамақтану

 Тамақтанудағы маңызды мәселе, артық тамақтануға жол бермеу, бірақ сонымен бірге тәннің қуат жұмсауына қажетті калориямен қамтамасыз ету керек.  Ағзаның өмірлік маңызды қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағамдық тепе-теңдікті сақтау.

 Төрт реттік тамақтану принципі әр уақытта аз мөлшерде тамақтануды қамтамасыз етеді. Ағзаға өмір сүруге қажетті биологиялық белсенді заттарды таңдауға мүмкіндік беретін нәрсе — тамақтанудың әртүрлілігі. Тамақтанудың биологиялық толықтығына да көңіл бөлген жөн. Мұнда бастысы-жаңа піскен, мүмкіндігінше шикі көкөністерді, жемістер мен шөптерді күнделікті, жүйелі тұтынуға назар аудару керек.

Прочитать остальную часть записи »

Ұзақ жасау – бақыт па?

Адамдардың көбі ұзақ жасауды бақыт деп санайды. Бір қарағанда шындығында солай, өйткені кімнің өлгісі келеді дейсіз және пенделердің көпшілігі фәни жалғанды жалғыз шынайы өмір, өлімнен кейін тірлік жоқ деп түсінеді . Неғұрлым көп жасап,  өлім атты барлық қол жеткізген игіліктерімізден жұрдай ететін құбыжықтың келуін кешіктіре түссек, соғұрлым бақытты боламыз деп түйсінетіндер бар. Шындығында солай ма?

Тән – машина

Адамның тәнін Бһагавад Гита кітабында ежелгі санскрит тілімен янтра деп атайды екен. Оның мағынасы – күйме немесе арба, ал қазіргі түсінікпен алсақ – машина. Егер ақылға салып байыптап қарайтын болсақ, адам тәні шынында да машинаға ұқсайды. Төрт дөңгелекті емес, екі дөңгелекті. Тән машина болса, жан, яғни рух – оның жүргізушісі.

Прочитать остальную часть записи »

Ауырған – қымбат

Кеңес заманындағыдай тегін медициналық  қызмет жоқ қазір. Ауру – адамға өте қымбатқа түседі. Сондықтан, ауырып ақшаңды бір шығындап, жүйкеңді екі тоздырып шаршағанша, ауырмаудың амалын жасаған жөн. 14 жылдан кейін емханаға барғанымда осынадй ойтүйінге келдім.

Дәрігер ауруға ақша толған қапшық түрінде қарайды

Жасыратыны жоқ, қазір жұрттың бәрі  қоғамды жайлап дендеп алған жемқорлықты жақсы біледі және ашықтан ашық айтып жатыр. «Балық басынан шіриді» демекші, қоғамымызды жайлаған жемқорлық сол биліктің өз ішінен басталып, солардан қолдау алып отырғандықтан да құзырлы органдардың «жемқорлықпен күресі» желдиірменге найзамен ұмтылған Донкихоттың әрекетіндей болып тұр. Яғни, еш нәтиже жоқ және болмайды да.

Прочитать остальную часть записи »

Суық сумен денені шынықтыру

Ұзақ уақыт бойы адамдар өз денелерін қалай күшті және өмірдің түрлі қиын жағдайларына төзімді ету туралы ойлады. Ежелгі Рим мен Грецияда да сымбатты тәнге табыну болды-бұл мәдениеттердегі бүкіл өмір салты қоғамның күшті және сау мүшелерін тәрбиелеуге бағытталған.

Спартада ақаулары бар жаңа туған нәрестелер жартастан лақтырылды, ал ұлдарды ширақ болып өсуі үшін  оларды жалаң аяқ және киімсіз жүруге мәжбүрледі.

Ежелгі Үндістанда брахмандардың тәнді күшті етуі олардың діни тәрбиесінің бөлігі болды, сонымен бірге олар денесін толықтай басқара алды, ал су барлық дерлік аурулардың емі болып саналды.

Еврейлер, қытайлар мен мысырлықтар арасында шынығу ертеден танымал болды — кез-келген мәдениеттен денсаулықты нығайту үшін су процедураларының сипаттамаларын таба аласыз.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика