Архив рубрики «Дін»

Ислам дінінің үш діңгегі

Егер сіз ислам дінін ұстайтын болсаңыз, міндетті түрде осы үш негізді басшылыққа алуыңыз қажет. Егер олай жасамасаңыз, онда істеген әрекеттеріңіз, орындаған діни парыздарыңыз түгел құмға сіңген судай жоқ болады. Яғни, сіз жасаған әрекет босқа кетеді.

Бұл үш діңгек: шариғат, тарихат және мағрифат деп аталады. Енді осыған аздап тоқтала кетелік. Шариғат – бұл ислам дінін ұстанушылардың ережесі іспетті. Онда нені айтуға болатыны немесе болмайтыны, нені ішіп-жеуге болатыны және тиым салынатыны, нендей әрекет жасау парыз және міндет болып саналатыны, нендей әрекеттен бойды аулақ ұстау қажеттігі нақтыланған. Бұл діни ереже-шарт. Егер сіз бұл ереже-шартты ұстанбасаңыз, оны ескермесеңіз, жасаған тағат ибадаттарыңыздан түк пайда болмайды. Мысалы, мұсылман баласына өтірік айтуға, өтірік куә болуға, балағаттауға, ұрыс-керіске баруға болмайды. Мұсылман Алланың атын атап баыздалған малдың етін және мұсылман үшін адал деп саналған тағамдарды ғана жейді, доңыздың етін жеуге, және Алланың атын атамай бауыздалған мал етін жеуге, иттің, мысықтың, есектің және басқа жануарлар мен аңдардың етін жеуге тиым салынады. Мұсылман баласына намаз оқу, ораза ұстау, хажға бару, садақа беру парыз етілген, зина жасау, кісі өлтіру, ұрлық істеу, қиянат жасау – күнә арқалататын жаман әрекеттер болып табылады.

Прочитать остальную часть записи »

Ислам дініндегі медитация

Дәстүрлі діндердің бәрінде рухани нәтижеге жетудің негізгі тәсілі ретінде – медитация, яғни ақыл-ойды шоғырлау қолданылады. Индуизм және буддизм діндерінде медитация рухани практиканың негізгі тәсілі саналса, христиан, ислам және иудаизм діндерінде ол қосалқы тәсіл ретінде ұсынылады. Дегенмен де, мына нәрсеге назар аударған жөн: медитация, яғни ақыл-ойды шоғырлаудың рухани нәтижеге жетуге өте үлкен ықпалы бар.

Қасиетті Құранда «Сендер шектен өте алмайсыңдар, бірақ та, бір қуаттың көмегімен өтуге болады» деген аят бар. Квантты физиканың дамуымен бірге қазір біз өмір кешіп жатқан әлемнің өзіміз ойлағандай қарабайыр емес, аса күрделі екендігі, сезім мүшелері арқылы сезіне алмайтын өзге әлемдер немесе өлшемдер бар екендігі дәлелденуде. Веда ілімі біз өмір кешіп жатқан Жер планетасының 9 аралдан тұратын Джамбудвипа деп аталатын құрлық екендігін жазады. Біз өмір кешіп жатқан жер – Бхарата варша деп аталатын құрлық. Әрбір арал мұхит арқылы бөлектеніп,  таумен қоршалған. Көрші аралдар бізге көрінбейді. Оны тек рухани дамыған әулие жандар ғана көріп, сезіне алады. Мәселен, бізге іргелес жатқан аралда өмір сүретіндердің өмір сүру жасы 10000 жыл екен. Олар ешқашан қартаймайды, ауырмайды және сымбатты сұлу болып келеді. Біз үшін ол ертегі сияқты.

Прочитать остальную часть записи »

Жалған пайғамбарлар қайдан шығады?

Соңғы жүз жылда өзін Иса пайғамбармын деп атаған адамдардың саны жүзден асып жығылады екен. Оған қоса, ақырзаман қарсаңында келеді, жер бетінде имандылыққа негізделген патшалық құрады деп хадистерде айтылған Мағдимін деушілер қатары да жыл санап қалыңдай түсуде. Біз сөз еткелі отырған адам да өзін Мағди немесе қазақша Мадимін деп атап, Алланың елшісімін деп жарияға жар салуда. Сонымен, бұл кісі шынында да Алланың елшісі ме, әлде пайғамбармын деп дабыра жасап жүрген жалған пайғамбарлардың бірі ме?

Пайғамбарлық қалай қонды?

Ютуб каналынан өзін Мадимін – Алланың елшісімін, екі дінді – ислам мен христиан дінін біріктіру үшін келдім деп жүрген азамат туралы оның өз аузынан айтылған видеосұхбаты бар екен. Құлақ түріп тыңдап, қарап шықтық. Оның өз айтуынша уақиға былай орын алған.

Бұл 1992 жылдың қыс айы екен. Жаңа жылды қарсы алу кеші болса керек. Ол кезде өзін Алланың елшісімін деп атап жүрген Бақытбай Сейітов – Бақиятулла Қарқаралы өңірінде тұрған. Кешкілік жаңа жылды қарсы алу үшін отбасымен дастарханда отырады. Дастарханда тамақпен бірге шампан қойылады.

Прочитать остальную часть записи »

Күнә дегеніміз не?

Дәстүрлі діндердің ережелеріне сай, күнә деген – бұл дінде белгіленген шариғат заңдарына қайшы келетін әрекеттер, яғни Алланың заңдарын бұзу. Мемлекеттің заңдарын бұзу заң шеңберіндегі жауапкершілікке ұшыратса, Алланың заңдарын бұзу да күнә болып саналып, бұл дүниеде жаман карма арқалау арқылы түрлі қиындықтарға тап болу, ал бақи әлемде тозақ отына өртену түрінде жазаға тартылады екен.

Жалпы алғанда, күнә деген ұғымның ауқымы біз ойлағаннан біршама кеңдеу. Діни шарттарға қайшы келетін істермен бірге адамдарға залал тигізетін жаман істер де күнә болып табылады. Мәселен, дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам дінінде қызмет бабын пайдаланып пара алу, мемлекет қаржысын жымқыру түріндегі жемқорлық туралы нақты түсініктер жоқ. Соған қарап,  өзіміз өмір кешіп жатқан қоғамда қылмыс болып саналатын бұндай әрекеттер күнә емес екен деуге болмайды. Бұл әрекеттер басқаларға залалын тигізеді екен, онда ол күнә болып табылады.

Сонымен, күнә дегеніміз: шариғат заңдарына қайшы келетін әрекеттер мен өзгелерге залал тигізетін істер деуге болады. Бірақ та, бұл да күнә ұғымының толық мәнін ашпайды.

Прочитать остальную часть записи »

Қандай әрекеттер жаман карма туғызады?

Біздің өмірімізді реттеп отыратын карма заңы туралы жалпылама жан-жақты түсінік алу бір басқа да, ең маңызды мәселе – өмір жолыңызды жауып, тірлігіңізді қиындататын жаман карма туғызатын әрекеттер жайында білу. Ең қуатты қару – білім, сіз сол білім арқылы болашағыңызды қиындататын жаман әрекеттерден аулақ бола жүріп, ертеңгі жарқын өміріңізге  жол ашасыз.

Ислам, христиан, буддизм, индуизм  және иудаизм сияқты дәстүрлі діндердің бәрінде өлгеннен кейін тозақ отына түсіріп, азапқа салатын ауыр күналар жайында айтылады. Дәстүрлі діндердің бәрінде дерлік аса ауыр күнә саналатын әрекеттердің барлығы да бір-біріне ұқсас, тіпті бірдей әрекеттер десек, артық айтқандық емес. Мәселен, зинақорлық барлық дәстүрлі дінде аса ауыр күнә саналып, қатты айыпталады.

Прочитать остальную часть записи »

Жауапкершілік – адамдардың ажырамас қасиеті

Біз жауапкершілік дегенді сезінеміз бе, жоқ па, оны мойындап, соған лайықты әрекет жасаймыз ба, жасамаймыз ба – оның бәріне қарамастан, әрбір пенденің мойнында туған күннен өлгеніне дейінгі өмір жолында түрлі жауапкершіліктер болады. Өкініштісі сол, адамдардың 90 пайызы сол жауапкершілік дегенді түйсінбейді және сондай надан әрекеттері арқылы өзіне ғана емес, айналасындағыларға да үлкен залалдарын тигізіп жатады. Міне, сондықтан да, оның баршамыз үшін өмірімізде ерекше  алар орны бар.

Өзін сыйламаған кісінің бетін қызыл шиедей етеді

Қазақтың осы нақылының ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды қай-қайссымыз да өмірден жиі кездестіріп жатамыз. Біреулер ондайға мән берсе, екіншілері назар аудармай, елеусіз қалдырып жатады.  Десе де, хайуандай емес, қызғаныш, намыс деп аталатын сезімдері бар саналы адамдардың көбі мұндай жайларды жүрегіне жақын қабылдап, соған күйініп, реніштерін білдіріп жататындары бар.

Прочитать остальную часть записи »

Жасанды түсікке ислам діні рұқсат ете ме?

Таяуда әлеуметтік желіден бір уағызшы имамның қажет болған жағдайда (егер  бала көтеруге денсаулығы келмесе) әйелдерге бала таптырмайтын спирал салдыруға және жасанды түсік жасатуға ислам дінінде рұқсат етіледі деген сөзі жарияланды. Әлгі имам бұл пікірін Құран аяттары мен Пайғамбардың хадистеріне сүйеніп айтамын депті.

Алланың кешірмейтін ең ауыр күнәсі

Веда ілімінде Жаратқан кешірмейтін ең ауыр күнә – жөргектегі жазықсыз сәбиді тұншықтырып өлтіру (яғни жасанды  түсік жасату) деп айтылған. Дәстүрлі діндердің бәрінде жасанды түсікті кісі өлтірумен бірдей аса ауыр күнә деп санайды. Тіпті, өткен ғасырларда христиан діні үстемдік еткен Батыс елдерінде жасанды түсік жасатқан адам өлім жазасына кесілетін.

Прочитать остальную часть записи »

Талибан тағы билікке келді

Қырық жылдан астам уақыт соғыстан көз ашпаған ауған елінде тағы билік  ауысты. Экстремистік, әсіредіншілдік көзқарастарымен белгілі болған бұрын да бір рет билікке келіп, біраз халықтың құтын алған дін оқушылары атанған тәлібтер тағы да қарудың күшімен билікті басып алды. Әсіредіндарлардан шошынған халық үйлерін тастап жан-жаққа қашып жатыр.

Нанға нәжіс жағып жеу

Иә, бұл өзі адамның жүрегін айнытатын іс, нанға нәжісті ақыл-есі дұрыс адам жағып жемейді. Десе де, көз алдыңызға осы жайды келтіріп көрсеңіз, оның қаншалықты жиіркенішті және өрескел болып көрінерін түйсінер едіңіз. Қазіргі әсіредіндар – тәлібтердің әрекеті де нанға нәжіс жағып жегенге ұқсайды.

Прочитать остальную часть записи »

Алла адамдарды сынай ма?

Таяуда Ютубтан бір мешіт имамының короновирус дерті адамдардың күнәсі үшін Алланың жазалауы емес пе деген біреудің сұрағына жауабын тыңдадым. Мешіт имамының айтуынша, барша әлемді қамтыған жұқпалы дерттің келуіне адамдарың күнәсінің еш қатысы жоқ. Бұл – Алланың адамдарға жіберген сынағы. Одан әрі мешіт имамы денсаулықты сақтаудың ислам дінінде уәжіп саналатынын, денсаулық үшін нақты әрекет ету қажеттігін айтты.

Сынақ деген не?

Бұл сұраққа бірер ауыз сөзбен жуап беру мүмкін емес, өйткені сынақ деген сөздің мағынасы өте кең. Сынақтың түр-түрі көп және соған байланысты оның мәні мен мазмұны да өзгере түседі. Мәселен, жар таңдаған қыздың жігітті сынауы. Бұл жағдайда қыз әлгі жігіт өзін бақытты ете ала ма, оның бойында өзі күткендей жақсы қасиеттер бар ма? –деген сауалдарға жауап тапқысы келеді. Егер жігіттің бойынан өзі күткендегідей жақсы қасиеттер байқалмаса, бойжеткен шешімін өзгертіп, оған жар болудан бас тарту құқығын сақтап қалады.

Прочитать остальную часть записи »

Мешітте болған зорлық нені көрсетті?

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің аумағында орналасқан мешіттің күзетшісі мешітке әруақтарға дұға оқыту үшін келген  18 жастағы бозбаланы қол-аяғын байлап қойып, бес сағат бойы зорлаған. Бұл жөнінде журналистерге жәбірленушінің құқығын қорғауды мойнына алған адвокат айтып берді. Естір құлаққа ерсі осындай оқиғаның басқа жерде емес, мешіттің ішінде орын алғаны жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызуда.

Мешіт имамы неге ақталады

Мешітте болған зорлық оқиғасына қатысты хабарды түсірген алматылық телеканалдың тілшісіне берген сұхбатында аталмыш мешіттің имамы, белгілі теолог Қайрат Жолдыбай бұл оқиғаға мешіттің еш қатысы жоқтығын айтып, ақталып әлекке түсті. Оның айтуынша, аумағы ат шаптырым  мешіт аумағын күзету келісім-шарт негізінде  алматылық күзет мекемесіне тапсырылған.  Күзетші сол мекеменің қызметкері.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика