Архив рубрики ‘Имандылық’

Таяуда мұсылмандардың қасиетті айы Мәуліт мерекесіне орай өткізілген алқалы жиында жиналған көпшіліктің алдында  Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит пен ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан екі бөлмелі пәтердің кілтін алты баланың анасы Алмагүл Еркінбековаға табыс етті. Күйеуі бірнеше жыл бұрын автокөлік апатынан қайғылы қазаға ұшырап, алты баламен жесір қалған әйел осы күнге дейін баспанасыздықтың зардабын тартып келген еді. Екі бөлмелі жайлы пәтердің кілті қолына тиген кезде  адамдарға деген ақ алғысын айтып тұрып, шыдай алмай  жылап жіберген. Шынында да, бұл баспаналы болудан әбден күдерін үзген келіншек үшін көктен түскендей күтпеген жүрекжарды қуаныш болып еді…

Бәрі де 2012 жылы сол тұстағы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісалының тұсында басталған. Сол кезде мешіттердің жанынан мұқтаж адамдарға қайрымдылық көмек көрсететін «Зекет» қоры құрылып, жұмысына кіріскен болатын. Алғашында қайыр-садақаға жиналған ақшаны мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағыттайтын қордың жұмысының ауқымы кейін келе кеңейіп, тек мұқтаж адамдарға түрлі көмек берумен ғана шектелмей, «Мектепке жол» сияқты акцияларға да белсене қатыса бастады.

(далее…)

нәпсіНәпсінің құлақ кесті құлына айналған, ар-ұяттан жұрдай, адамшылық қасиеттен айрылып, хайуаннан да төмен деңгейге түскен педофиль деп аталатын пенделердің қатары жыл санап көбейіп барады. Бойы бекіп, бұғанасы қатпаған қыз немесе ер баланы зорлап, бүкіл өміріне өшпес дақ түсіретін мұндай пенделер қайдан шығады?

Құдыретті – нәпсі

Адамның ақыл-ойын баурап алып, еріксіз өз дегенінен көндіретін және айтқанын істетіп, айдауына жүргізетін нәпсі атты күшке екі аяқты пенденің қарсы қояр жалғыз қаруы бар, ол – діни шарттарды орындап, шариғат жолымен жүру. Нәпсінің жетегіне ермеудің жалғыз амалы – осы.

Кез келген дәстүрлі дін нәпсімен күреске ерекше мән береді. Нәпсі деген жалғыз ер мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы емес, ол: мансапқа, атақ-даңққа, байлыққа, арақ-шарапқа, құмар ойындарына, басқа да осы дүниенің игіліктеріне деген құлшыныс.

(далее…)

сараңдықАтағымды шығарып, бай болсам, биік мансапқа қол жеткізсем деп армандамайтын адам кемде-кем. Ақыл-есі дұрыс адамдардың бәрі дерлік атақ, мансап және байлықты – өмірдің ең басты қызықтары және ең үлкен мәні деп санайды. Сол үшеуіне қол жеткізген адамды жұрт бақытты деп біледі. Шындығында солай ма?

Ақша мен атақ – ауру сияқты

Ауырғандықтың белгісі – дененің қызуы көтеріліп, қысымы артады. Бұл аурудың ең негізгі көрсеткіштері. Сол сияқты ақша мен атақ, мансап та адам үшін қан қысымының артуы немесе температураның көтерілуі сияқты дерттің белгісі саналады.

Қасиетті Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» деген аят бар. Бұны айтып тұрған – Алла. Ал, Абай айтқандай «Алланың Өзі де, сөзі де рас». Осы аятқа қарап, адамды Алла Өзіне құлшылық етуі үшін ғана жаратқанын ұғынамыз. Яғни, адам өмірінің мәні, екі аяқты пенденің ең басты міндеті – АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ.

(далее…)

махаббатХовард кедей отбасынан шыққан бала еді. Ол мектепке керекті кітап-дәптер алу үшін көшеге шығып ұсақ-түйекті сатып ақша табатын. Бір күні ешнәрсе сата алмады.Саудасы жүрмегені өз алдына қатты шаршап, шөл қысты. Бір жағынан қарны да аш еді. Содан бір үйдің есігін қағып, жүрек жалғайтын тамақ сұрағысы келді. Бірақ есікті жас келіншек ашты. Соны көрген бала ұялып: «кешіріңіз, ішетін су бар ма?» деп сұрады.

Жас келіншек баланың жүдеу жүзін көріп жаны ашып, қарны ашқан шығар деген оймен бір стақан сүт әкеліп берді. Бала сүтті асықпай, бойына сіңіре ішті. Содан кейін: «Көп рахмет. Сүт үшін сізге қанша қарызбын?» деді.

-Ешқандай қарыз емессің, -деді келіншек күлімсіреп. –Анам көрсеткен жақсылық пен жасаған көмегің үшін ақы талап етпе деп үйреткен еді, -деді.

-Ендеше сізге тағы да үлкен рахмет, -деді бала.

Ховард Келии ол үйден шыққанда тәні ғана нәр алып қоймай, рухани жағынан да жақсы әсерге бөленгенін сезді.

(далее…)

акшаБәрі де ақшаға сатылатын қазіргі нарық заманында бай болсам деп армандамайтын пенде жоқ шығар. Адамдардың көбі байлық үшін ар-намысын, тіпті жанын да сатуға әзір тұратын болды.  Жезөкше деп аталатын ақшаға тәнін сататын қыз-келіншектер, ар-ұяттан айрылып ақша үшін ұрлық істеп, кісі тонайтындар, пара алатындар – қай жерде де жетерлік. Ал сол адамдардың бәрі ақша, яғни байлық адамға бақыт әкеледі деген сеніммен осындай әрекеттер жасайды.

Ақша адамды ақымаққа айналдырады

Пышақ өз бетінше тұрғанда ешкімге ешқандай қатер төндірмейтін немесе игілік әкелмейтін – зат. Ал сол пышақ қылмыскердің қолына түссе ол айналасындағыларға қатер төндіретін суық қаруға, адам ағзасына операция жасайтын (далее…)

табандылықОйдан шығарылған түрлі діни ағымдарды былай қойғанда, әлем халықтары ұстанатын негізгі бес дәстүрлі дін бар. Олар: христиан, ислам, иудей, индуизм және буддизм діндері. Егер осы дәстүрлі діндерге назар аударып қарайтын болсақ, олардың бәрінде ұстанушыларына арналған реттеуші принциптер болатынын аңғарамыз. Индуизм мен буддизм діндері ет жеуге мүлдем тиым салса, ислам діні шошқаның етін жеу және арақ-шарап ішу харам деп санайды. Мұндай тиымдар христиан және иудей діндерінде де бар. Дәстүрлі діндерде неге мұндай шектеулер қойылған?

Күн тәртібінің құдыреті

18 жасымда ел қатарлы мен де әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышымды өтеуге бардым. Бұрын ұйқым келгенде ұйықтап, тамақ ішкім келген кезде тамақтанып еркін жүруге үйреніп қалған (далее…)

тәубе«Саентология шіркеуі» деген су жаңа дін ойлап тапқан Рональд Хаббард деген жалған пайғамбар Інжілдегі Иса пайғамбардың «Құдай бай, әрі жомарт, Құдайдан қалаған тілектеріңді алуларыңа болады, неге Құдайдан сұрамайсыңдар» деген сөзін басшылыққа алып, әлемдегі ең бай адамдардың біріне айналыпты.

Алладан медет тілеп, аурудан айықтырады

Осыдан біраз жыл бұрын Атбасар қаласында аудандық газетте қызмет істедім. Сонда еліміздің оңтүстік облыстарының бірінен келген емшімен кездесіп, сөйлескен едім. Әлгі емшінің емдеу (далее…)

исламИслам діні тарихында елеулі орын алған пайғамбардың (с.а.с) ең жақын серіктерінің бірі және алғашқы төрт халифтің бірі болып, дін исламды әлемге таратуға зор үлесін қосқан Осман ибн Аффанның өмірі барша адамзат баласына үлгі-өнеге боларлық.
Оның бойында адалдық, кішіпейілдік, жомарттық, сыпайылық, ержүректік, сабырлылық сияқты мұсылман баласына тән имандылық қасиеттердің бәрі молынан табылатын. Пайғамбарымыздың екі бірдей қызы Рұқия мен Үммүгүлсімге үйленгендіктен Зун-нуриан- екі нұр аталған Осман бар өмірін ислам дінін таратуға және пайғамбарға қызмет етуге бағыштады.

Ислам дінін қабылдауы.

Әкесінен мұраға көп байлық қалған Осман сауда жасап, көп елдерді кезеді. Ол Әбу Бәкір Сыддықтың жақын досы болды. (далее…)

байлануПайғамбарымыз (с.а.с) нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін жалғасады деген екен. Адамның қас дұшпаны саналатын нәпсіні жау санайтындар өкінішке орай көп емес. Керісінше жұрттың көпшілігі отқа тамызық тастаған сияқты күйіп жанған нәпсіні онан әрі қоздыру арқылы мол рахатқа кенелеміз деген түсініктің жетегінде.

Нәпсі деген не?

Нәпсіге қарсы күресу үшін ең алдымен оның не екендігін, табиғатын біліп алуымыз шарт. Бһагавад Гитада адамдарды еріксіз түрлі жаман күнәкар істерге итермелейтін күш – нәпсі (далее…)

тамұқ«Ақылды адам ажалды күн сайын ойлайды, ақылы аз адам айына-жылына бір рет ойлайды, ал ақылсыз пенде ажалды жаны иегіне келгенде бір-ақ ойлайды» деген сөз бар. «Өзекті жанға бір өлім» демекші, ажалдан қашып құтылушы жоқ.

Ажалды ойлау адамға не береді?

Әулиелер, тіпті пайғамбарлар да ажал қармағынан құтылмаған.
Ажалды ойлау адамға не береді? Ең алдымен пенде мына фәни (далее…)

Яндекс.Метрика