Архив рубрики ‘Денсаулық’

көзілдірікБүгінде көзілдіріксіз өмірді көз алдымызға елесете алмайтындай болдық. Оны бес жастағы баладан бастап, тоқсандағы қарияларға дейін киеді. Біреу сән үшін, енді біреу күн көзінен қорғайды деп, ал басқалары көру қабілетінің нашарлығынан киеді. Қалалар мен үлкен елді мекендерде қаптап кеткен оптикаларды былай қойғанда, көзілдірік сатып тұрғандар қара базарларда да жыртылып айрылады. Ағы, қарасы, көгі, жасылы дейсің бе, көркі көз жауын алатын бірінен бірі өтетін тамаша көзілдіріктерді көргенде еріксіз қызығасың. Қызығасың да бағасы онша қымбат емес сондай көзілдіріктің бірін сатып аласың. Бірақ, оның ақырының денсаулығымызға қаншалықты қатер төндіретіндігін екінің бірі елеп, ескере бермейді.

Ғалымдардың айтуынша қазір өткен ғасырға қарағанда көзге түсетін салмақ 40 пайызға артқан. Ұйқыдан көзін аша сала теледидарды қосып, жаңа күнін қаптаған телеканалдардан беріліп жатқан түрлі хабарларға қадала қараудан бастайтын адамдар көздеріне  қаншалықты салмақ (далее…)

денсаулыкҚазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық» деген нақыл бар. Мұсылман дінінде де ерте тұру міндеттеледі, яғни әрбір мұсылман ерте тұрып таң намазын оқуы тиіс. Жалғыз ислам емес, барлық дәстүрлі діндерде ерте тұрып, құлшылық ету сол дінді ұстанушыларға міндет болып саналады.

Ерте тұру не береді?

Өкінішке орай, бүгінде әсіресе, қалада тұратындар күн шыққан соң, кеш оянуды әдетке айналдырған. Жұмыс күндері амалсыз сәл ертерек тұрғанымен, демалыс күндері жасыратыны жоқ тал түске дейін ұйықтайтындар аз емес. Кеш ұйықтап, кеш тұрудың қандай залалдары бар?

Ежелгі веда өркениетінен бастау алған адам денсаулығын нығайту жөніндегі байырғы ілім – аюрведа жердегі уақыт үш элементтің ықпалында болатынын айтады. Ол: от, су және ауа. Әрбір төрт сағат сайын қайталанып тұратын осы элементтердің әрқайссының өз ерекшеліктері бар. (далее…)

ашығуАшығудың пайдасы туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Десе де, көп адамдар осындай арзан әрі қолжетімді денсаулықты нығайтудың тәсіліне көңіл бөлмей жатады. Бүгінде белең алып кеткен жүрек, қантамыр ауруы, рак, асқазан аурулары, стресс, басқа да дерттердің бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатыны медицина қызметкерлеріне ғана емес, көкірек көзі ашық әрбір жанға жақсы белгілі.

Сумен қалай ашығуға болады?

Ашығудың әр түрі бар, ең залалсызы және пайдалысы – сумен ашығу. Оның мәні мынада: сіз тамақ ішіп-жемейсіз, тек суды ғана тұтынасыз. Бұның бір жақсы жері: су ішіп жүргендіктен, аштықты онша сезінбейсіз және аштық салдарынан болатын әлсіздіктен де аулақ боласыз. Сумен ашығу қиындықсыз өтеді және адам ағзасына көп пайдасы бар.

(далее…)

интуицияМи адам тәнінің басты ағзаларының бірі және оның тәннің қызметінде атқаратын рөлі өте зор. Әсіресе, ой қызметінде мидың сергек болып, қалыпты жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Осы орайда, миды жалқаулыққа жетелейтін жеті себеппен таныс болудың артықтығы жоқ. Ол себептердің қатарында мыналар бар:

Ұйқының қанбауы. Созылмалы ұйқысыздықтың денсаулыққа келтірер зияны аз емес. Дұрыс ұйықтамаған адам ұйқы басып шаршап жүреді және зейіні мен ми жұмысы әлсірейді. Адамдарға жақсы тынығып, дұрыс жұмыс  істеу үшін  күн сайын кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау  қажет. Дегенмен, кейбіреулер үшін  үш-төрт сағаттық ұйқы да жеткілікті.

– Стресс. Бүгінде белең алған дерттің бірі саналатын стрессті мойныңызға мінгізсеңіз, құтылу қиын болады.  Стреспен күресудің ең қолжетімді тәсілдерінің қатарында күнделік жазып отыру, психологтың кеңесін тыңдау, дене жаттығуларымен айналысу, ұйықтау мен тамақтану ережесін сақтау сияқты шаралар бар.

(далее…)

ниши жаттыгуы«Бірінші байлық – денсаулық» деген нақылды білмейтін адам жоқ шығар. Дегенмен де, осындай қарапайым ақиқатқа күнделікті өмірде мән беріп жатқан жандар аз.  Адамдар денсаулықтың қадірін тек аырғанда ғана біледі және олардың негізгі  денсаулықты сақтау тәсілдері – емханаға барып, дірігер жазып берген дәріні сатып алып ішумен шектеледі. Содан болар, бүгінде емханаларда кезек күткен адамдар легі жылдан жылға көбеймесе, азаяр емес.

Денешынықтыру жаттығулары не береді?

Күнде таңертеңгілік 15-20 минут денешынықтыру жаттығуын жасау адамға не береді? Бұл жөнінде медициналық терминдермен ғылыми тілмен баяндаудың еш пайдасы болмас, өйткені ондайларды көбіміз әржерден оқып, естіп жүрміз. Осы жайды қарапайым  ұғынықты тілмен, қисынға (логика) салып (далее…)

медитацияБүгінде емі жоқ дерттер қатары көбейіп барады. Мәселен, қант диабеті деген ауру ешқашан жазылмайды екен, оны тек дәрінің көмегімен аздап әлсіретуге, сөйтіп адамның өмір жасын ептеп  ұзартуға ғана болады. Сондай-ақ, обыр аталып жүрген рак, жүрек-қантамыр аурулары – бұлардың бәрі өмірде жиі кезедсетін және жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан жазылмас дерттер.

Ақылымен аурудан айыққан адам

Қазір әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Секрет» фильмінің бір кейіпкерінің бастан кешкен оқиғасына назар аударып көрелік. Қол-аяғы балғадай орта жастағы әлгі кісі жекеменшік  ұшағымен ұшып келе жатып, апатқа ұшырайды. Жерге құлаған ұшақтан аман қалғанымен, ауруханаға  аса ауыр (далее…)

шынығуБүгінде жасы 88-ге келген Бекболат Сәдуақасов ақсақал денсаулықты сақтау, ауырмау, ұзақ жасау әр адамның өз қолында деп санайды. Биылғы жылдың тамыз айында 88-ге толып, 89-ға аяқ басатын ақсақал ауру дегенді білмейді, емханаға бармайды және дәрі-дәрмек ішпейді.

Мен қалай арақтан тиылдым

1928 жылдың 17 тамызында дүниеге келген Бекболат ақсақал соғыс біткенде 18-ге толмағандықтан, соғыс сұрапылын көрмеген. Бірақ ол Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бұғанасы қатпай ерте еңбекке араласып, ұлы жеңіске өз үлесін қосты.

Еңбек жолымды Зеренді аудандық прокуратурасында қызмет істеуден бастадым, -дейді ақсақал. –Ол кезде жұрттың бәрі (далее…)

медитацияАуру адамға айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде ауырмай тұрмайды. Тәнін қинаған аурудан емделу үшін әркім әртүрлі тәсілді қолданып жатады. Адамдардың көпшілігі бұндай жағдайда емханаға барып, дәрігерге көрінеді және оның жазып берген дәрісін ішеді.

Дәрі ішу арқылы дерттен толайым жазылып кету мүмкін емес. Дәрі дерттің аздап күшін басып, уақытша тоқтатқанымен, ол көп ұзамай қайта оралады. Дертті ауыздықтаудың ең сенімді жолы денсаулықты сақтауға көңіл бөлу. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай және тиімді болмақ.

Медитация арқылы емделу.

Рэйки тәсілі медитация арқылы емделуге болатынын және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде көрсетіп отыр. Оны қолданған (далее…)

26Көз адамның шырағы. Шырағы сөнген пенде қараңғы қапаста қалмақ. Адам тәнінің барлық мүшелерінің алатын өз орны бар. Десек те, көздің орны ерекше. Қос жанардан айрылған адам нағыз кемтар мүгедекке айналмақ. Сондықтан көз жанарыңызды сақтаудың мәні өте зор. Блогымызда көз жанарын сақтаудың қарапайым тәсілдері жайында ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Көзді сақтауға арналған қарапайым жаттығулар

Көзді айналдыру
Алдыңызға тура қарап, содан кейін сағат тіліне қарсы бағытта 5 рет көзіңізді ақырындап айналдырыңыз. Содан кейін сағат тілі бағытымен 5 рет айналдырыңыз.
(далее…)

ашығуҚазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Аурудың көбі ас арқылы келетінін бүгінгі медицина да растайды. Асқазан ауруларының көбеюі, артық салмақ мәселесінің пайда болуы, орташа өмір сүру деңгейінің қысқарып, қартаюдың жеделдеу – бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдары десек, асыра айтқандық болмас.

Қалай тамақтанатыныңызды айтсаңыз, денсаулығыңыздың қандай екендігін айтамын.

Ертеректе бір кісі данышпан ғұламаға келіп «мынау менің ұлым, соның қандай екендігін және болашағы жайлы айтып беріңізші» деп сұрапты. Сонда данышпан «балаңыздың достарын әкеліңіз, сонда оның қандай адам екендігін айтамын» деген екен дейді. Сол сияқты бүгінде біреудің денсаулық жағдайының қандай (далее…)

Яндекс.Метрика