Архив рубрики «Дін»

Балаларды дінге тарту қаншалықты қажет?..

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айы келіп, көп адамдар мұсылманның бір парызы саналатын ораза ұстап жүр. Сол ауыз бекітіп, ораза ұстағандардың арасында мектеп жасындағы балалар да бар. Бұл қаншалықты дұрыс? Әлі өсіп, толыспаған  жас баланың күнұзақ нәр сызбай аш жүруі денсаулыққа залалды екендігі еш күмән туғызбайтын шындық. Бұл балаға оразаның физикалық жағынан келтіретін залалы. Ал әлі ақылы толмаған  баланы дінге тарту, бүгінгі ғылыми ұғым-түсінікке қайшы келетін уағыздарды санасына сіңіру – оның білімге деген ынта-ықыласын жоғалтып, діни соқыр сенімге, ақырсында фанатизмге ұрынуына әсер ететінін көзі ашық әркім жақсы біледі. Дінге бой ұрған бала мен діннен аулақ өскен баланың арасында жер мен көктей үлкен айырмашылық бар.

Өткен жылы көктемде әлеуметтік желіде жоғары сыныпта оқитын бүтін бір кластың балаларының сабақ уақытында столға бастарын қойып, ұйықтап отырғаны туралы видео таралды. Әлгі балалар түгел ораза ұстаған екен. Көктемде күн ұзақ, әрі ыстық кезде ауыз бекіту жас балаға ауыр тиетіні айтпаса да түсінгікті. Соған орай сабақ уақытында қалғып-шұлғып ұйықтап отыратын бала не түсініп, не қабылдайды?

Прочитать остальную часть записи »

Ислам діні болашақта өзгере ме?

Дәстүрлі діндердің көбінде, әсіресе ислам, христиан және иудей діндерінде оны ұстанушылар дінді ешқашан өзгермейтін, мәңгілік және бәрінен жоғары тұрған құбылыс ретінде қабылдайды. Шындығында, дін – бұл Аллаға құлшылық етудің әдістемесі іспетті. Ол әдістеме адамдардың интелектуалдық деңгейіне, салт-дәстүрі мен ұстанымдарына сай әр заманда өзгеріп отырады.  

Діни шарттар не үшін орындалады?

Кез келген мұсылманнан «дін мәңгілік пе?» деп сұрасаңыз «әлбетте, солай» деп жауап береді. Осылайша, қазіргі ислам дінін ұстанушылар дінді Алладан да биік қойып, Аллаған құлшылық етудің орнына ДІНИ ШАРТТАРАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ етіп жүр. Олар үшін ең бастысы – діни парыздарды орындау. Оны КІМ ҮШІН, НЕ СЕБЕПТІ орындап жатқандарымен еш шаруалары жоқ.

Менің таныстарымның арасында намаз оқитын, ораза ұстайтын, дін жолында жүргендер аз емес. Солардың бәрі өздерін кереметтей мұсылман, тақуа адам сияқты санайды. Бірақ, бір қызығы, олардың ешқайссы да Алла жайында, бақи дүние, өмірдің мәні, пайғамбардың өсиеттері мен өмірі жайында ештеңе айтқылары келмейді. Өзің арнайы сұрағанда бірлі-жарым сөзбен ықылассыз бірдеңе айтқан болады. Ал, өздерінше ондай жайларды еш ауыздарына алмайды.

Прочитать остальную часть записи »

Ислам діні мәңгілік деу дұрыс па?

Осыдан мың жарым жылдан астам бұрын Мұхаммед пайғамбар арқылы әуелі пышырап жүрген араб тайпаларының арасына таралып, кейін дін арқылы бастары қосылған жауынгер бәдәуилер арқылы жарты әлемге жайылған ислам діні  мәңгілік дін бе? Жалпы, мына фәни жалғанда мәңгілік не бар? Айналаңызға ақылмен ой сала қаарсаңыз, бәрінің өткінші жалған екендігін түйсінесіз. Бір кезде рим тарихшылары мен ақындары «Мәңгілік қала» деп атаған көне Рим қирандысы бүгінгі  батыстық сәулетпен салынған Римнің табанының астында көміліп жатыр. Оның қандай қала болғандығын біз білмейміз. Сол сияқты енді мың, он мың, миллион жылдан кейін ислам діні бола ма?

КСРО қалай құлады?

«Мызғымас елдердің мәңгілік одағы» деп елұранында шырқаған КСРО бүгінде келмеске кетті. Ал бір кезде бәріміз ол мәңгі өмір сүретіндей, мәңгі тұра беретіндей көретін едік. КСРО неге қирады?

Социализм, онан кейінгі сатысы саналатын коммунизм идеясы егер зер сала оқысаңыз, өте тамаша идея. Онда адамдардың теңдігі, туысқандығы, азаттығы нақты айтылған. Коммунимзмде «әркімнің керегінше, әркімнің қабілетінше» деген принцип бар. Қауым болып бірлесіп тірлік кешу, ортақ байлықты бірлесе пайдалану, әділ бөлісу – мыңдаған жылдар адамзат армандаған алтын қоғам емес пе?

Прочитать остальную часть записи »

Жұма күні балалар мектептен мешітке қашады

Қазақстанда 3 мыңнан астам мешіт бар екен. Біз мешіттің саны жағынан Өзбекстан мен Қырғызыстанды басып оздық. Орта Азиядағы ең үлкен мешіт, медресе Қазақстанда. Ресми мәліметтерге сай елімізде бүгінде 3 млн намазхан бар. Кеңес заманында кемпір-шалдар ғана намаз оқитын болса, қазір жас мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, студенттер, тіпті мектеп оқушылары намаз оқиды.

Әлеуметтік желіде бір оқырман былай деп жазады: «Кезінде қазақ оқу үшін медресе жағалап еді. Себебі оларда оқуға, білімге, білуге деген құлшыныс болды. Ал қазір мектептегі балалар мешітке қашып жүрген көрінеді. Мұғалімдеріне ескертпей.  Бұның алдын алмаса опат.  Ұлт үшін қауіпті. Мектепті тастап сабақ уақытында жұма намазға кеткен балалармен психолог жұмыс істеуі керек. Неге десеңіз, ол мешітке бару үшін, ұстазды да, білімді де, тәртіпті де бәрін ысырып тастады. Бұл желідегі псевдомұсылман, лаққан әнші блогерлердің жұмысының жемісі. Сосын қаптап шығып жатқан дін молдаларының (ұстаз) жұмысының нәтижесі. Елді шатастыру, қазақы қалыптан кетіру. Оқитын балаларымызды білімнен алыстату деген мәуелі бәйтеректің діңгегі мен бұтақ жапырағына тимей тамырын кескенмен бірдей. Түбіне балта шабу.  Бұндайларды тыю керек».

Прочитать остальную часть записи »

Діннің жағымды және жағымсыз жақтары

Кез-келген заттың немесе құбылыстың жағымды-жағымсыз, жақсы-жаман жақтары болады. Өйткені, мына фәниде барлығы екіжақты болып жаратылған. Осы тұрғыдан алғанда, дін, оның ішінде адамзат баласының негізгі бөлігі қолданып жүрген дәстүрлі діндердің де, жағымды және жағымсыз жақтары бар. Өкінішке орай, дәстүрлі діндерді ұстанушылар өз діндерін өзгелерден жоғары қойып, әрдайым біржақты баға береді және біздің ұстанымымыз ғана дұрыс деп санайды.

Дін адам санасын шектейді

Егер сіз кез-келген христиан дінін ұстанушыға Исус Христос құдай емес, біз сияқты адамнан жаралған пайғамбар ғана десеңіз, онда сізді кәпір атандырады. Сол сияқты сіз ислам дінін ұстанушы адамға Мұхамед пайғамбар ең соңғы пайғамбар емес, одан кейін де мыңдаған, миллиондаған пайғамбарлар болады десеңіз, ол үшін діннен шыққан кәпір болып саналасыз.

Ал, енді осы екі жайға ой қисыны негізінде назар аударып қаралықшы. Иса пайғамбар қаншалықты ғажайыптар көрсетіп, тіпті өлген адамды тірілтсе де, ол өзін ешқашан Құдаймын деп атаған жоқ. Мен христиандардың қасиетті кітабы – Інжілді ондаған рет қайталап оқыдым, сонда бір де бір жерінде Иса пайғамбардың өзін Құдаймын дегенін көрмедім. Оны қолдан Құдай жасап алған адамдардың өздері. Яғни,  бұл әлдекімдерге тиімді болған сияқты.

Прочитать остальную часть записи »

Теріс ағымдарға тиым салатын заң қажет

Соңғы айда жан-жақтан жаппай бас көтеріп,  түрлі талаптарын қойып, ұлттық салт-санамызға шабуылдаған сәләфиттердің әрекеті жағдайдың ушығып, ектен шыға бастағанын көрсеткендей болды. Алдымен, мектепке балаларымызды орамал тағып баруға рұқсат етіңдер деген талаптан басталған теріс ағымды ұстанушылардың шабуылы ұлттық аспабымыз домбыраны харам деумен жалғасып, өрши түсті.  Ал Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың журналистке берген сұхбатында айтқан алаяқтардың 80 пайызы намазхандар дегеніне шамданған сәләфиттер депутатқа телефон шалып, ашық қоқан-лоққы жасап, әлеуметтік желіде ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып не түрлі ғайбаттарды айтты.

Осы жайлардың бәрі әсер еткен болуы керек, бұрын дін тақырыбына онша жуи қоймайтын бірқатар депутаттар теріс ағымдардың теріс әрекеттеріне қатысты ой-пікірлерін ашық айтып тастады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи: «Тіпті, қоғамның шырқын бұзып, мемлекеттік тұтастыққа ауыз сала бастаған бұл жарықшақ қазақ халқының ұлттық бірлігі мен ұлттық даму дәстүріне және мың жылдық қазақи ислам салтына қарсы шабуылға айналған сыңай танытады. Бұл теріс діни үрдіс саяси сипат алып бара жатқан жоқ па деган де қатер бар. Себебі халықтың кемшін діни білім-танымын пайдаланған теріс топ жанталасып, бізге жалған рухани құндылықтар мен бөтен дәстүрлерді сіңіру қамын

Прочитать остальную часть записи »

Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар ма?

«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дейді қазақ. Бүгінгідей телефоны, интернеті жоқ ерте заманның өзінде отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге таралып жатса, қазіргі ақпараттық технологиялар шарықтап дамыған заманда айтылған әр сөздің әп-сәтте барша әлемге таралатыны ешкімге құпия емес. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, танымал айтыскер ақын Ринат Зайытовтың журналистке берген сұхбатында айтылған «алаяқтардың 80 пайызы намазхандар» деген сөзі шамдарына тисе керек, өздерін намазхан санайтындар оған жан-жақтан түтіп жердей  дүрсе қоя берді. Ақынды жақтап, қолдағандар да аз болмады. Бұл текетірес қазіргі қазақ қоғамындағы ашық айта қоймай бүркемелеп келген ащы шындықтың бетін ашып тастады. Қазақстан деп аталатын тәуелсіз мемлекетті құрып жатырмыз десек те, қазақ қоғамында біртұтас бірлік жоқ екен.

Депутат Ринат Зайытов журналистке берген сұхбатынан кейін болып жатқан жайлар туралы  блогердің сұрақтарына жауап бере отырып, өзіне үзбей қоңырау шалынып жатқанын, «құртамын, өлтіремін, айырамын» деп қорқытқандардың көптігін тілге тиек етті. Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Ринатқа арнап өлең жазып, намазхандарға тіл тигізгенің үшін Алланың қахарына ұшырайсың деп қорқытты. Мхамеджан Тазабеков те Зайытовқа осы айтқандарың үшін Алланың алдында жауап бересің депті. Жәрайды, олардың бәрі әсіредіндарлар, түрлі теріс ағымдардың өкілдері делік, тіпті ресми дін өкілі де намазхандардың 80 пайызы алаяқ деген жалған жала, олардың арасында бірлі-жарым күнәлілер бар шығар, бірақ ақынның айтқаны шындыққа жатпайды деп мәлімдеді.

Прочитать остальную часть записи »

Діни бөлшектену еліміздің тұтастығына қатер

Әлеуметтік  желіде Астанада тұратын бір әсіредіндардың үш қызын мектепке бермей үйінде ұстап отырғаны туралы  ақпарат тарады. Бес қыздың әкесі  әлгі азамат мектеп жасындағы, яғни 13, 10 және 9 жастағы қыздарын үйінен шығармай тек мешітке ғана апарады екен. Бәрі көшеге шыққанда беттеріне дейін матамен жауып, бүркеніп жүреді. 

Ал таяуда  еліміздің Батыс өңірінде бір әсіредіндар намаз оқымайды деп үш баласын пышақтап өлтіргені туралы жан шошырлық хабар таралды.  Сорақысы сол, әлеуметтік желіге салынған әлгі хабарға пікір жазғандардың арасында  жас балаларды өлтірген қанышердің әрекетін мақұлдап, тіпті мадақтап жазғандар да бар. Олардың пікірінше, намаз оқымайтын баланы өлтіріп тастаған сауап болатын көрінеді.

Қазір елімізде 3 мыңнан астам мешіт бар  екен. Екі миллионнан астам адам намаз оқиды.  Орта Азиядағы ең үлкен мешіт Астанада. Мешітке жұма намазына баратындардың арасында  колледж, университеттің студенттерін былай қойғанда, мектеп оқушалары да аз емес.  Қасиетті Рамазан айында жоғары сынып оқушыларының түгел ораза ұстайтындары айтылуда. Жастардың имандылыққа жүзін бұрып жатқаны қуанарлық іс, десе де, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты осы мәселенің залалды екінші қырының бар екенін ұмытпаған абзал.

Прочитать остальную часть записи »

Ислам діні не береді?

Ислам дінін ұстану арқылы адам нендей игілік табады? Ең алдымен, жүрегіне қайрымдылық, сабырлылық, нәпсіге берілмеушілік, жомарттық, кешірімділдік, сыпайылық, кішіпейілдік сияқты жақсы имани қасиеттерді орнықтырады. Ал бұның бәрі адамзат қоғамын биікке көтеретін игі қасиеттер. Сондай имани қасиет орныққан қоғам өркениет биігіне көтеріле алады. Егер тарихқа ой жүгіртіп қарайтын болсақ, қоғамның дамуына тікелей діннің әсері барлығын бағамдар едік.

Күнге, Айға, отқа табынған ежелгі заманда адамдар алғашқы қауымдық құрылыста өмір кешті және қарабайыр қарулармен қаруланып, күнкөрістері де ауыр болды, үңгірлерде тұрды немесе теріден лашықтар жасап алды. Ал, табиғаттың құбылыстарын басқаратын жарымқұдайларға табынған кезеңде құл иеленушілік қоғам орнығып, өркениет өрге басты. Қалалар, үлкен елді мекендер салынды, адамдар ғылым-білімге көңіл бөлді. Бір Құдайға табынатын кезеңде мемлекеттер пайда болып, феодалдық қоғам орнықты. Христиан, иудей, ислам, индуизм және буддизм діндері де осы кезеңде орнықты. 

Адамзат өркениетінің дамуы тікелей дінмен астасып, біте қайнасып, біріге өркендеп жататынын бағамдаймыз. Мәселен, ислам діні орныққан алашқы кезеңде Испаниядан Қытайға дейінгі аумақты алып жатқан алып ислам халифаты құрылып, онда әлемдік өркениеттің дамуына елеулі үлесін қосқан ғылым мен білім, мәдениет шарықтап дамыды. Сол кезде шыққан Әбунәсір әл Фараби, Ибн Сина, Абурайхан Беруни, математиканың незгізін салған Әл Жәбір сияқты ғалымдар көп болды, олар әлем өркениетін дамытуға тың серпін берді.

Прочитать остальную часть записи »

Буддизм дінінің шығу тарихы

Ең ежелгі дін саналатын индуизм діні 5 мың жыл бұрын негізі қаланды деген түсінік бар. Бес мың жыл бұрын ұлы ғұлама Вьясадева ежелден адамзат қолданып келген санскрит тілінде жазылған веда ілімдерін жаңа басталған Кали юга дәуірінің адамдарына лайықтап қайта жазды. Төртінші дәуір болып саналатын темір ғасыры, яғни Кали юга заманында адамдардың өмір жасы қысқарып, жады нашарлайды және дінсіздік пен күнәкарлық белең алады. Міне, осыны ескерген данышпан бұрын бүтін болып келген веда ілімін 4 бөлікке бөледі: Риг веда, Сама веда, Яджур веда, Атхарва веда. Вьясадева онымен де шектелмей, қараңғы түнек заманның адамдарына ыңғайлы және түсінікті болуы үшін ведаларға түсініктеме түрінде Шримад Бһагаватам кітабын жазады.

Осыдан 5 мың жыл бұрын басталған Кали юга заманы өз күшіне еніп, соған байланысты адамдардың арасында күнәкарлық күшейе түседі. Бұрын қолданылып келген веда ілімдері бұрмаланып, брахмандар басқаны қойып, ет жеуге көше бастайды. Олар құрбандық дегенді сылтауратып, жануарларды құрбанға шалуды көбейтеді. Осыны тыю үшін 2,5 мың жыл бұрын Үндістан аумағындағы саки тайпасының патшасының баласы Сидхарта Гаутама жаңа дінді ойлап табады.

Сидхарта Гаутама – жәй адам емес еді. Ол Құдайдың таралымы, яғни аватары болатын. Будданың келетіні туралы данышпан Вьясадева 5 мың жыл бұрын жазған Шримад Бһагаватам кітабында нақты айтқан. Кітапта адамдар құрбандықты сылтау етіп, жануарлардың қанын суша ағыза бастаған заманда, Тәңірі Будда келіп, жаңа діни қағидат орнатып, жануарларды өлтіруге тыйым салатындығы туралы айтылған.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика